90
91
3. Неліктен Абайды «Телқоңыр» деп атаған?
4. Абайдың аяқталмаған поэмасы.
5. Абайдың дүниеге көзін ашқан не?
6. Оның аудармалары.
ІІІ. Жаңа сабақ. Абайдың табиғат лирикасы жайында
сөз етерден бұрын «лирика» сөзіне оқушылардан
түсінік алынып, сыныпты табиғат көрінісі бейнеленген
пазл арқылы екі топқа бөлеміз.
І топ – «Жаз», «Күз» тобы (1886-1888ж.)
ІІ топ – «Қыс», «Жазғытұры» тобы (1888-1890ж.)
Жарыс бес бағыт бойынша өткізіледі.
І. Поэзия. ІІ. Теория. ІІІ. Ән-күй. IV. Этнография.
V. Экология.
Әр бағыттың арнайы сұрақ тапсырмалары бар.
І бағыт. Поэзия.
1-тапсырма. Әр топтың мүшелері 2 шумақтан бірін-
бірі жалғастырып, мәнерлеп жатқа оқиды.
2-тапсырма. Әр топ өздеріне арналған сұрақтарға
жауап береді.
І топ –«Жаз», «Күз» тобы.
А) Өлеңде күздің қандай белгілері суреттелген?
Ә) Көшпелі ауыл тұрмысы өлеңде қалай берілген?
ІІ топ – «Қыс», «Жазғытұры» тобы.
а) Абайдың қысы қандай бейнеде көрсетілген?
ә) «Жазғытұры» өлеңіндегі ел қуанышы.
ІІ бағыт. Теория.
І топқа: Эпитет дегеніміз не? «Күз» өлеңінен мысал
келтір.
ІІ топқа: Кейіптеу дегеніміз не? «Қыс» өлеңінен
мысал келтіру.
ІІІ бағыт. Ән-күй.
- Абайдың табиғат туралы әндерін қай топ жақсы
айтады?
IV бағыт. Этнография. Әр топқа Абай өлеңдерінде
кездесетін қазақтың көне тұрмысына, шаруашылығына
қатысты сөздеріне түсінік беру.
- Малма деген не? Малма сапсу дегенді қалай
түсіндіресің?
- Шуда жіп деп қандай жіпті атаған? Оны жасалу
жолы
- Шом, Шомшы деген не?
- Күзеу деген не? Көшпелі қазақтардың қысқы,
жазғы қоныстарын ата.
- Алты қанат ақ үй дегенді қалай түсіндіресің? Киіз
үйдің түрлері және бөліктері.
- Шидем деген не?
- Ене деген кім? Қазақша туыстық атауларды есіңе
түсір
- Құда деп кімді айтады және оның түрлері
V бағыт. Экология. 2 топқа конверттің ішіне салынған
2 сурет (М.Шаханов, О.Сүлейменов) беріледі. Әр топ
өзі таңдаған конверттегі ақынның кім екенін анықтап,
оның табиғатты қорғауға арналған еңбегін айтады.
IV. Бекіту. Бес жолды өлең құрау (синквейн)
2 топқа берілген сөздер «Табиғат», «Жаз»,
«Жазғытұры», «Күз», «Қыс».
V. Қорытынды. Абай жылдың төрт мезгілін арнайы
тақырып ретінде бейнеті мен азабы мол мал баққан
момын шаруаның баянсыз көшпелі ауыл өмірін
көрсетеді. 1886-1890 жылдар арасында орыс, батыс
классиктерін еркін меңгергеннен кейін табиғатқа жан
бітіре суреттей бастаған.
VI. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыны
топ басшысы жұлдызша арқылы бағалап отырады.
VII. Үй тапсырмасы. «Ақын өлеңінен алған әсерім»
тақырыбына эссе жазу.
92
93
Н.БОЛАТБАЙ,
Тайпақ орта жалпы білім беретін мектебі.
