72
73
ІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың жоспары:
1.Бала Тұрар (әңгіме желісі бойынша)
2.Тұрар Рысқұлов – көрнекті қоғам қайраткері (әңгімеден тыс
кемелденген шағы)
3.Ұлттың сүйген ұлы перзенті - халқының мәңгілік жадында.
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлемін:
1-топ: Әдебиетшілер. 2-топ: Тарихшылар. 3-топ: Зерттеушілер.
Топтық жұмыс. Не білеміз? (үй тапсырмасын сұрақ – жауап
арқылы тексеру)
1. «Қызыл жебе» романының авторы кім, ол туралы не білеміз?
2. Романның «Тұтқын бала» тарауында кім, не туралы айтылған?
3. Романның басты кейіпкері кім? Ол туралы не білесіңдер?
4. Осы тараудағы басты-басты оқиғаларды атаңдар?
5. Рысқұл не себепті Тұрарды қасына алдырды?
6. Приходько мырзаның үйінде Тұрар қандай қызметтер
атқарды?
7. «Кафедральді соборды» көргенде Тұрардың ойына не түсті?
8. Тұрар оқу мен жазуды, орыс тілін кімнен үйренді?
9. Гимназияның алдында тұрып Тұрар нені армандады?
10. Надзиратель Тұрарға қандай қысым көрсетті?
11. Бронников қандай адам?
12. Әкесі Тұрармен қоштасар күннің алдында қандай күй
кешті?
13. Тұрар әкесімен қалай қоштасты?
14. Тұрар мектепке қалай барды?
15.Тұрардың фамилиясын не себептен Қырғызбаев деп
өзгертті?
16. Тұрардың дәптеріне алғаш жазған сөздерін ата? Оларды
Тұрар қалай түсіндірді?
17. Айбаров тақтада тұрған Тұрарға неге күлді?
18. Семашко кім? Не себептен Тұрарды көмекші етіп алды?
19. Тұрар Иван Владимирович алдында қандай қылмыс
жасадым деп ақталды?
20. Тұрарға Иван Владимировичтің берген жауабын айт, қандай
кеңес берді?
Топтық жұмыс.
1-топ: Әдебиетшілер. Мазмұны, құрылысы жағынан үзіндіні
екі бөлімге бөліп, оның алғашқысына «Тұрардың тұрағы–түрме,
қожасы– гимназист Аркаша», екіншісіне «Тұрар – жаралы
арыстанның баласы» деген атау беріледі.
Әңгімеге композициялық жоспар құру.
Шығарманың құрылысын талдау.
/Мен алдарыңа дайын тірек сызба беремін, ал сендер шығарма
құрылысы бойынша талдағандарыңды айтып шығыңдар)
Экспозициясы
/басталуы/
Байланы-
сы немесе
дамуы
Шиеле-
нісуі
Шарықтау
шегі
Оқиға-
ның
шешімі
Рысқұлдың
Тұрарды
түрмеге
алдыруы
Надзи-
ратель
қыспағы
Әке мен
баланың
айыры-
лысуы
Тұрардың
фамилия-
сын
өзгертуі
Иван
Вла-
димиро-
вичтің
көмегі
(кезекпен жауаптарын оқиды)
Тұрарға мінездеме. Оқушыларға үзінділер беріледі, сол үзінді
арқылы Тұрарға мінездеме беру.
1. Әттең, әкесі түрмеде жатып тәуелді болмаса, Тұрар қазір бұл
есірікті не де болса қамшының астына алар еді, амал жоқ... Бір
жағы қорқады. Бір жағы баламысын деген: «Әйтеуір, айтқандарын
екі етпей орындай берсем, көкеме көмегі тие ме» деп ойлайды.
«Көкемді түрмеден босатар» деп үміттенеді.(әке-шешеге қамқор)
2. Бірақ екі жирен қарны тойса қайғырмайды. Нағыз түрме
аттары. Тұрар аттарды жайғастырып болып, енді қораның ішін
тазалауға кіріседі. Приходько мырзаның әмірі бойынша, қорада
бірде-бір қылпық қалмауы керек. Ақ қолғаппен сипағанда,
аттардың үстінен бірде –бір қылау жұқпауы керек. (еңбекқор)
3. Бала өте сезімтал-тын. Бір ауыз жылы сөзден іші- бауыры
езіле елжіреп, әлде қандай аянышты көмейіне түйіліп жас тығылып
қалушы еді. (сезімтал, өмір әділетсіздігін сезеді, күресуге дәрмен
жоқ.)
