21
Студент тиісті емес:
- мектепте сырт киіммен және бас киіммен жүруге;
- сыныпқа қоңыраудан кейін кіруге;
- сабақ үстінде кіруге;
- мектепте немесе мектеп маңында шылым шегуге;
- жағымсыз қылықтар көрсетуге немесе
тәртіпсіздік көрсетуге.
Студент
мектеп әкімшілігінің, мұғалімдердің, әдіскерлердің,
директордың оқу-өндірістік жұмысы бойынша орынбасарының көмегіне
жүгіне алады.
«__________________» пәні бойынша
«Сыныптан тыс жұмыс технология» практиканың қорытындысының есебі
_______________ (Аты – жөні), топ студенті
1. Практика қай мектепте және сыныпта өткізілді. Оқытушымен, әдіскер.
2. Практика бағдарламасы, оның тапсырмасы және барлық жұмыс түрі.
3. Сынып сағатына дайындықпен, өтілуіне талдау жасау.
4. Қай мұғалім сіздің қолданған әдістеріңізді қолдап, өз сынып сағаттарында
қолданды?
5. Тәрбие жұмысының әдістерінде жаңадан нені білдің және үйрендің?
6. Тәрбие жұмысында жаңа технологияларды қолдану әдісі.
7. Сынып сағатына дайындық пен өткізілу кезінде қандай қиындықтарды
сездің және әдіскер мен педагогикалық практика мұғалімі қандай көмек
көрсетті?
8. Тәрбие жұмысының әдісі қандай дәрежеде?
- теориялық білімнің педагогикадағы, психологиядағы және әдістемедегі
сапасы;
- оларды практикада қолдана білуі;
- Сіздің тәрбие жұмысыңыз мақсат пен тапсырмаға сәйкес келді ме?
- Практикалық әдіске дайындық пен өткізу кезінде ұйымдық шығармашылық
жұмыс пен оқушылардың танымдылығын ұйымдастыру;
- Сыныптан тыс тәрбиелік жұмыс кезінде балаларды ұйымдастыра білу;
9. Практика әдіскері мен педагогика - психология мұғалімінің атына тілек;
10. Сынып жетекшісінің жұмыс әдісін қандай дәрежеде қолдандыңыз:
24
Құрметті оқушылар!
Жазғы практика балалар мен жеткіншектер өміріне, психикасын және
денсаулықтарын, сапалы демалыстары мен дамуын толық жауапкершілікке алатын
өзіндік педагогикалық жұмыс болып табылады.
Бұл жұмыстың уақыты мен өтетін орны да ерекше. Демалыс уақыттары балалар
өздерін, қоршаған ортаны мүлдем басқаша қабылдайды және өздерін күтпеген
жақтардан көрсетеді. Сондықтан да лагердегі дене тәрбиесі-спорттық жұмыс
мұғалімдерінің қызметі көпфункционалды және түрлі білім мен икемділікті талап
етеді. Балалар сауықтыру лагері сіздер үшін тек педагогикалық практикадан өту
орны ғана емес, сонымен қатар тәрбие факторы әрі кәсіби қалыптасу болып
табылады.
Сауықтыру лагеріндегі дене тәрбиесі
Дене тәрбиесінің міндеттері – денсаулықты орнықтыру
, қозғалыс
икемділіктерін дамыту, балалардың дене тәрбиесі және спортқа деген
қызығушылықтарын ояту.
Негізгі талаптар:
1) балалар жасына сәйкес келу (7-9,10-11,12-13,14-18 жас), олардың денсаулық
жағдайларын, дене тәрбиесін дамыту және дайындық;
2) лагерь режимінің бір бөлігі болу;
3) балалар қызығушылығына жауап беру;
4) дене тәрбиесі сабақтарын өзіндік, жүйелікке тәрбиелеу;
5) әртүрлі болу.
Дене тәрбиесі жұмысының формалары
1) күнделікті таңертеңгілік гигиеналық гимнастика;
2) дене тәрбиесіне дайындықпен айналысу;
3) тұрғылықты жерлерде жорық ойындары;
4) үйірмелер;
5) жүзуді үйрену;
6) спорттық жұмыстар;
7) дене тәрбиесі және спорттық кештер
8) нұсқаулар.
Сауықтыру лагеріндегі міндеттер
Лагерь меңгерушісі және топ жетекшісі:
1) жалпы басшылық етеді, лагерьдегі дене тәрбиесі ойындарына жауап береді;
2) сабақ өткізу жағдайын жасайды;
3) дене тәрбиесі жұмыстарын бақылайды.
Дене тәрбиесінің жетекшісі
1) лагерь топ жетекшілерімен бірігіп спорттық-массалық жұмыстардың жалпы
жоспарын құрады;
2) тәрбиешілермен, топ жетекшілерімен, дене тәрбиесі белсенділерімен нұсқау
өткізу;
3) топтардың үйірме сабақтарын ұйымдастырады;
4) таңертеңгілік гигиеналық гимнастиканы, тұрғылықты жерлерде серуендер,
ойындар өткізеді;
5) жүзу жөніндегі жетекшіге көмек береді.
Жүзу жөніндегі нұсқаушы
1) дене тәрбиесі жетекшісімен бірігіп спорттық жарыстар өткізеді;
2) жүзуге үйретеді;
3) жүзу құралдарын дайындайды.
Ертеңгілік гигиеналық гимнастика
Жаттығу күн сайын 15 минут аралығында өтеді. Ауа райы жақсы күндері
жаттығу алаңда немесе стадионда барлық топпен бірге өтеді. Жауынды-шашынды
күндері жаттығу жақсы желдетілген жайларда өткізіледі. Жаттығудағы киім қалпы.