Батыс Қазақстан облысы,
Ақжайық ауданы,
Қарауылтөбе ауылы
ШӘКӘРІМНІҢ «ЕҢЛІК-КЕБЕК»
ПОЭМАСЫ
Мақсаты: білімділік-Шәкәрім мұрасын тереңдей оқытып
үйрету, дастанның мазмұнын меңгерту, көркемдік
ерекшелігін ашу; дамытушылық- оқушылардың логикалық
ойлау қабілетттерін, шығармашылық белсенділіктерін
шыңдау, көркем мәтінмен жұмыстануды дамыту; тәрбиелік-
кейіпкер тағдырына ортақтастыра білу, қауымдасып жұмыс
істеуге, бір-бірінің пікірін дамыта отырып өзара сыйластыққа
тәрбиелеу. Әдісі:сұрақ-жауап, пікірлесу, талдау. Көрнекілігі:
ақын портреті, кесте, суреттер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1. Ш.Құдайбердіұлының өмірі, шығармашылығы.
2. «Қалқаман-Мамыр» поэмасының мазмұны.
Сұрақ-жауап: 1. Шәкәрім кім? а) Шәкәрім-лирик ақын.
Өлеңдерінің
тақырыптары:адамгершілік,ғылым-білім,
әлеумет, еңбек, махаббат тақырыптарын қамтиды. Атап
айтсам «Жастарға», «Насихат», «Жасымнан жетік білдім
түрік тілін», «Шын сырым», «Үш-ақ түрлі өмір бар»,
т.б. өлеңдері бар. ә) Шәкәрім-аудармашы.Пушкиннен
«Дубровский», «Боран», Толстойдан «Асарходан патша»,
«Үш сауал», Физулиден «Ләйлі-Мәжнүн», б) Шәкәрім-
эпик. 1.«Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Нартайлақ-
Айсұлу»; в)Шәкәрім-сазгер. «Шын сырым», «Жастық», «Бұл
ән бұрынғы әннен өзгерек», «Анадан алғаш туғанымда»; г)
Шәкәрім-жазушы. «Әділ-Мария» (әйел бостандығы ескі
қазақ ауылындағы саяси-әлеуметтік жағдай туралы жазған
шығармасы.) д)Шәкәрім-тарихшы, ойшыл.
1. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», 2.
«Мұсылмандық шарты», 3. «Үш анық», 4. «Қазақ шежіресі».
Қазақ халқының шығу тегі, ақиқат жолы, ар-ұждан, ғылым
туралы ой қозғайды.
«Қалқаман-Мамыр»поэмасының мазмұнын сұрақ-жауап
арқылы алу.
1. «Қалқаман-Мамыр» поэмасы тарихта қандай
кезеңмен тұспа-тұс келеді?
2. Поэмада қандай оқиға суреттеледі?
3. Жырдағы басты кейіпкерлер кімдер?
4. Қалқаман мен Мамырдың аталары кімдер?
5. Екі жастың қатаң жазалануына басты себеп қандай?
6. Қалқаман мен Мамыр арман-мұратына жетті ме,
жетпесе кім кінәлі?
ІІІ. Жаңа сабақ. Бүгін біз ақын өмірі туралы қосымша
мәлімет ала отырып, шығармаларының ішінен «Еңлік-
Кебек» поэмасына тоқталамыз.Шәкәрім өз поэмаларында
махаббат мәселесін жеке, жалаң суреттемейді. Поэмасы
жастардың махаббат бостандығына, ел дәстүрінің ұл мен
қызды ерте атастырып, қалыңына беріп, махаббаттың өрісін
шектеп тастайтын салтқа наразылық тұрғыда жазылған.
Поэма сюжеті Қалқаман-Мамыр кебін құшқан Еңлік-Кебек.
Еңлік-Кебек поэмасының жариялануы.
1890жылы
1892 жылы
1912 жылы
«Қазақ тұрмысынан
хикая».
«Дала уалаяты»
газеті
«Қазақтардың
естерінен кетпей
жүрген бір сөз»
«Дала уалаяты»
газеті. 31-39 сандары
Семейде
«Жәрдем» баспасы.
«Еңлік-Кебек» поэмасының мазмұнын сұрақ-жауап
арқылы түсіндіру.
1. «Еңлік-Кебек» поэмасы қай жылы жазылған?
(1891жылы)
2. Оқиға болған жерді атаңыз. (Шыңғыстау өңірі, ХVІІІ
ғасырдың 80 жылдары)
3. Жанры.(Эпикалық-ғашықтық дастан)
4. Тақырыбы. (Екі жастың махаббат трагедиясы)
5. Идеясы. (Қоғамның әділетсіздігіне, озбырлығына
қарсылық)
6. Өлең құрылысы.(11буынды, қара өлең ұйқасы)
Поэманың композициялық-сюжеттік құрылысы.