The National Academy of Education named after I. Altynsarin Астана



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет30/113
Дата30.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18505
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   113

85 
 
өсімдіктерде  ұқсас  «физиономиялық»  формалар,  яғни  бірдей  сыртқы  келбеті 
түзілетіндігінде жатыр.  
Екінші кезең – экологияның дербес білім саласы болып қалыптасуы.  
1859 жылы ағылшын ғалымы Ч. Дарвиннің (1809-1882) «Түрлердің шығу 
тегі  туралы»  ғылыми  еңбегі  жарық  көрді,  онда  табиғи  іріктеу  жолымен 
біртіндеп эволюциялық дамуы  механизмі  ашылды.  Ч.  Дарвиннің  еңбегі 
экологияның сапалы жаңа негізде дамуына ықпал етті.  
1866 жылы неміс биологы Э. Геккель алғаш рет «экология» ұғымын өзінің 
«Организмдердің жалпы морфологиясы» еңбегінде атап көрсетті, ал 1868 жылы 
«Дүние  жаратылысының  табиғи  теориясы»  кітабында ол жаңа  ғылым  мәнінің 
анықтамасын берді.  
XIX ғасырдың 70-ші жылдарының соңында экологияда жаңа бағыт пайда 
болды.  Неміс  гидробиологы  К.  Мебиус  1877  жылы,  Солтүстік  теңіздің 
устрицалық  банкаларын  зерделеп,  белгілі  орта  жағдайларындағы 
организмдердің  терең  заңнамалық  бірлестігі  ретінде  биоценоз  туралы  түсінік 
берді. К. Мебиус бойынша, биоценоздар немесе табиғи бірлестіктер түрлердің 
бір-біріне  ұзақ  бейімделу  тарихымен  байланысты.  Оның  ойынша,  биоценоз 
факторларының бірінің кез келген өзгеруі соңғысының басқа факторларындағы 
өзгерістерді тудырады. 
Өсімдіктер  қауымдастығы  туралы  ілім  кейіннен  фитоценология  жеке 
ғылымына оқшауланды.  
XIX ғасырдың соңында орыс ғалымы В.В. Докучаев (1846-1903) топырақ 
туралы ілім құрды, бұл ландшафтар туралы ілімнің басталған кезі болатын.  
1910  жылы  Брюссельде  өткен  III  халықаралық  ботаникалық  конгресте 
өсімдіктер  экологиясы  аутэкология  мен  қауымдастықтар  –  синэкологияға 
бөлінді. Мұндай бөліну кейіннен жануарлар экологиясы мен жалпы экологияға 
таралды.  Оған  Ч.  Адамстың,  В.  Шелфордтың,  С.А.  Зерновтың  және  т.б. 
жаңадан пайда болған ғылыми еңбектері ықпал етті.  
Атақты  кеңес  ғалымы  В.И.  Вернадский  (1863-1945) 1923-1927  жылдары 
Жер  планетасының  жаһандық  экологиялық  жүйесі  ретінде  биосфера  туралы 
ілімді, ал 1944 жылы – биосфера дамуының жаңа эволюциялық сатысы ретінде 
ноосфера туралы ілімді ашты.  
30-40-
шы  жылдары  дербес  бағыт  ретінде  популяциялар  экологиясы  – 
демэкология  оқшауланып  шықты.  Ч.  Элтон  оның  негізін  салушы  болып 
есептеледі.  Онымен  қоса  оның  дамуына  С.С.  Шварц,  Н.П.  Наумов,  Д.Н. 
Кашкаров, В.В. Догель, В.Н. Беклемишев және т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты.  
А.  Тенсли  1935  жылы  экологиялық  жүйеге  анықтама  берді.  Оның 
пікірінше,  экосистема  жансыз  және  жанды  табиғат  жиынтығынан  тұрады,  ал 
1940 
жылы  кеңес  ғалымы  В.Н.  Сукачев  (1880-1967)  «биогеоценоз»  терминін 
енгізді.  
ХХ  ғасырдың  40-шы  жылдары  табиғи  қауымдастықтарды  олардың 
тіршілік  ету  ортасымен  өзара  байланыста  зерттеудің  жаңа  қағидаты  зерттеу 
әдістерінің бірі болды.  
Үшінші кезең экологияның пәнаралық ғылымға айналуымен сипатталады. 
Биологиялық  ғылымның  экологиялану  кезеңі  басталды.  Қатаң  биологиялық 


