146
ожүйенің табиғи ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан, адамның
оған ешқандай қатысы жоқ.
Адам мен табиғи ортаның өзара әсерлесуінен туған жағдайлар эколо-
гиялық проблема болып табылады. Бірақ ол белгілі бір геожүйеде түрлі
көлемде, табиғи және әлеуметтік-экономикалық географиялық заңдылықтар
негізінде пайда болса, географиялық проблемаға да жатады, яғни эколо-
гиялық ділгірлік нақты бір жүйеде қалыптасып, даму кезеңдерін өткізеді.
Осы көзқарас тұрғысынан ол геоэкологиялық проблема деп аталады.
Геоэкологиялық проблемалар – адам денсаулығы мен шаруашылық
қызметіне кері әсер ететін, олардың табиғи ортамен қарым-қатынасында
және геожүйелердің біртұтастығында сәйкессіздікті туындататын, табиғи
және антропогенді себепшарттар нәтижесінде пайда болған үдерістер мен
құбылыстар.
Геоэкологиялық проблемалардың жүйелі ерекшеліктері болады, бұл
ерекшеліктер төмендегілерден көрінеді: табиғи және әлеуметтік үдерістер
мен заңдылықтардың өзара әсері; география, экология, геология және
басқа ғылымдардың интеграциясын талап ететін ғылымаралық маңызға ие
болуы; ресурстарды сан түрлі мақсаттарға пайдаланушылардың көп бо-
луы; геожүйелік яки геоэкологиялық проблеманың жағдайын жалғыз көр-
сеткішпен сипаттау мүмкін еместігі.
Геоэкологиялық проблемалардың түрлері. Геоэкология қатып қалған,
мүлде өзгермейтін қалып емес, ол тұрақты өзгерісте болатын және дами-
тын, көп санды қарапайым проблемалар жүйесі болып табылады. Геоэко-
логиялық проблемаларды бірқатар көрсеткіштер (шаруашылық салаларына
қатысты, иелеген алаңы бойынша, салдарларына қатысты, келіп шығу се-
бепшарттары) негізінде сипаттауға болады. Бірақ, жоғарыда айтқанымыз-
дай, геоэкологиялық проблема белгілі бір алаңда туындап, қалыптасады.
Сол себепті бұндай проблемалар таралған алаңы бойынша – ғаламшарлық,
аймақтық және өңірлік, кей жағдайларда ұлттық секілді топтарға бөлінеді.
Ғаламшарлық геоэкологиялық проблемалар – бүкіл географиялық қабық
шеңберінде орын алатын және Жер бетінің барлық бөліктеріне әсерін ти-
гізетін, барлық мемлекеттерге, бүкіл адамзатқа бірдей қауіп төндіретін ең
күрделі геоэкологиялық проблемалар болып табылады. Бұларға “Жылы-
жай эффекті” мен климаттың жылынуы, “Озон жыртығы”, Дүниежүзілік
мұхит деңгейінің көтерілуі мен суының ластануы, шөлейттену және т.б.
жатады. Бұндай геоэкологиялық проблемаларды жою үшін барлық мемле-
кеттер бас қосып, бірыңғай бағдарлама негізінде іс-қимыл жасауы керек.
147
Жер жүзіндегі барша мемлекеттер өз аумағындағы өңірлік және аймақтық
проблемаларды ұнамды шешу арқылы ғана жаһандық геоэкологиялық
проблемаларды жоя алады.
Аймақтық геоэкологиялық проблемалар – иелеген алаңына қарай
жаһандық геоэкологиялық проблемалардан гөрі кішілеу, көбінесе бір яки
бірнеше түрлерден құралатын геоэкологиялық құбылыстар мен үдерістер
кешенінен тұрады. Аймақтық геоэкологиялық проблемалар аймақтық шең-
бердегі геожүйелерді қамтығандықтан, бүкіл Жер жүзіне қауіп төндірмеуі
мүмкін, алайда олардың саны барған сайын көбейе түскені өкінішті. Бұн-
дай проблемалар кейбір аумақтарға ғана тиесілі болуына қарамай, олар-
дың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық салдарлары өте қауіпті
әрі салмақты. Дер кезінде олардың алдын алып, салдарын жоймаса, келе-
шекте кең көлемдегі ауыр экологиялық апаттарды туғызуы ықтимал.
