72
нақты деңгейінің орташадан ауытқуында тренд үлесі 60,8%, маусымдық
құбылулардың үлесі 31,6% болса, жалпы ауытқуға кездейсоқ факторлардың
әсері үлкен емес. Демек, сүт өндірісінің маусымдылығы сүт нарығындағы
бағаның динамикалық ерекшеліктерін анықтайтын негізгі фактордың бірі
болып санала алады.
Сонымен, тәуекел жағдайында шешім қабылдау барысында кәсіпорынның
максималды табыс алуға деген ынтасы ғана емес, сонымен қатар оған қол
жеткізудің кепілдендірілген деңгейі де ескерілуі тиіс. Сол себепті жоспарлы
шешімдердің тиімділігін бағалаудың ең ұтымды критерийі болып –
кепілдендірілген максималды күтілетін табыс санала алады.
2.3 Кәсіпкерліктің
іскерлік
субъектілерінің
этикалық
және
мәдениеттілік деңгейінің нәтижелігі
Этика проблемалары туралы адамдар ұстанатын айқындамалардың сан
қырлы көптігі біздің моральдық ережелерімізді бұзатын қарсы қимылдардың
болуынан деп түсіндіріледі. Іскерлік қимылдардың меркантильдік мүдделерін
қолдайтын адамдар, егер бұл проблема болса, онда мұны қатал өзіндік бақылау
жолымен жақсырақ шешуге болады деп есептейді. Бұл айқындаманы сы-
наушылар адамдардың қылықтарын сырттан реттеу арқылы шешуге болады
деп есептейді. Өкінішке орай, адам тәртібін реттеудің тікелей әдісіне көшуге
асыққандықпен қараған тәртіпке қатал өзіндік бақылау болуын сынағандар да,
жақтаушыларда жұмыс орындағы тәртіптің дұрыс болуы сияқты маңызды
мәселені көзден таса қалдырып отыр. Осының салдарынан бизнес этикасы
жөніндегі кең тараған әдебиеттердің көпшілігі адам үшін пайдасыз болып
қалуда.
Іскерлік өмірде орныққан тәртіптерді сынаушылар әрқилы ситуацияларда
қалай дұрыс әрекет жасауға болатыны хақында сұрақтар беретін көрінеді.
Рольф Нейдер іскерлік өңірдегі тәртіптердің сыналатыны туралы айта келіп,
сыншы корпорацияны тұрғылықты тоқтатуға, монополизмді жоюға өнімді
сатпауға, қызметшілерді қорқынышты қатерге душар етпеуге, корпорацияда
жұмыс істейтін саналы адамдарға зорлық жасамауға және бүгінгі адамдармен
болашақ ұрпақтардың өмір сүру құкын қорғауды бастауға шақырады деп
жазады.
Нейдер бүтіндей барлық корпорацияларда адамдар тәртібін едәуір
өзгертуге шақырады. Бұған жету құралы оның пікірі бойынша, іскерлік
белсенділікке бақылау жасау жөніндегі шараларға
адамдардын неғұрлым кең де
белсенді қатысуы, сондай-ақ осындай бақылаудың тиімділігі көп болуына жету
болмақ. Алайда Нейдердің әдісі нақты ұйым шеңберінде қызмет бабындағы
міндеттерді орындау кезінде әрқилы жағдайларға кезіккен адамдар алдында
тұрған тікелей диллемаға (екі ұдайға) қатысы жоқ. Бұл адамдар өз ұйымының