134
72 және 14-контактілі жалғағышы бар SO DIMM модулі портативті
ДЭЕМ-да пайдаланылады. Басты тақтада олар SIMM модуліне ұқсас
орнатылады.
Қазіргі уақытта DIMM-ның неғұрлым кең таралған микросхемалы
модульдері – DDR SDRAM, DDR2 SDRAM и DDR3 SDRAM.
DDR SDRAM микросызбасының негізіндегі DIMM модулі 184
контактімен шығарылады (4.6 сурет).
Жад модулінің кілті болып тақтадағы ойылған жер саналады. Мұнымен
қатар, ОЕҚ-ның үйлеспейтін модуліндегі кілт, қуат күшінің номиналын
көрсете отырып (2,5 немесе 1,8 В) жəне электрлік зақымданудан қорғай
отырып, түрлі жағдайда орналасуы мүмкін (контактылер арасында бір
немесе басқа бағытқа жылжиды).
Жады модуліндегі іркілістерді бейтараптандыру үшін жұптылықты
бақылау немесе ECC (Error Cheking and Correction — қателерді анықтау
жəне түзеу) қателерді түзету коды пайдаланылады. Бұл əдістер ақпараттық
блокқа олардың бүтіндігін анықтайтын қосымша бақылау разрядтарын
қосу үшін ойластырылған.
Жұптылықты бақылау кезінде бақылау битінің мəні, бірлік саны барлық
тоғыз разрядта (мəліметтердің сегіз разряды жəне жұптылықтың бір
разряды) тақ болатындай етіп беріледі. Мысалы, жадқа жазылатын
мəліметтердің əрбір байты үшін жұптылықты бақылаудың арнайы сызбасы
байттағы бірлік санын есептейді жəне егер ол жұп болса, мəліметтерге,
сəйкес келетін жад разрядында тоғыз бит сияқты сақталатын бақылау
разряды – жұптылық битін құрады. Барлық тоғыз разрядта бірлік саны бұл
жағдайда тақ болады.
4.6 сурет.DIMM модулінің 184-контактілі тақтасы:
1 — DDRSDRAM микросызбалары; 2 — буферлі жадтың жəне қатені бақылау
микросызбасы; 3 — тақтаның бекіту ойықтары; 4 — кілт; 5 — жалғағыш
135
Егер, бастапқы мəліметтердің сегіз разрядында бірлік саны тақ болса, онда
бақылау биті нөлге тең болады жəне тоғыз разрядты екілік сан сомасы да
тақ болып қалады.
Модульден оқу кезінде ақпараттың жұптылығы тексеріледі: егер 9–
разрядты блокта бірлік саны жұп болып, жұптылық биті бірлікке тең болса,
онда бұл ақпаратты оқу немесе мəліметті жазу кезінде қателік орын алған
дегенді білдіреді. Алайда, бақылаудың мұндай əдісі қандай разрядта қате
кеткенін жəне зақымдалған разрядтар санын анықтауға мүмкіндік
бермейді.
Қателерді түзеу коды бір немесе екі разрядтағы қателерді анықтауға,
бірақ оны бір ғана разрядта түзетуге мүмкін. Ақпараттың əрбір 64 биті
үшін қателерді түзеуге қосымша сегіз бақылау разряды бөлінеді. Қателерді
түзету кодтарын пайдалану кезінде жад модулінде жадқа жазу операциясы
кезінде бақылау разрядтарын көбейтетін сызба қосылады.
Жадтан оқу кезінде ол бақылау разрядтарының оқылған жəне
көбейтілген мəнімен салыстырылады жəне қате болған кезде зақымдалған
битті дұрыстайды. Статистика бойынша жадтың көп іркілісі бір разрядта
өтеді, сондықтан мұндай қателер қате түзету кодтарымен сəтті түрде
дұрысталады.
ДЭЕМ-ның қарапайым пайдаланушыларына мұндай бақылау талап
етілмеуі де мүмкін (статистика бойынша бір қатенің болуы 10 жылда бір
рет орын алуы мүмкін), бірақ үлкен көлемді кейбір офистік компьютерлер
үшін ОЕҚ өте пайдалы болып табылуы мүмкін. Сондықтан, модуль жады
қатені түзетудің 8-битті коды бар кеңейтілген 72-разрядты шинасының
конфигурациясымен қатар, қатені бақыламайтын қарапайым 64-разрядты
шина конфигурациясын қамтамасыз етеді.
DDR ауысымына келетін DDR2, DDR3 типті жад микросызбалары 240-
контактылы DIMM модулі түрінде шығарылады.
ДЭЕМ үшін жадтың соңғы үлгідегі модульдері 512 Мбайт, 1,2 жəне 4
Гбайт нұсқасында орнатылады.
Оперативті жадтың қажетті жəне жеткілікті көлемі ДЭЕМ-ның қандай
мақсатта пайдаланылатынын анықтайтын қолданбалы бағдарламалар мен
операциялық жүйелерге байланысты болады. Офисте пайдалану кезінде
ОЕҚ-ның 512 Мбайт көлемі жеткілікті болып табылады, бірақ
мултьимедиялық ақпаратты өңдеу, видеоконференция өткізу үшін жадты 1
Гбайтқа дейін арттыру талап етіледі. Vista қазіргі заманғы операциялық
жүйесін қалыпты жұмысы үшін 1 Гбайт жад қажет. Сапалы 3D
графикасымен жəне көптеген түрлі жəне сыйымды бағдарламалармен
жұмыс істейтін пайдаланушыға (əсіресе, мамандарға) 4 Гбайт ОЕҚ талап
етіледі.
136
Оперативті жад модулінің формфактор, жад көлемі, жадтың типі,
модуль жылдамдығы (Мбайт/с) (PC — бірканалды режим; PC2 —
екіканалды режим), мəліметтерді жіберу жылдамдығы, өндіруші жəне
контактылер саны біртіндеп келетін шартты белгілері болады.
Прайс-листтегі модуль белгілерінң үлгісі:
1) DIMM 512Mb DDR SDRAM (PC-3200) 400MHz 184-pin жад модулі;
2) DIMM 1Gb DDR2 SDRAM (PC2-4200) 533MHz жад модулі.
4.2.4 Видеокарталар
Видеокарта (видеоадаптер, графикалық адаптер, графикалық тақта) —
бейнелерді құрастыру, өңдеу үшін жəне оларды монитор экранына берілуін
қамтамасыз етуге арналған ДЭЕМ-ның міндетті құрылғысы.
Дербес компьютерлерді құрастыру уақытында видеоадаптер жасаудың
бірнеше стандарттары ауысты: MDA(Monochrome Display Adapter —
монохромды дисплейлі адаптер), CGA (Color Graphics Adapter — түсті
графикалық адаптер), EGA (Enhanced Graphics Adapter — кеңейтілген
графикалық адаптер), VGA (Video Graphics Array — видеографикалық
массив), XGA (eXtended Graphics Array — кеңейтілген графикалық массив)
жəне SVGA (Super VGA — сапалы VGA) жəне т.б.
Бұл стандарттағы негізгі параметр экранда бір уақытта пайда болатын
түстер саны жəне кадрлық жайма жиілігі болып табылады.
Барлық қазіргі заманғы видеожүйелер (видеоадаптер жəне монитор)
текстік жəне графикалық режимде жұмыс істейді.
Текстік режимде монитор экраны көлденең жəне тік қалыпта, бір белгіні
(символды) енгізуге жеткілікті болатын сандардан, пиксел тобынан
тұратын жеке позицияларға бөлінеді. Суретті бейнелерде символ кодын
ауыстыру үшін экранда символдардың жолма-жол келетін бейнелері бар
ТЕҚ ретінде қаралатын белгі генераторы жұмыс істейді. Белгі генераторы
символ кодын алу кезінде оған сəйкес келетін екілік бірізділікті
қалыптастырады, одан кейін бұл видеосигналға айналады. Қазіргі ДЭЕМ-
ғы текстік режим операциялық жүйенің бастапқы жүктелу сатысында ғана
пайдаланылады.
Графикалық режимде бейненің əрбір нүктесі (пиксел) 1 биттен
(монохромды режим) 32 битке дейін (түрлі-түсті режим) кодталады.
Нақты видеожүйенің қалпына келтірілетін түстер саны мен максималды
кеңейтуі ең алдымен, видеожадтың жалпы көлеміне жəне бейненің бір
элементіне келетін бит санына байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |