40
4) Медициналық жоғары оқу орнында физика бойынша алған біліміңіз
кәсіби қызмет атқаруға толық жеткілікті ме ?
Сауалнама
нәтижесі
дәрігерлерде
төмендегідей
қиыншылықтар
болғандығын көрсетті:
- диагностикалық медициналық құралдың жұмыс істеу принципін түсіну
бойынша дайындықтың жеткіліксіздігі;
- диагностикалық құралда қолданылған физикалық фактор не себепті
алынғаны туралы мәліметтің жеткіліксіздігі;
- алынған ақпаратты басқа түрге келтіру қиындығы;
- заманауи медициналдық құралдар туралы мәліметтердің, олардың
физикалық принциптерін түсіндіретін мәлімет көзініңаздығы;
Материалдарды талдау арқылы, жас мамандардың кәсіби іс-әрекетін
орындау барысында кәсіби бағытталуының жеткіліксіз деңгейде дамығаны
туралы қорытынды шығаруға болады. Студенттер, диагностикаға еніп жатқан
инновациалық
медициналық
аппарат
бойынша
физикалық
білімнің
жеткіліксіздігін көрсетті. Сонымен, медициналық жоғары оқу орынының түлегі
кәсіби іс-әрекетке диагностикалау бойынша жеткілікті түрде дайын емес.
Медициналық жоғары оқу орны студенттері «Физика қажет пе?» деген
сауалнамаға келесідей жауап берді: олардың 23% -і «физика пәніне, мүмкіндік
болса, қатыспайтын едім»; 48% - і тек жеке сұрақтары ғана кәсіби іс-әрекетте
қажет болады дейді, ал қалғандары оқымаса да болады деген; және тек 25% -і
кәсіби білім алуда аталған пән маңызды деп есептейді.«Физиканың жеке
тараулары Сізге өмірде қажет болады деп есептейсіз бе?» 63% студент «ия», ал
қалғандары 37% -і дәрігердің іс-әрекетінде физика қажет болмайтындықтан,
оны оқудың мәні жоқ деп жауап берген. Сонымен қатар, «Медициналық
приборлар неге негізделген, қалай ойлайсыз?» деген сұраққа, 90% студенттің
барлығы дерлік медициналық аппарат физикалық құбылыстарға негізделген
деп жауап берді.
Физика пәні – көптеген кәсіби оқыту мекемелерінде оқытудың міндетті
компоненті болып табылады. Бірақ бұл пәнді оқытуда көптеген қиындықтар
туындайды. Студенттің пәнге деген қарым-қатынасын зерттей келе,
студенттерде физика пәні бойынша білім қорының жетіспеушілігі, пәнді оқуға
жігерінің аздығы анықталды, себебі студенттер болашақ мамандығында
физиканың практикалық қолданылуын білмейді, міндетті және қосымша
білімді өз бетінше меңгеруге қауқарсыздығы анықталды.
Сосын анықталғанындай, студенттер үшін ең қызықтысы – медициналық
приборлардың жұмыс істеу принциптері мен оның қолданылу аймағы болып
шықты.
Нәтижесінде, пәнді меңгеру деңгейін жоғарылату үшін, студенттердің
физикалық білімін жобалау технологиясын, проблемалық оқыту технологиясы,
гипотеза ұсыну тәсілдерін қолдана отырып күшейту керек деген ұсыныс жасай
аламыз. Оған толығырақ 2 тарауда тоқталамыз.
Байқағанымыздай, студенттер медициналық аппараттардағы физиканың
рөлін көргенімен, физика пәнін оқу барысында алынған физикалық білім мен
41
білікті, кәсіби іс-әрекетте қалай қолдану керектігін білмейді. Яғни оқытылатын
физика пәні шынайы өмірдегі мамандықпен әлсіз байланыста оқытылады.
Физиканы білу, студент-медиктің кәсіби бағытта білім алуын дамытуға
ықпал жасайды. Бірақ соңғы жылдары бірінші курс студенттерінің физиканы
оқуға қызығушылығының төмендеуін жоғарыда атап өттік. Оны оқудың
құндылықты-мәндік тұстарын білмейді, және кейін өз кәсібінде алған білімін
қалай қолдануды түсінбейді.
Қазіргі кезде, медициналық білім алу процесінде қолданылатын кәсіби
модельді ұйымдастыру жаппай орын алуда. Интеллектуалды моделден
экспертті түрге ауысу медицинаның қарқынды дамуына негізделген, яғни,
болашақ дәрігерлердің инновациялық технологияларын меңгеруі мен осы
технологияларды игеруге даярлығының қажеттілігі туады [121].
Сонымен қатар, студенттерге дұрыс диагноз қою үшін физикалық білім
қажет деп есептейміз. Өйткені осы пәнде жинақтаған теориялық білімдері мен
меңгерген практикалық іс әркеттер кейінгіжоғары курстарда, яғни ішкі аурулар,
хирургия, балалар ауруы, гинекология мен акушерия және т.б. кәсіби пәндерде
қажет болады. Бұл туралы 2.1 тарауларда толық айтамыз.
2013-2014 оқу жылында Х.А. Ясауи атындағы қазақ түрік университетінің,
медицина факультетінің «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс
студенттеріне мектеп физика курсы бойынша білімі деңгейін анықтау
мақсатында тест ұсынылды. Қатысқан студенттердің саны 249-ды құрады.
Олар жалпы физика курсы бойынша 50 сұраққа жауап берді: механика – 10
сұрақ, молекулалық физика – 10 сұрақ, электр және магнетизм – 10 сұрақ,
оптика – 10 сұрақ, атомдық физика – 10 сұрақ.
Кесте 3 – 1 курс студенттерінің физика пәнінен білімін анықтау
Сұрақ
саны
Механика
Молекулалық
физика
Электр және
магнетизм
Оптика
Атомдық
физика
Студ.
саны
% Студ.
саны
% Студ.
саны
% Студ.
саны
% Студ.
саны
%
0
62
25
48
20
39
16
107
43
192
77
1
57
23
92
37
58
23
65
26
36
14
2
36
15
49
20
29
12
31
12
15
6
3
52
21
53
21
30
12
12
5
5
2,6
4
35
14
1
0,3
26
10
9
4
1
0,4
5
7
2
1
0,3
12
4
7
3
6
3
1
18
8
8
3
7
2
0,4
10
4
6
2
8
8
3
4
2
9
4
1
10
15
7
Барлығы 249
100
249
100
249
100
249
100
249
100
Сұрақ саны бағанасында - студенттердің қай сұраққа жауап бергені
белгіленген. Бос бағанада – студент ешқандай сұраққа жауап бермегенін
білдіреді. Механика бойынша мүлдем жауап бермеген студент – 62,
Достарыңызбен бөлісу: |