86 
 
ғылымнан  экология  табиғи  және  адамды  қоршаған  ортаны  қорғау  туралы 
ғылымдарды  қамтитын  білімдер  кешеніне  айналды.  Экология  мен  басқа  да 
ғылымдардың  шекарасында  экологиялық  физика,  экологиялық  химия, 
математикалық  экология,  өнеркәсіптік  экология,  ауыл  шаруашылығы 
экологиясы,  медициналық  экология,  инженерлік  экология,  экономикалық 
экология,  әлеуметтік  экология,  экологиялық  физиология,  құқықтық  экология 
сияқты және т.б. шекаралық ғылымдар пайда бола бастады.  
Қазіргі  уақытта  экологияның  жетістіктері  адамзаттың  табиғатпен  өзара 
қарым-қатынасы,  табиғатты  ұтымды  пайдалану  және  табиғатты  қорғау 
стратегияларын жетілдіру үшін теориялық негіз болып табылады.  
 
2-
тақырып. Биотикалық экологиялық факторлардың адамға әсері  
2.1-
тапсырма: Әдебиет деректерін пайдаланып, өсімдіктердің фитонцидті 
қасиеттерін  өз  беттеріңше  зерделеңдер.  Өсімдіктердің  тірі  даналарын 
пайдаланып,  олардың  сабағының,  жапырағының,  гүлдері  мен  жемістерінің 
құрылысын зерделеуге тырысыңдар. Ең көп тараған фитонцидті өсімдіктермен 
танысыңдар.  Эксперименттік  әдіспен  өсімдіктердің  фитонцидті  қасиеттерін 
зерттеңдер.  
2.2-
тапсырма:  фитонцидті  қасиеттері  бар  өсімдіктерден  өз  бөлмеңнің 
немесе дәрісханаңның фитодизайнын құрастыр.  
2.3-
тапсырма: 15-кестені толтырыңдар. 
2.4-
тапсырма:  Ұсынылған  тақырыптардың  біріне  хабарлама  (эссе) 
дайындаңдар:  
1. Қазақстанның улы өсімдіктері.  
2. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері.  
3. Адамның паразиттер тудырған аурулары.  
4. Қазақстанның аумғындағы жұқпалы аурулар.  
 
2.1; 2.2; 2.3-
тапсырмаларға арналған тірек материал. 
Фитонцидтер  –  заттардың  бактерицидті  (бактерияларды  өлтіретін), 
фунгицидті  (қышымаға  қарсы),  протистоцидті  (қарапайымдарды  өтіретін) 
қасиеттері бар өсімдіктер синтездейтін химиялық қосылыстар. Қазіргі уақытта 
фитонцидтерді  зерделеуге  қызығушылықтар  артуда,  мұндай  қызықты  және 
перспективалық  проблема  зоологтардың,  ботаниктердің,  химиктердің, 
өсімдіктанушылар  мен  медиктердің,  микробиологтардың  бірлескен  күш-
жігерімен әзірленуде.  
Өсімдіктер  қауымдастығындағы  ауаның  иондалған  құрамы  сандық  және 
сапалық  жағынан  өсімдігі  жоқ  аумақтардан  ерекшеленеді.  Ауаның  жеңіл 
аэриондарымен  біріге  отырып,  фитонцидтер  электрлі  аэрозольдарға  айналады 
және  адамдардың  денсаулығы  мен  көңіл-күйіне  белсенді  әсер  етеді. 
Фитонцидтер ауаның  бактерицидті  қаситеттерін  арттырады.  Бұл процесс озон 
молекулаларының  оттегінің  электрондық-қоздырғыш  молекулаларына  – 
озонидтарға 
трансформациялануымен 
байланысты, 
олар 
патогендік 
микроорганизмдер ДНҚ-сының құрылымын бұзады. Фитонцидтерден тұратын 
ауаның бактерицидті қасиеттері оның тазалығы сияқты қасиетін де шарттайды. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау