19
қатар сарамандық сабақтарды да өткізеді, бұл оқытушылар мен студенттердің
тығыз қарым-қатынастары үшін қолайлы болып келеді [75].
Зерттеу университеттерінің құрылу қарсаңының тағы бір ерекшелігі
олардың дамуына жеке бизнестің қосқан үлесі. Бұл кезеңге дейін бизнес
өкілдерінде институт көлеміндегі тәжірибелік инновациялық алаңдар болмаған.
Зерттеу университеттері ғылыми-техникалық, коммерциялық және басқада
білімдердің даму аймағына айналды [76]. Жаңа технологиялар мен оларды
нарыққа енгізетін фирмалар университеттер қатарына қосыла бастады. Екінші
дүние жүзілік соғысқа дейін университеттер аймақтық қажеттіліктер үшін ғана
қызмет атқарды. Соғыс қарсаңында жағдай өзгеріп, ірі әскери жобаларға деген
қажеттіліктер артты. Әскери қажеттіліктерге мемлекет үлкен қаражаттар
жұмсап отырды. В. Буштың 17 қараша 1944 жылғы баяндамасында ғылыми-
зерттеулерге басым назар аударып, мемлекеттен үлкен қолдау көрсетілетіні
айтылды. Зерттеу университетінің негізігінде жаңа ғылыми білімді
инновациялық жаңа формада жасау мен коммерциализацияға дейінгі үдеріс
қарастырылды. Бұл идеяны кейінірек Нельсон (1959) және Эрроуда (1962)
қолдады. Американдық зерттеу университеттерінің келесі даму кезеңі 1980
жылы Бэя-Долла (BDA–1980) Актісімен байланысты болды. Ол федералдық
агенттіктерге коммерциялық емес шағын компанияларға (non-profit),
университеттерге патенттер беруге мүмкіндік берді. Негізгі мақсаты
университеттерді зерттеу нәтижелерін коммерциализациялауға қызықтыру
болды. Бұл идеяны жүзеге асыру тиімді экономикалық әсер етті. BDA-ға дейін
университеттерге жыл сайын 250 патент беріліп отырса, 2003 жылы – 3629
патент берілген. Бұл 1 млрд. долл. лицензиялық табысқа алып келді. Сонымен
бірге бұл акті университеттерде жаңа зерттеулердің артуына септігін тигізді
[72, б.101]. Өткен ғасырдың 80 жылдарынан бастап қазіргі кезеңге дейін
американдық зерттеу универсиеттерінде жаңа беталыстар байқалады:
-
қолданбалы зерттеулердің маңыздылығының артуы;
-
жаңа ұйымдастырушылық құрылымдар (жүйелер, стратегиялық
серіктестер, альянстар);
-
технологиялық инновациялар мен өндіріс арасындағы трансфермен
айналысатын бағдарламалар;
-
университеттермен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы тиімді
технологиялық және басқарушылық шешім жасауға көмектесумен айналысатын
ұйымдар «access firm».
Неретина
Е.А.
«Этапы
становления
и
особенности
развития
исследовательских университетов» мақаласында қазіргі кездегі АҚШ-тың
жетекші 100 зерттеуші университеті федералдық бюджеттің 95%-ы білім беру
және зерттеу жүргізу мақсаттарына бөлінетінін атап өтеді. Сонымен бірге 50
зерттеу университетінде докторанттардың 60% дайындалатынын,зерттеу
университеттерінде оқытушылар мен студенттер ара қатынасы 1:6, ал басқа
ЖОО-да 1:12 екенін көрсетеді. Зерттеу университеттерінің басты
ерекшеліктерінің бірібизнеспен тығыз қарым-қатынас жасайтынын, мысал
ретінде Массачутес технологиялық институты 300 корпарациямен байланыс
20
орнатқан (олардың жартысынан көбі елдегі ең ірі корпорациялар). Зерттеу
университеттерінің бизнеспен, әлеуметтік құрылымдарымен байланысуының
маңызды аймағы біліктілікті көтеру және мамандарды қайта даярлау
бағдарламаларын жасау және жүзеге асыру бағдарламалары екенін анықтайды.
АҚШ зерттеу университеттерінің маңынан зерттеу парктері құрылып, қызмет
етеді. Зерттеу парктеріне екінші инновациялық өндіріс орындары, техникалық
қызмет көрсететін ұйымдар кіретінін қарастырып өтеді [16].
Американдық зерттеу университеттерінің қаржылық ресурстары үлкен.
Техас университетінің жылдық бюджеті 3 млрд. долл., Стенфорт және
Манчестер метрополитен университеті – 1 млрд. долл. Зерттеу университетінің
бюджеті әртүрлі қаржы көздерінен құралады. Қаржыландыру көздерінің көптігі
әртүрлі заңды және жеке тұлғаларды серіктестікке шақыруға мүмкіндік береді.
Ресурстық базаларды кеңейту мақсатында әртүрлі зерттеу университеттері
бірігіп ғылыми-зерттеу орталықтары құрылуда. Мысал ретінде, Кембридж
университеті мен Массачутетс технологиялық институты бірігіп ірі ғылыми-
зерттеу орталығы құрылды [71, б.15].
Ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша әлем мойындаған мемлекеттердің
бірі – Ұлыбритания. Мысалы, оның халқы әлемнің 1% ғана құраса да, әлемдегі
барлық ғылыми жұмыстар көлемінің 9% осы мемлекетке келеді, ал
Ұлыбританияның ғалымдары дүние жүзіне белгілі ғылыми марапаттар мен
зерттеу үшін сыйақылардың 10% ие болады. Соңғы елу жылда Ұлыбритания
зерттеушілері 44 Нобель сыйлығына ие болды [77]. Оның үстіне Ұлыбритания
әлемнің үздік университеттері рейтингінде бірнеше жоғары оқу орындары бар
мемлекеттердің бірі.
Ұлыбританияда жоғары деңгейдегі ғылыми жұмыстар және солтүстік
батыстағы аймақтың ірі оқу-зерттеу орталықтары Рассел тобына енетін,
жетекші зерттеу университеттері ассоциацияларына тиесілі. Рассел тобының
басты
міндеті
–
Ұлыбританияның
20
жетекші
университеттерін
интеллектуалдық көшбасшылық және стратегиялық бағыттарды қамтамасыз
ету [78]. Рассел тобына енетін университеттер бірлесе Ұлыбритания жоғары
білім беру жүйесін қарқынды дамытуда.
Ұлыбританиядағы жоғары білім берудің дамуындағы айтулы кезең XX
ғасырдың 60-жылдары болды. Бұл кезде елде біліктілігі жоғары мамандардың
жетіспеу проблемасы басым болды. Жоғары білімі бар адамдардың үлесі
белсенді халықтың жалпы санының 6%-ын құрады, ал ол АҚШ-та 19%-ға,
Жапонияда - 15%-ға тең болды. Кәсіпорындардағы басқарушы персоналдың
87%-ында жоғары білім жоқ болды. Кәсіптік білім беру екінші сұрыптық
болып, ал нағыз білім гуманитарлық білім болып есептелді. Ұлыбританияда 22
ғана университет болды, жоғары білімді мамандар даярлау шоғырландырылған
университет секторы академиялылығы және қоғам қажеттіктерінен қол
үзгендіктен қалыптасқан жағдайға қарай қызмет жасай алмады. Ұлыбританияда
кәсіпорында іс-тәжірибелік өндірістік оқыту мен колледждегі теориялық
оқытуды қамтитын нарықтық жүйе басымдық позицияны иемденеді [79].
Достарыңызбен бөлісу: |