Республикасында



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет26/48
Дата10.11.2018
өлшемі1,49 Mb.
#18865
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48

 
63 
 
Кесте 12 
Кәсіпкерлік қызметтегі қауіп-қатер деңгейі 
Шығын деңгейінің болу мүмкіндігі 
Ш1 
Ш2 
Ш3 
Ш4 
Ш5 
Зиян деңгейінің болу мүмкіндігі 
В1 
В2 
В3 
В4 
В5 
 
Бірінші жолға = пайда, кіріс, шығын, түсім жазылады. Ал, екінші жолға- әр 
зиян деңгейі жазылады. Мұны қисық арқылы да жазуға болады: 
Кәсіпкерліктің қауіп-қатерін бағалауда уақыт факторының маңызы аса зор. 
Біріншіден,  тәуекелділік  кәсіпкерлік  жобаны  жүзеге  асыру  уақыт  ұзақтығына 
тікелей  байланысты.  Сондықтанда  жобаны  ең  аз  мерзімде  жүзеге  асыруды 
талап етеді. 
Екіншіден,  зиян  шегу  мүмкіндігі  уақытқа  байланысты  өзгеріп  отырады. 
Бұған орай жобаланған ең бастапқы және ағымдағы күнделікті кездесетін қауіп-
қатер  зардабынан  болатын  зиянды  бөліп  қарауға  болады.  Жобада  белгіленген 
шығынға  қарағанда,  ол  жобаны  жүзеге  асыру  кезіндегі  ағымдағы  қауіп-қатер 
нәтижесіндегі зиян асып кетуі де мүмкін.  
Барлық  зиянды  кәсіпкерлік  қызметтің  түріне  қарай:  материалдық,  еңбек, 
қаржы  және  басқа  арнайы  болатын  шығыны  деп  төртке  бөлуге  болады  (сурет 
9): 
Материалдық  зияндарға  кәсіпкерлік  жобада  қаралмаған  және  қосымша 
немесе  тікелей  жолмен  жұмсалған  (не  жойылған)  материалдық  объектілерді 
жатқызуға болады.  
Бұл  зияндарды  бір  өлшеммен  өлшеу  мүмкін  емес,  сондықтан  да 
тәжірбиеде  жоғалған  материалдық  объектілердің  бәрін  ақша  формасында  ғана 
есептеуге тура келеді. Еңбек шығынына уақыт өлшемі алынады, бұл кездейсоқ 
жағдайлар нәтижесінде болуы мүмкін. Тікелей еңбек шығынын адам-сағат, күн, 
апта,  ай  т.б.,  сонан соң  бір  сағаттың  құнына көбейтуге  болады.  Ал,  қаржылай 
зиян тікелей ақша өлшемімен есептеледі.  
 
 В    
Вв 
  0,8 
 

Вдп 
  0,6 
   

 Вкр 
  0,4 
                         3 
    
Вкт 
   0,2 

 
 
 
     0 
П1 
П2 
П3 
П4 
П 
 
Сурет 9. Қауіп-қатер аймағы 


 
64 
 
Мәселен,  уақыт  шығынына  мынандай  мысалды  алуға  болады,  айталық 
кәсіпкерлік қызметінің үрдісі белгіленген мерзімінен көп кеш басталды. Демек, 
біраз уақыт зая кетті, соның бәрін есептеуге де болады: сағатпен немесе күн т.б. 
Бұдан  басқа  белгілі  бір  бағыттағы  арнайы  кеселдер  де  кездеседі.  Бұған 
адамның  денсаулығына  адам  өміріне,  қоршаған  ортаға,  кәсіпкердің  арына 
нұқсан  келтіретін  әлеуметтік-моральдық  және  психологиялық  фактор 
нәтижесінде болатын жағдайларды жатқызуға болады.  
Кәсіпкерлік  қызмет  түріне байланысты  зиян  құрылымын былайша бөлуге 
болады: өндірістік, саудалық (коммерциялық) және қаржылық.  
Өндірістік  саладағы  кәспікерліктен  шегетін  зиян  түрлеріне  мыналарды 
атауға  болады:  еңбек  өнімділігінің  кемуі  нәтижесінде,  құрал  жабдықтардың 
босқа тұруы салдарынан немесе өндіріс қуатын толық пайдаланбаудан өндіріс 
көлемінің кеміп кетуі әйтпесе өнім сатудың азаюы. 
Мұнымен қатар өндірістік шығынға өнім сапасының төмен болуынан оның 
сату  бағасының  кемуі,  нарық  конъюнктурасының  ауытқуы,  сұранымының 
азайып кетуі кәсіпкерлерді көп шығынға ұшыратады. Бұған салықтың шамадан 
тыс артуы да әсер етеді. 
Сонымен  қатар  сауда  саласында  да  кәсіпкерлер  зиянға  ұшырауы  мүмкін. 
Мәселен,  жобада  ескерілмеген  жағдайларға  байланысты  тауардың  сатып  алу 
бағасының қымбаттауы кәсіпкер түсімін азайтады.  
Мұнымен  қатар  айналым  үрдіснде  де  тауардың  кейбір  бөлігін  кәсіпкер 
жоғалтуы  мүмкін.  Айталық,  өнімді  сақтау  немесе  тасымалдау  сатыларында 
кездеседі. Өнім сапасын кеміту нәтижесінде тауар құнының кемуі, немесе баж 
салығының  артуы,  айып  төлеу  және  басқада  қосымша  шығындардың  көбеюі 
болады. 
Кәсіпкерлер  қаржы  саласында  көптеген  зиян  шегуі  мүмкін,  бұны  сауда 
саласына  да  жатқызуға  болады.  Мұнда  тауар  ролінде  бағалы  қағаздар  валюта 
болуы  мүмкін,  уақытылы  төленбеген  қаржы  агенттігінің  төлемі,  ақша-валюта 
бағамының өзгеруі мүмкін. 
Сонымен  экономиканың  қай  аясында  болмасын  кәсіпкер  тәуекелділік 
жасап қаржы жұмсайды, бірақ оның пайда алуына ешкім де кепілдік бермейді. 
Сондықтан да тәуекелділік жасау бір негізге сүйену керек. Ол негіз алдын-ала 
алынған ақпарат мәліметтері болуға тиіс.  
Тәуекел – жеке кәсіпкерлік субъектісінің қызметі нәтижесінде салдарының 
ауырлық  дәрежесі  ескеріле  отырып,  адамның  өмірі  мен  денсаулығына, 
қоршаған  ортаға,  мемлекеттің  мүліктік  мүдделеріне  зиян  келтірудің 
ықтималдығы. 
Тәуекелдерді  бағалау  жүйесі  –  бақылау  және  қадағалау  функцияларын 
жүзеге  асыруға  уәкілетті  мемлекеттік  орган  тексерулерді  жоспарлау 
мақсатында жүргізетін іс-шаралар кешені. 
Тәуекел  дәрежесін  бағалау  критерийлері  –  жеке  кәсіпкерлік  субъектісінің 
тікелей  қызметімен,  салалық  даму  ерекшеліктерімен  және  осы  дамуға  әсер 
ететін  факторлармен  байланысты,  жеке  кәсіпкерлік  субъектілерін  әртүрлі 