4. Туған әкесіне опасыздық жасағандай бір беймаза сезім
жауқазын жүрегін жаралап, шөңгедей қадалды да қалды. Әкеңнің
атын айта алмай күмілжіген не қорлық! (намысшылдық)
5. Әлгінде Иван Владимирович айтқан «тарих», «география»,
«арифметика» деген сөздер шәкірттердің көбінің құлағына тосын
еді. Ал Тұрар бұларды түрмеден білетін. Бірінші сыныптықтар
«а», «б»-ны жазып, оның мәнін түсініп болмай жатқанда Тұрар іші
пысып терезеге қарап отырады. (қабілетті, зерек, алғыр)
1. Венн диаграммасын толтыру. Топпен жұмыс. (Магнитті
тақтаға апарып іледі А-3)
Айырмашылықтары: Әдебиетшілер: Бала Тұрар әке-шешеге
қамқор, еңбекқор, сезімтал, өмір әділетсіздігін сезеді, күресуге
74
75
дәрмен жоқ, намысшыл, қабілетті, зерек, алғыр.
Тарихшылар: Тұрар Рысқұлов-көрнекті қоғам қайраткері
(әңгімеден тыс кемелденген шағы)
Міне, оқушылар, Тұрар романда жақсы қасиеттерімен басты
кейіпкер дәрежесіне көтерілді. Тұрар Рысқұлов өмірде болған
адам, ол туралы қандай өмірлік деректемелер келтіруге болады?
Хронологиялық кестеге назар аударайық:
1894 жыл
Алматы облысының Талғар ауданындағы
Бесағаш ауылында дүниеге келген.
1907-1910
Меркедегі туыстарына баруы. Орыс-қазақ
мектебін үздік бітіруі.
1910-1914
Бішкектегі бау-бақша мектебінде оқиды.
1915ж.
Ташкенттегі мұғалімдер институтына түседі.
1916 ж.
Ұлт-азаттық көтеріліске қатысады.
1917 - 1918
21 жаста Түркстан республикасында аштық пен
күрес орталық комиссиясының төрағасы болды.
1924 ж.
Монғолияға өкіл етіп жіберілуі.
1932-1933жж. Қазақ халқының жер бетінен жойылып кетпеуі
үшін бел буып күресті.
1938 ж.
Сталиндік жазалаудың құрбаны болады.
Тірек сигналдары арқылы Т.Рысқұловтың өсу жолдарын
көрсету.
Венн диаграммасын толтыру. Топпен жұмыс. (Магнитті тақтаға
барып жазады)
Айырмашылықтары:
Тарихшылар: Тұрар Рысқұлов-қоғам қайраткері, «Қызыл
жебе», азаттық үшін күрескер, халық қамқоршысы, Сталиндік
репрессия құрбаны.
Зерттеушілер: Ұлттың сүйген ұлы перзенті-халқының мәңгілік
жадында.
«Телекөпір» (Аудандық кітапханамен байланыс)
Тұрар мен әкесі туралы жазылған еңбектер.
1. Ш.Мұртаза «Қызыл жебе» романының жалғасы «Жұлдыз
көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ».
2. М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесі.
3. Бесеудің хаты.
Телекөпір аяқталғаннан кейін, «Тұрар - тек қазақтың ғана
емес, бүкіл езілгендер әлемінің ұлы» екендігін дәлелдеу. (көрініс)
Венн диаграммасын толтыру. Топпен жұмыс. (Магнитті тақтаға
барып жазады)
Ұқсастығы:
Зерттеушілер: 1.Білімге деген құштарлығы, Әкеге деген
құрметі, Туған елге деген сүйіспеншілігі,Тұрар - тек қазақтың ғана
емес, бүкіл езілгендер әлемінің ұлы.
ІV. Тұжырым кестесі.
Топтар
Кейіпкер
Іс-
әрекеті
Адами
қасиеттері
Әдебиетшілер
Приходько
Тарихшылар
Бронников
Зерттеушілер
И.Владимирович
V. Сабақтың қорытындысы. Сәйкестендіру тесті.
Кейіпкерлер
Шығармадан үзінді
1. Рысқұл
- О не дегенің, байғұс-ау,
алжиын дегенсің бе? Тұрарды
қайтесің?Ол бала емес пе екен?
2. Надзиратель
- Оян,Тұрар!
3. Бронников
- Сен енді маған әрі тілмаш,
әрі писарь боласың.
4.Қырғызбай
- Әй, бандиттің баласы!
Осы көрген күніңді көпсініп
жүрсің бе,ей?!
5. Салиха
- Турарка, сен де шоқына
сал, пайдасы болмаса,зияны
жоқ
6. Приходько
- Баланы қорлаушы болма,
хайуан!
7. Наташа
- Сабақтан қайтар уақытта
кешігуші болма!
8. Аркадий
- Бізде оқуға беретін бала
жоқ,қарағым.
9. Иван Владимирович
-Жайырақ,құдай
үшін,
жайырақ!