25
Шумпетердің ойынша, қоғамның экономикалық дамуындағы кәсіпкер
негізгі бейнесі болып келеді, үнемі «жасампаз қиратуын» жүзеге асырып
отырады. Классиктерге негізделіп, қазіргі экономист зерттеушілер кәсіпкерлікті
кеңінен қарастырып және оның қоғамдық ұдайы өндірістегі, әсіресе өтпелі
дәуірдегі рөліне ерекше көңіл аударуда.
Кәсіпкер түсінігінің қалыптасу эволюциясы тауар және қызмет көрсету
түрлерін өндіру, айырбастау және бөлу үрдістерінің қалыптасу тарихымен және
ғылыми-техникалық прогресс деңгейінің дамуымен байланысты (Кесте 1).
Кесте 1
«Кәсіпкер» және «Кәсіпкерлік» түсінігінің эволюциясы
Уақыты Анықтаман
ың авторы
Анықтаманың мәні
Орта
ғасыр
-
Кәсіпкер – ірі көлемді құрылыс немесе өндірістік
жобаны орындауға
жауапты адам
1770ж
А.Тюрго
Кәсіпкер тек нақты ақпараттарды ғана емес,
капиталды да
иеленуі керек
1776ж. Адам Смит Кәсіпкер – кәсіпорын иесі және коммерциялық пікірді
жүзеге асырушы. Негізгі қызметі – нарықтық
шаруашылық жағдайында өндірісті басқару және
ұйымдастыру.
1797ж. Карно Бодо Кәсіпкер – бұл алған ісіне жауап беретін:
жоспарлайтын, бақылау жасайтын, ұйымдастыра
алатын және кәсіпорынды иеленетін тұлға.
1830ж. Жан Батист
Сэй
Кәсіпкерлік – нарық кеңістігіндегі белгілі нүктедегі
өндіріс факторының ұтымды комбинациясы. Кәсіпкер
– бұл өндіріс бірлігінің аймағында адамдарды
ұйыдастырушы.
1876ж. Фрэнсис
Уокер
Кәсіпкер – бұл өзінің ұйымдастырушы қабілеттілігі
арқасында пайда алатын адам.
1890ж. Альфред
Маршал
Әрбір ынта білдіргеннің бәрі кәсіпкер бола алмайды.
Кәсіпкер «табиғи» іріктеу заңына сәйкес жүреді.
1910ж. Макс Вебер Кәсіпкерлік қызмет – бұл ұтымдылықты жүзеге асуы
(ал, ұтымдылық деп, ол фукционалды тиімділікті
түсінді: салынған қаржыны пайдаланудан жоғарғы
түсім алу)
1911ж
Иозеф
Шумпетер
Кәсіпкерліктегі ең бастысы – инновациялық қызмет.
Ең бастысы «...басқалар істемейтін істі істеу» және
«...олар істегеннен басқаша істеу»
27
Сонымен шетел әдебиетінде кәсіпкерліктің негізіне экономиканың
әлеуметтік бағыттағы атқаратын қызметтері алынады. Қазіргі экономикалық
әдебиеттерде кәсіпкерліктің іс-әрекеті мен оның нәтижесін белгілеуі жағынан
жаңа тәсілі қалыптасқан. Сондай-ақ «Үлкен экономикалық сөздікте» мынадай
анықтама берген: «Кәсіпкерлік - бұл пайда алуды мақсат еткен ұйымдық-
құқықтық формасымен белгіленген шектеулі азаматтардың және олардың
бірлестіктерінің инициативті және дербес әрекеті» [15]. Кәсіпкерліктің бұған
ұқсас анықтамалары көп оқулықтарда және ҚР-ның құқықтық актілерінде
келтіріледі.
Қазіргі кезде кәсіпкерлік әртүрлі көзқараста қаралады: шаруашылықты
жүргізу стилі ретінде, нарық жағдайында қызметті ұйымдастыру және жүзеге
асыру үдерісі ретінде өзара әрекетте болатын нарық субъектілері ретінде және
т.б.
Біздің пікірімізше қазіргі кезеңдегі кәсіпкерлікке былайша анықтама
беруге болады: «Кәсіпкерлік – халықтың тауарға (жұмысқа, қызметке) деген
сұранысын қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, өз атынан
мүліктік
тәуекелге баратын, инициативті қызмет».
Кәсіпкер кез-келген шаруашылық қызмет түрін жүргізуі мүмкін, егер ол
заңға қайшы болмаса, мәселен: коммерциялық, делдалдық, сауда-саттық, кеңес
беру және
басқа да қызметтерді, сондай-ақ бағалы қағаздар операциясы.
Кәсіпкер – бұл жаңашыл, күнделікті өмірге коммерциялық негізде жаңа
тауарды, жаңа өндірістік технологияны, бизнесті ұйымдастырудың жаңа
формасын әкелетін тұлға.
Біздің республикамызда кәсіпкерліктің дамуы 1987 жылы кооперация
туралы заң қабылданған соң басталды. Жалпы алғанда, бұрынғы Кеңес
Одағында кәсіпкерлік кооперативтер немесе шаруашылық субъектілерінің
жасырын түрінде әрекет еткен. «Қайта құру» дәуірінде жаңа кооперативтер,
шын мәнінде шамалы айырмашылықпен капиталистік, тіпті шағын меншік
фирмалары пайда болған. 1991 жылдың соңынан бастап кәсіпкерлік меншік
ресми түрде дамытылуда. Оның орталықсыздандыру талабына сәйкес мемлекет
саясаты әуелі
жанама жолмен, содан кейін тікелей қолдауына көшті.
Кәсіпкерлік өзінің қалыптасу және даму барысында Қазақстанда мынадай
кезеңдерден өтті.
Бірінші кезең, 1980-1991 жылдар аралығында ҚР-да кәсіпкерлік қызмет
өзінің басын КСРО кезіндегі қайта құру кезеңінен бастады. Сол кезде елімізде
жеке еңбектік қызмет туралы, кооперация туралы, бірлескен кәсіпорындар
туралы, заңдар қабылданды. Осы кезде мемлекет тарапынан бірнеше жеңілдік
шаралары қолданылды. Осының арқасында экономикада бөлшек сауда
орындары, қоғамдық тамақтандыру туралы өнімді өндеу кәсіпорындары сияқты
кооперативтік қозғалыстар күрт дамыды. Елімізде тауар тапшылығы жойыла
бастады, яғни Қазақстанда кәсіпкерлік қызметінің фундаменті кооперативтер
құралды. 80-шы жылдың аяғында 90-шы жылдың басында кооперативтердің
саны 20 мыңға жуық болды. Ондағы жұмыс істейтің жұмысшылар саны 300