Аймақтық геоэкологиялық проблемалар құрамдық тұрғыдан жай және
күрделі геологиялық проблемаларға бөлінеді. Жалғыз түрдегі құбылыс
пен үдерістерден тұратын болса – жай проблема, бірнеше геоэкологиялық
құбылыстар мен үдерістерден тұратын болса – күрделі геоэкологиялық
проблема болады. Күрделі геоэкологиялық проблемалардың шешімі де
күрделі әрі көп уақытты талап етеді. Ол барған сайын күрделене түсіп,
жаңа аумақтарды иелеу бағытында дамиды. Жай геоэкологиялық пробле-
малар да белгілі бір мекен және уақыт аралығында үдеп, күрделі түрге
айналып кетуі мүмкін.
Арал және Аралмаңы проблемасы Өзбекстан мен көршілес республи-
калар аумағына орын тепкен аймақтық геоэкологиялық проблема болып
саналады. Сол себепті бұл проблеманы шешу ісінде Арал алабындағы
барлық көрші республикалар Өзбекстанмен ынтымақтаса жұмыс жүргізу-
ге тиісті (29-сурет).
Өңірлік (жергілікті) геоэкологиялық проблемалар – аймақтық геоэко-
логиялық проблемаларға қарағанда кішілеу алаңдарды иелейтін, бір яки
екі мемлекет аумағында орналасқан белгілі бір геожүйе шеңберінде туын-
даған проблемалар болып табылады. Бұндай геоэкологиялық проблемалар
адамның шаруашылық қызметіне байланысты болғандықтан, табиғи ре-
сурстарды интенсивті пайдалану және бұл үдерісте табиғат заңдылықта-
рын ескермеу, халықтың бір жерге өте тығыз орналасуы секілді себептер-
ден және басқалардан туындайды. Жер бетінің мол ылғалды аумақтарын-
да батпақтардың құрғатылуы, ал құрғақ аймақтарында қолдан суару, су
қоймаларын салу, жайылым шаруашылықтарын дамыту, өндірістік кәсіпо-
148
29-сурет. Арал
теңізінің 2000-2016
жылдардағы өзгерісі.
рындардың құрылуы сынды үдерістерде кейбір қателіктерге орын берілуі
және адамның орашолақ шаруашылық қызметі өңірлік (жергілікті) геоэко-
логиялық проблемалардың туындауына жол ашып, кең шеңберде таралып
кетуіне себеп болады.
Өзбекстандағы өңірлік (жергілікті) геоэкологиялық проблемаларды қа-
рап шығатын болсақ, олардың жан-жақты кешенді талдауына және келіп
шығу себептеріне орай төмендегідей генетикалық топтарға жіктеуге бо-
лады: 1) атмосфера ауасының ластануына байланысты проблемалар – ірі
қалалар мен өнеркәсіптенген аумақтарда; 2) суды интенсивті пайдалануға
байланысты проблемалар – дренаж суларының көлдерге жиналуы, тұщы
сулардың тапшылығы, тұщы су көздерінің ластануы және т.б.; 3) жерді
интенсивті пайдалануға байланысты проблемалар – эрозия, сортаңда-
ну, жайылымдардың деградацияға ұшырауы; 4) геожүйелерге техногенді
әсерге байланысты проблемалар – тау-кен өнеркәсібі шығындыларының
шоғырлануы, геожүйенің бұзылуы, ауыр техниканың жайлаулар мен ша-
бындықтарды ойрандауы және т.б. 5) малдың интенсивті бағылуы және
ағаштар мен бұталардың аяусыз кесілуіне байланысты проблемалар;
6) рекреация нысандарын пайдалануға байланысты проблемалар; 7) улы
химиялық заттардың табиғи ортаны ластауына байланысты проблемалар
және т.б.
Геоэкологиялық проблемаларды шешудің ғылыми негіздері. Бұн-
дай проблемаларды шешу жүйелі талдауға байланысты. Жүйелі талдау
Достарыңызбен бөлісу: |