33
«Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы қаңтардың 31-і, №124-III
Қазақстан Республикасының заңында, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
мен дамыту былайша атап көрсетілген:
1) қаржылық
қолдау көрсету;
2) шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының желісін ұйымдастыру;
3) бизнес-инкубаторлардың қызметін ұйымдастыру;
4) бір жылдан астам пайдаланылмаған мемлекеттік меншік объектілерін
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сенімгерлікпен басқаруға
немесе жалға беру;
5) өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету сапасын
дамыту үшін жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға берілген объектілерді
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне Қазақстан Республикасының
үкіметі белгілеген тәртіппен көзделген шарттарды олар орындаған жағдайда
шарт жасасқан кезден бастап бір жыл өткен соң өтеусіз беру жолымен жүзеге
асырылады.
Республикадағы тиімді нарықтық экономиканың дамуы үшін шағын
кәсіпкерліктің маңызы, оның құрылымды қалыптастырушы факторы ретіндегі
рөлімен анықталады және мына жағдайларды қамтамасыз етеді:
халықтың барынша
жұмыспен қамтылуын;
бәсекелестік
ортаның дамуын;
нарықтың тауарлар мен қызмет көрсету түрлерімен толығуы және халық
кәсіпшілігін қайта жаңарту;
жергілікті билік органдарының экономикалық базасын нығайту;
ауылды, кіші және орташа қалаларды дамыту.
Жұмыстың осы бөлімінде жүргізілген талдау нәтижесінде мынандай
қорытынды жасауға болады:
-
кәсіпкерліктің
мәні
туралы
ғалым-зерттеушілердің
теориялық
көзқарастары, оның қалыптасуы мен
даму эволюциясын сипаттайды;
-
кәсіпкерліктің қалыптасуы кезеңдермен талданып, әртүрлі ғылыми
көзқарастарға өзіндік
пікір айтылып бағаланды;
-
Ресей және отандық ғалымдардың кәсіпкерлік, оның мәні, түрлері және
теориялары жөніндегі пікірлері қаралды;
-
Кәсіпкер - жаңа мүмкіншіліктерді іздеудің қозғаушы күші ретінде
болатыны көптеген зерттеушілер пікірімен мақұлданды.
1.3 Кәсіпкерлік қызметтің мәні, жүйесі және қағидаттары
Кәсіпкерлік қызмет - бұл тұлғаның ерекше қабілеттілігін жүзеге асыру.
Мұның өзі өндіріс факторларын инновациялық тәуекел тәсілі негізінде ұтымды
біріктіріп, жалғастыру түрінде көрінеді. Кәсіпкер өндірісте жаңа техниканы
және технологияны пайдаланады, еңбекті жаңаша ұйымдастырады, басқаша
басқарады, мұның өзі өндірістік жеке шығындарды азайтуға мүмкіндік
туғызады және соның негізінде баға белгіленеді. Кәсіпкер маркетингтік