 
65 
 
тәуекел  дәрежесіне  жатқызуға  мүмкіндік  беретін  сандық  және  сапалық 
көрсеткіштердің жиынтығы. 
Жалған  кәсіпорын  –  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес 
құрылуы  және  (немесе)  оған  басшылық  етілуі  соттың  заңды  күшіне  енген 
үкімімен  не  қаулысымен  жалған  кәсіпкерлік  деп  танылған  жеке  кәсіпкерлік 
субъектісі.  
Жеке  кәсіпкерлік  субъектілері  тәуекел  дәрежесіне  қарай  жоғары,  орташа 
не  төмен  тәуекел  топтарына  жатқызылады  және  олар  үшін  жоспарлы 
тексерулер жүргізудің: 

 
жоғары тәуекел дәрежесі кезінде – жылына бір реттен; 

 
орташа тәуекел дәрежесі кезінде – үш жылда бір реттен

 
төмен  тәуекел  дәрежесі  кезінде  –  бес  жылда  бір  реттен  жиі  емес 
кезеңділігін айқындайды. 
Тәуекелді  бағалау  критерийлерін  анықтауда  салық  қызметі  органдары 
салық  төлеуші  ұсынған  салық  есептілігінің  деректеріне,  уәкілетті органдардан 
алынған  мәліметтерге,  сондай-ақ  салық  төлеушінің  қызметі  туралы  басқа  да 
құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады. 
Тапсырылған салық есептілігі бойынша мәліметтерді талдауды іске асыру 
үшін  салық  төлеушілердің  дербес  шоттары  бойынша  бұрынғы  жүргізілген 
салық  тексерулерінің  нәтижелері  туралы,  салық  есептілігінің  мерзімінде 
тапсырылуы туралы, салық төлеушінің тіркелу деректері туралы және басқада 
салық  органдарының  өкіміндегі  салық  төлеушілер  туралы  мәліметтер 
пайдаланылады.  
Тәуекелді бағалау критерийлері мынадай тәртіпте анықталады (кесте 13):  
 
Кесте 13 
Тәуекелді бағалау критерийлері мен ерекшеліктері 
 
№  Тәуекелді бағалау критерийлері 
 

ортасалалық 
салықтық 
жүктеменің 
коэффиценттік 
белгісінен 
төмен 
салық 
төлеушінің 
салықтық 
жүктемесінің коэффицентті: 
25 пайыздан аз болса - 10 балл; 
25  пайыздан  50  пайызға  дейін  -  20 
балл; 
50  пайыздан  75  пайызға  дейін  -  30 
балл; 
75 пайыздан артық болса - 60 балл. 

жалған  кәсіпорындармен,  әрекет 
етпейтін  салық  төлеушілермен 
және  сот  олардың  тіркеуін 
заңсыз 
деп 
таныған 
кәсіпорындармен,  сондай-ақ  сот 
кәсіпкерлік 
қызметті 
жүзеге 
асыру  ниетінсіз  деп  таныған 
мәмілелерді жүзеге асыру: 
 

 
егер  мәмілелер  сомасы  500  мың 
теңгеге дейін болса, онда – 5 балл; 

 
егер  мәмілелер  сомасы  500  мың 
теңгеден  10  млн.  теңгеге  дейін  болса, 
онда – 20 балл; 

 
егер  мәмілелер  сомасы  10  млн. 
теңгеден артса, онда – 60 балл; 


жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау