137
MDA — бұл ДЭЕМ-ға арналған ескі видеостандарт, ол 720х350
пикселді монохромды текст үшін жоғары деңгейлі кеңейту процесімен
қамтамасыз ететін текстік режимде (40
х
25 немесе 80
х
25 символдар) ғана
жұмыс істеді, бірақ графикамен жұмыс істей алмады. Видеокартаның
небəрі 4 Кбайт видеожадтық көлемі болды.
CGA — компьютерлік ойындар үшін жасалған, түрл –түсті
мониторлардың алғашқы стандарты. CGA графикалық тақтасындағы
видеожадтың көлемі 16 Кбайт болды жəне ол монитор мен телевизорға
қосыла алды. CGA тақтасы бірнеше графикалық жəне текстік
видеорежимдердің жұмысын қамтамасыз етті. Барлық режимдер
арасындағы ең жоғары кеңейту – 64х200 пиксел – екі түс (ақ-қара
монохромды режимі); ең жоғары түс тереңдігі – 320х200 пиксел үшін 16
түс (4 бит).
Келесі EGA стандарты CGA видеорежимінің үлкен бөлігін қолдап,
640х350 пикселдік кеңеюді, сонымен қатар текстік жəне графикалық
режимдегі бапталатын палитраны (мүмкін болатын 64 түстен 16 түсі)
қамтамасыз етті.
Видеокарталар ақпаратты мониторға 9-контактілі жалғағыш арқылы
сандық түрде жберді.
MCGA (MultiColor Graphics Adapter — көп түсті графикалық адаптер)
стандартының видеоадаптері экраны 640х400 пикселді (мəтінмен жұмыс
кезінде) жəне бір уақытта 256 түс бейнеленетін 320х200 пикселді
(графикалық жұмыстар үшін) монитормен байланыстың аналогтық
сигналына көшті. Аналогтық сигналдарды пайдалану (кернеу деңгейі
қызыл, жасыл жəне көк түсті əрбір линия бойынша берілді) бұдан əрі,
видеоадаптер мүмкіндігімен шектеулі болған түстердің кез-келген санын
бейнелеуге қабілетті дисплей құруға мүмкіндік берді.
Мониторға қосу үшін қазіргі уақытта да қолданылып келе жатқан 15-
контактылы D-Sub жалғағышы пайдланылды.
VGA стандартының видеоадаптерлері 256 Кбайт көлеміне ие болды
жəне экран жағынан (көлденең орналасқан нүктелер саны олардың тік
орналасқан санына тең) 4:3 қатынасын қамтамасыз етті. VGA текстік
режимінде 720х400 пиксел рұқсат етілді; 640х480 пикселді графикалық
режимде ол 16 түсті, 320х200 пикселді режимде 256 түсті қамтамасыз етті.
Стандарт VGA ұзақ уақыт бойы ДЭЕМ дисплейлері үшін негізгі
стандарт болып табылды. Қазіргі заманғы барлық видеокарталар жұмысын
(жоғары деңгейде рұқсат беретін жəне түстерінің саны неғұрлым көп
SVGA, 8514/A, XGA стандарттары болса да) VGA стандарты қамтамасыз
етеді
138
VGA стандартынан кейін түрлі өндірушілер бір-бірімен үйлеспейтін
жоғары деңгейлі рұқсат беру қабілеті бар видеоадаптерлер шығара
бастады.
Видеостандарт жоғары деңгейлі рұқсат беру қабілеті бар 8514/A
стандарты
VGA
стандартының
мүмкіндіктерін
кеңейту
үшін
құрастырылды. 8514/A стандарты 8514/A 1 024 х 768 пискелді рұқсат
беруді, 256 түсі бір уақытта бейнелене алатын 262 мың түс палитрасын
қамтамасыз етті.
XGA — ескірген 8514/A стандартын ауыстырған, жоғары деңгейлі
рұқсат беру қабілеті бар графикалық стандарт. Ол да 8514/A стандарты
секілді 1 024х768 пикселді рұқсат беру процесін қамтамасыз етті, бірақ бір
уақытта көрінетін түстер саны 65 мыңға дейін артты.
Видеоадаптерлердің Windows операциялық жүйесімен үйлесімділігіне
қол жеткізу үшін жəне видеорежимдерді VESA (Video Electronic Standards
Association
—
видеоэлектроника
стандартының
ассоциациясы)
асоциациясымен қолдау үшін рұқсат беру жəне түстер саны бойынша VGA
стандартынан асып түсетін Super VGA (SVGA) стандарты ұсынылды.
SVGA видеоадаптерінің жады 1 Мбайттан асты.
SVGA графикалық стандарттар жиыны рұқсат беру процесінің бұдан да
көп градациясын (640
х
480, 800
х
600, 1 024
х
768, 1152
х
864, 1280
х
1024,
1600
х
1280, 1800
х
1350, 1920
х
1440 и 2 048
х
1 536) алу үшін
құрастырылған .
Бит/түс саны: 8 бит/256 түс; 16 бит/65 536 түс (режим HiColor); 24
бит/16,7 млн түс (режим TrueColor); 32 бит (24 бит — түс жəне 8 бит —
альфа-канал)/16,7 млн түс (режим TrueColor). Альфа-канал үш өлшемді
графикада жиі пайдаланылатын түстердің тұнықтығын анықтайды. SVGA
стандартында біруақытта көрінетін түстер саны тек видеожад көлемімен
шектелген.
Видеокартада үш өлшемді ойынның пайда болуымен 30-акселератор
енгізіледі, бұған дейін видеоадаптер тек екі өлшемді графикамен (20)
жұмыс істеуге мүмкіндік берген.
Кадрлық жайма жиілігінің пайдаланушы үшін көптеген белгілері
болады. Кадрлық жайманың мынадай жиіліктері пайдаланылады: 60, 72,
75, 85, 90, 120 жəне 180 Гц. Әдетте, VESA ұсынған 85 Гц жиілікті орнату
жыпылықтауды болдырмайды.
Видеокарта өте күрделі құрылғы болып саналады, оның баспа тақтасы
жүйелік тақтадағыдай секілді бірнеше қабаты ток өткізгіш сымдардан,
тұрады жəне электронды сызбасының толық компоновкасы болады.
139
Видеоадаптердің сызбалық-техникалық жағынан күрделі болуына
байланысты бастапқы, орташа жəне жоғары (кəсіби) класты карталарға
бөлуге болады, олардың бір-бірінен өлшемі, өнімділігі, жад көлемі,
графикалық мүмкіндіктері т.б. жағынан айырмашылықтары болады.
Тақта графикалық процессорды, видеожадты, ядро мен жад қуатының
бөлек қосалқы жүйесін, PCI слотына немесе AGP басты тақтасына қосуға
арналған интерфейсті жалғағыштарды, монитор мен телевизорға қосатын
жалғағыштарды біріктіреді, ал кəсіби видеокарта үшін – қосымша қуатты
беретін жалғағыштарды біріктіреді.
Қазіргі видеокарталардың негізгі тораптарына графикалық процессор,
видеожад немесе фрейм-буфер (кадр буфері) деп аталатын өзінің жады
жəне BIOS жатады (4.7 сурет).
Видеокартаның маңызды элементі RAMDAC (Random Access Memory
Digital to Analog Converter — жадқа еркін қолжетімді сандық-аналогты
өзгерткіш) санды-аналогтық өзгерткіші болып табылады. Ол мəліметердің
сандық легін қызыл, жасыл жəне көк түстің ашықтығының аналогты
деңгейіне өзгертеді. RAMDAC-тың жұмыстық жиілігі жəне разрядтылығы
сурет сапасына əсер етеді. Жиілік максималды рұқсатты жəне монитордың
кадрлық жаймасын анықтайды; разрядтылық видеокартаның қанша түске
дейін бейнелей алатынын белгілейді.
4.7 сурет. Графикалық адаптер тақтасы және видеоқұрылғыны
қосу сызбасы:
1 — баспа тақта; 2 — жалғағышы бар бекіткіш жұқа тақтайша; 3 — VGA (D-
sub) 15-контактылы стандартты жалғағыш; 4 — монитор; 5 — проектор; 6 —
теледидар және видео ойнатқыш; 7 — S-Video для TV-out үшін S-Video
теледидар жалғағышы; 8 — орнатылған кілті бар тақта жалғағышы (AGP
шинасы)
Достарыңызбен бөлісу: |