Методические рекомендации по изучению учебного предмета «география» (7-9классы) в рамках обновления содержания образования


  «География»  оқу  пәнін  оқытуды  ұйымдастырудың  формалары  мен



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет12/82
Дата31.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18590
түріМетодические рекомендации
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82

36 
 
2  «География»  оқу  пәнін  оқытуды  ұйымдастырудың  формалары  мен 
әдістері  
 
«
Оқыту  әдісі»  ұғымы  дидактикалық  мақсаттарға  сәйкес  оқыту  үдерісінде 
мұғалімнің  оқу  жұмысы  мен  оқушылардың  танымдық  іс-әрекеті  жолдарын 
байланыстырыла  шешетін  оқу  іс-әрекетінің  міндеттерін  бейнелейді.  Демек, 
оқыту  әдістері  -  оқыту  міндеттерін,  яғни  дидактикалық  міндеттерді  шешуге 
бағытталған мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекетінің жолдары болып 
табылады.  Сонымен  бірге  дидактикада  оқыту  «тәсілдері»  ұғымы  кеңінен 
қолданылады.  Тәсіл  -  әдіс  элементі,  оның  кұрамды  бөлігі,  бір  реттік  әрекет. 
Оқыту үдерісінде әдістер мен тәсілдер әр түрлі құрамда қолданылуы мүмкін. 
Оқыту әдістері – күрделі, көп жақты, көп сапалы құбылыс. Оқыту әдістері 
арқылы  объективтік  заңдылықтар,  мақсаттар,  мазмұн,  принциптер,  оқыту 
формалары  бейнеленеді.  Оқыту  әдістері  оқу-тәрбие  үдерісінде  үйретуші, 
дамытушы,  тәрбиелеуші,  ынталандырушы  (мотивациялық)  және  бақылаушы-
түзетуші  кызметтерді  атқарады.  Әдістер  көмегімен  оқыту  мақсаты  жүзеге 
асырылады,  яғни  бұл  –  үйретуші  функцияның  байқалуы,  оқушылардың  даму 
деңгейі  мен  қарқыны  қамтамасыз  етіледі  -  дамыту  функциясы,  сол  сияқты 
тәрбие  нәтижелерінің  анықталуы  -  тәрбиелік  функцияның  жүзеге  асырылуы 
болып  табылады.  Әдістер  мұғалім  үшін  оқушыларды  оқуға  ұмтылдырушы 
құрал  ретінде  қолданылады,  ал  кейде  танымдық  іс-әрекетті  ынталандыру 
қызметін атқарады. Бұл оның ынталандырушы рөлін атқаруы. 
Оқытуды ұйымдастыру əдісі - білімді игеру мақсаттарына қол жеткізуге 
бағытталған  мұғалім  мен  оқушының  бірліктегі  іс-әрекеттік  қимыл-тәсілдері. 
Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шәкірттің оқып-үйрену 
әрекеттерінің  өзара  байланыстылығы  осы  оқу  әдісінен  көрінеді.  Қандай 
болмасын  оқыту  әдісі,  -  дейді  И.Я.Лернер,  -  оқушылардың  білім  мазмұнын 
игеруін,  сөйтіп  оқыту  мақсатына  жетуді  қамтамасыз  етерлік  олардың 
танымдық,  әрі  практикалық  әрекетін  ұйымдастыратын  белгілі  нысанға 
бағытталған мұғалім әрекетінің жүйесі болып табылады.  
Оқыту  -  жеке  адамның  қалыптасуының,  ақыл-ойы  мен  жалпы  білімін 
дамытудың  маңызды  құралы.  Ол  белгілі  бір  жүйеде  және  жоспар  бойынша, 
мұғалімнің  басшылығымен,  нақты  мақсатқа  бағытталған  процесс  болып 
табылады. Пәнді оқыған кезде білім алушылар білімнің жиынтығын меңгереді 
және сол саламен тығыз байланысты білік пен дағдыға ие болады [3]. 
Осығын сәйкес оқытуды тиімді ұйымдастыру арқылы болашақ ұрпақтарға 
әлемдік  ғылым  мен  прогресс  деңгейіне  сәйкес  білім  мен  тәрбие  беру,  оның 
рухани  байлығы  мен  мәдениеттілігін,  ойлай  білу  мүмкіндігін  жетілдіру 
қоғамның  басты  міндеттерінің  бірі  болып  табылады.  Сондықтан  да  қазіргі 
мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан өзгерістер оқу - 
тәрбие  үрдісін  жетілдіруге  жаңа  талаптар  қояды.  Сондықтан  осыған  сәйкес 
жаңартылған білім мазмұны мектептерде жүзеге асырылуда. 
Елімізде осыған сәйкес жаңартылған білім мазмұны жаңа оқу жоспарлары 
және оқу бағдарламаларымен оқитын болады.  


37 
 
Жаңартылған  білім  мазмұны  жағдайындағы  бағдарламаның  ерекшелігі  – 
оқудағы  жетістіктер  нәтижелі  сипатқа  ие,  ал  оқу  процесі  оқушылардың  әрбір 
сабақта білімді «алудағы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайларда 
оқушы  –  таным  субъектісі,  ал  мұғалім  оқушылардың  танымдық  әрекетінің 
ұйымдастырушысы қызметін атқарады.  
Оқыту  мақсаты  оқушы  және  мұғалім  үшін  ортақ  болады,  міне,  білім 
мазмұнын жаңартудың педагогикалық аспектісінің мәні осында.  
Жаңа бағдарламаның құрылымы да, формасы да қолданыстағы 11 жылдық 
мектеп  бағдарламаларынан  едәуір  ерекше.  Баланың  білім  беру  үдерісін 
ұнатуына, жаңа ақпарат пен идеяларға қызығушылық танытуына, өзінің табиғи 
білімге деген ынтасын ұдайы дамытып отыруына бағытталған. Бұл еркін ойлау, 
айқын  әрі  тез  ойлау,  жүйелі  әрі  нақты  жеткізе  білу  қабілетін  дамытуға 
мүмкіндік береді. 
Жаңартылған  мазмұндағы  негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  7-9-
сыныптарына  арналған  «География»  пәнінің  үлгілік  оқу  бағдарламасының 
мақсаты  дүниенің  географиялық  бейнесін  тұтас  қабылдайтын,  географиялық 
ойлау  қабілеті  дамыған,  географияның  әдістері  мен  тілін  білетін  және 
қолданатын, географиялық мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу. 
7-9-
сыныптарына арналған «География» пәніні қазіргі заманауи орта білім 
берудің  ерекше  өзектілігі  арқылы  анықталатын  функционалдық  сауаттылық 
пен құзіреттіліктерді оқушыларда қалыптастыруға бағытталған. 
Басты  мақсаты  оқушылардың  қазіргі  әлемді  тану  кезінде  жан-жақты 
экономикалық-географиялық  білімді  меңгеруі,  оқушылардың  функционалдық 
сауаттылығы мен профильдік-кәсіби бағдарын дамыту, кеңейту. 
Жаңартылған оқу бағдарламасында пән мазмұнын жобалаудың күрделілік 
ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-
ақ  көлденеңінен  біртіндеп  кеңейтіліп  (білімді  тақырыптар  бойынша  және 
сыныптар бойынша  күрделендіру)  жасалынған.  Таным  заңдылығы  мен  пәндік 
операциялардың  неғұрлым  маңызды  түрлері  бойынша  ойлау  дағдысының 
деңгейлік  жіктелімдеріне  негізделген  Блум  таксономиясы  бойынша  оқыту 
мақсаттарының иерерахиясы сақталған.  
Бағдарламада  қазіргі  өмірде  қолданылатын  кең  ауқымды  дағдыларға  көп 
көңіл  бөлінеді.  Бұл  дағдылар  жалпыадамзаттық  және  этномәдени 
құндылықтарға  негізделе  отырып,  оқушыларға  оқудағы,  сондай-ақ  өмірдегі 
проблемаларды шешуіне мүмкіндік береді. «Кең ауқымды дағдылар» келесі іс-
әрекет түрлерінен тұрады: білімді шығармашылықпен қолдану; сыни тұрғыдан 
ойлау;  зерттеу  жұмыстарын орындау; АКТ  қолдану;  тілдік  дағдылармен  бірге 
қарым-қатынастың  коммуникативтік  тәсілдерін  қолдану;  топта  және  жеке 
жұмыс жасау біліктілігі.  
Білім  беру  деңгейлері  және  тұтас  оқыту  курсы  бойынша  педагогикалық 
мақсаттардың  пәнішілік  байланыстары  ескерілген.  Бөлімдер  мен  ұсынылған 
тақырыптар  мазмұнының  уақыт  талабына  сәйкес  болуы  және  әлеуметтік 
дағдылардың қалыптасуына назар аударылған. Оқу процесі ұзақ мерзімді, орта 
мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылған. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау