79
8.
Галеева, Мельничук. 100 приемов для учебного успеха на уроках
географии. Методическое пособие для учителя. – Вентана-Граф, 2016 г№
9.
Хабибуллин Р. Х., Бахчиева О.А. Экономическая и социальная
география мира. 10-11 кл.. Метод. пособие. : Вентана-Граф, 2015 г.
80
«Биология» пәні
Мектептегі оқытудың экологиялық бағыттылығы оқушылардың
биологиялық дайындығы сапасын арттыруды ғана талап етіп қоймай,
фенологиялық бақылау маңыздылығын көтеруді, табиғат зерттеушелір
экскурсияларын, экспедицияларын, биология және экологиялы апталықтарын,
биоэкологиялық мониторингтер, пәндік белгілер өткізуді талап етеді.
1. Түсіндірме жазба
Биологиядан сыныптан тыс жұмыстың негізгі мазмұны қоршаған тірі
табиғатты зерделеумен, табиғатты қорғау бойынша қоғамдық пайдалы
еңбекпен, халық арасында табиғатты қорғау білімдерін насихаттаумен, көрнекі
құралдар дайындаумен тығыз байланысты болуы тиіс.
2.
Курстың мазмұны
Көбінесе V-VI сынып оқушыларымен өткізілетін ботаникалық
мазмұндағы сыныптан тыс жұмысқа өсімдіктердің құрылысы мен
физиологиясынзерделеу бойынша бақылау жұмыстары мен тәжірибелер;
өсімдік әлемінің көптүрлілігімен және жабайы өсетін өсімдіктердің адам
өміріндегі маңызымен, қсімдіктер тіршілігіндегі ауысымдық құбылыстар, үй
гүлдерін өсірумен айналасу және т.с.с. кіруі тиіс. Ботаникалық сипаттағы
көпшілікке арналған іс-шаралардың арасында Дала өсімдігі, Бақша күні, Орман
күні, Астық мерекесі сияқты және т.б. іс-шаралардың үлкен маңызы бар.
Зоологиядан сыныптан тыс жұмыстың негізгі мазмұны оқушылардың
жергілікті өлкенің едәуір кең тараған жануарларының түрлік құрамын
зерделеуі, ауыл және орман шаруашылықтарына зиян келтіретін жануарларды
және оларға қарсы күрес шараларын анықтау, сирек кездесетін жануарлармен
және оларды қорғау жолдарымен танысу бойынша сабақтар өткізумен тығыз
байланысты болу керек. Тірі табиғаттың зоологиялық бұрышын құру бойынша
жұмыс, оларда тіршілік ететін жануарларды күту және бақылау, оларды қолға
үйрету үлкен қызығушылық тудырады. Көпшілікке арналған зоологиялық
сипаттағы сабақтардан құстарды тарту және қорғау, құмырсқа илеулерін қорғау
бойынша жұмыстар балалардың үлкен қызығушылығын тудырады.
Негізінен VIII сынып оқушыларымен өткізілетін, адам анатомиясы,
физиологиясы және гигиенасы бойынша сыныптан тыс жұмысқа әдетте,
сыртқы ортаның әртүрлі факторларының органдардың әрекетіне ықпалын
анықтайтын тәжірибелер, оқушылар мен халық арасында салауатты өмір
салтын насихаттауды жүргізу; әртүрлі ырымшылдық түрлерінің туындауы мен
таралуын түсіндіру кіреді.
Жалпы биология бойынша сыныптан тыс жұмыс тұқым қуалаушылық пен
өзгергіштікті, өсімдік және жануарлар әлемінде тіршілік ету үшін күресті,
нақты тіршілік ету орталары ағзаларының өзара байланысын зерделеумен
байланысты. Биологиядан сыныптан тыс жұмыстың мазмұнын нақты
81
анықтаған кезде, ең алдымен, оның пайдалы маңызы бар, теорияның
практикамен байланысын жүзеге асыруға, зерттеу қағидатын іске асыруға
мүмкіндік беретін түрлеріне басымдық беру керек. Сыныптан тыс жұмыстың
мазмұны оқушылардың әр жастағы топтары үшін қолжетімді болуы тиіс.
Жас натуралистер үйірмесі барлық басқа да сыныптан тыс істерді
ұйымдастырудың негізгі ядросы болып табылады. Үйірме сабақтарының
мақсаты - оқушыларды биологиямен қызықтыру, олардың білімдерін тереңдету
және кеңейту, оларға бақылау және эксперимент жүргізу дағдыларын сіңіру.
Үйірмедегі жұмыс жүйелі, ерікті түрде, бірақ тұрақты құраммен жүргізілуі тиіс.
Әр мектепте мынадай үйірмелер болуы тиіс.
Биологиядан факультативтік сабақтар. Факультативтік сабақтар, топтық
сабақтардың екінші түрі, ерікті негізде құрылады. Олар жас натуралистер
үйірмелерінен олардың Білім министрлігінің ерекше күрделендірілген,
тереңдетілген және кеңейтілген бағдарламалары немесе факультатив жетекшісі
(мұғалім немесе маман) құрастырған бағдарламалар бойынша оқушылардың
аздаған топтарымен (кемінде 10-15 адам) өткізілетіндігімен ерекшеленеді.
Факультативтік даярлықтың мақсаты - оқушыларға биологиялық, ауыл
шаруашылығы, әдістемелік, педагогикалық ғылымдардың әртүрлі бөлімдері
бойынша, мектеп бағдарламасынан едәуір асатын көлемде, білім мен
практикалық білік беру. Сондай-ақ оның оқушыларға кәсіби бағдар беру үшін
де маңызы зор, өйткені факультативтік сабақтарға ауыл шаруашылығында
жұмыс істеуге дайындалып жүргендер немесе білімін арнайы оқу орындарында
(ауыл шаруашылығы, педагогикалық, биологиялық, медициналық және т.б.)
жалғастырмақшы болғандар ғана жазылады. (Басқа сөзбен айтқанда, қазіргі
таңда биология, педагогика, агрономия (егінші, көкөніс өсіруші, бағбан,
омарташы, механизаторлар, фермерлер, кәсіпкерлер, менеджерлер, малшылар),
медицина, экология бейініндегі факультеттер мақсатқа сай.
Экскурсиялар 6 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейінгі оқу курстарының
тақырыптары бойынша сабақтар жүйесіне кіреді. Сондықтан мұғалім алдын ала
перспективалық жоспарда экскурсияларды өткізу мерзімдерін анықтап алады,
ал экскурсиялар алдындағы тиісті сабақтарда осы құбылыстармен табиғаттың
өзінде тікелей танысу қажеттігі жағдайын тудырады. Сондай-ақ мұғалім кері
байланысты - экскурсиялардың материалдарын кейінгі сабақтарға қосуды да
қарастырады, оқушыларға экскурсияда нені көріп, нені білгендерін еске
түсіруді ұсынады, практикалық жұмыс барысында және көрсету материалы
ретінде экскурсия кезінде жинап алынған табиғи объектілерді пайдаланады.
Көпшілікке арналған сыныптан тыс іс-шаралар
Бұл, мысалы, биология олимпиадалары, кештері, мерекелері, қызықты
биология сағаттары, табиғатты қорғау жұмысы. Оларды биология мұғалімі
үйірмеге қатысатындардың немесе үйірмеге ресімделмеген оқушылар тобының,
мектеп оқушылары активінің көмегімен ұйымдастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |