33
10.4 Зертханалық жұмысты орындау реті
10.4.1 Жүйелік мониторды пайдаланып жүйе туралы ақпарат алу: Жүйе
– Администрациялау – Жүйелік монитор.
10.4.1 Жады картасын және ашылған файлдарды тексеру. Егер
процесстің жады картасын көру қажет болса, онда оны ерекшелеп алып,
Ctrl+M басылады. Егер қай файлдар процесстер ашқанын анықтау қажет
болса, онда Ctrl+F қолданылады.
10.4.2 Мәтіндік утилиттермен жұмыс жасау. Arch утилиті жүйе
архитектурасын, uname утилиті дистрибутив атын көрсетеді: den@den-
desktop:~$ arch i686 den@den-desktop: ~$ uname Linux den@den-desktop:~$.
hostname утилиті компьютер атын экранға шығарады: den@den-desktop:~$
hostname den-desktop
10.4.3 Жедел жады туралы ақпараттарды қарастыру. Жедел жадыны
пайдалану туралы мәліметтер free командасының көмегімен алынады:
den@den-desktop:~$ uptime
10.5 Бақылау сұрақтары
10.5.1 Жүйелік монитор дегеніміз не?
10.5.2 Мәтіндік утилиттер түрлері қандай?
10.5.3 total, used және free командалары қандай қызмет атқарады?
10.5.4 df командасы не үшін қолданылады?
10.5.5 den@den-desktop жазбасы нені білдіреді?
10.5.6 ~$ uname Linux жазбасының мағынасы неде?
10.5.7 Arch және uname утилиттерінің қызметін атаңыз.
11 Зертханалық жұмыс
№11. Bash интерпретаторы
Жұмыстың мақсаты: Bash интерпретаторымен жұмыс жасау.
11.2 Жұмыстың тапсырмалары
1) Вash интерпретаторын жүктеу.
2) Алғашқы сценарий құру.
3) Айнымалыларды анықтау.
4) Сценарий командаларымен жұмыс.
5) Жаңадан сценарий құру.
11.3 Теориялық мәліметтер
Bash интерпретаторы көмегімен кейбір тапсырмалардың орындалуын
автоматтандыратын кешігірім сценарийлер құруға болады. Сценарий
34
дегеніміз командалық интерпретатор орындауға тиіс инструкцияларды
қамтитын мәтіндік файл. Bash интерпретаторы #!/bin/bash командасымен
жүктеледі.
Сценарийде қолданылатын айнымалаларды алдын-ала анықтау керек.
Айнымалаларды анықтау:
айнымалы атауы=мәні
Теңдік белгісінің алдына және соңына бос орын қалдырылмайды.
Айнымалылар:
$0 – сценарий аты
$n – n номерлі параметр мәнін анықтау
$# – сценарийге берілетін параметрлер саны
$? – соңғы инструкцияны аяқтау коды
$$ – ағымдағы процесстің номері.
11.4 Зертханалық жұмысты орындау реті
11.4.1 Bash интерпретаторын жүктеу: #!/bin/bash
11.4.2 Алғашқы сценарий құру үшін gedit жүктеп, төменгі жазуды
енгіземіз
#!/bin/bash
# жолды шығару
Echo «Hello world»
Жазуды енгізген соң, оны first атымен сақтаймыз.
11.4.3 Айнымалыларды
анықтау: айнымалы атауы=мәні арқылы
бағдарламада қолданылатын барлық айнымалаларды анықтаймыз
11.4.4 Сценарий командаларымен жұмыс: echo $Path – айнымалының
мәнін шығару, export – айнымалы мәнін тағайындау
11.5 Бақылау сұрақтары
11.5.1 Сценарий дегеніміз не?
11.5.2 Арнайы (қызметші) айнамылаларды атаңыз.
11.5.3 Қосымша айнымалаларға қандай айнымалалар жатады?
11.5.4 Айнымалыға команданың нәтижесі қалай жазылады?
11.5.5 #!/bin/bash жазуы нені білдіреді?
11.5.6 Сценарийге берілетін параметрлер санын қалай анықтауға
болады?
11.5.7 Соңғы инструкцияны аяқтау командасын көрсетіңіз.
12 Зертханалық жұмыс
№12. BASH интерпретаторын қолдану
Жұмыстың мақсаты: Bash интерпретаторымен жұмыс жасау.
35
12.1 Жұмыстың тапсырмалары
1) Шартты операторлармен жұмыс жасау.
2) Циклдермен жұмыс жасау.
3) Күрделі сценарий құру.
12.2 Теориялық мәліметтер
Тәжірибеде келтірілген берілгендер немесе аралық нәтижелердің
мәндеріне байланысты кейбір операторлары орындалатын, ал қалған
операторлары орындалмайтын алгоритмдер кездеседі. Мұндай алгоритмдерді
тармақталушы құрылымды алгоритмдер деп атайды. Басқаша айтқанда,
алгоритмдік тілде қойылған шартқа байланысты екi немесе екiден де көп
тармақтары бар алгоритмді тармақтақталушы құрылымды алгоритм деп
атайды.
Осы алгоритмді бағдарламалау барысында көшу операторлары және
таңдау операторы қолданылады. Көшу операторлары екіге бөлінеді: шартты
көшу операторы және шартсыз көшу операторы.
Шартты көшу операторы жағдайында таңдалынған оператор тек
қайсыбір шарт ақиқат болса ғана орындалады. Егер шарт жалған болса, else
сөзінен кейінгі оператор орындалады. Оператордың толық жазылуы:
if 1-шарт then 1-оператор elif 2-шарт then 2-оператор else 3-оператор fi
Егер 1-шарт ақиқат болса, онда 1-оператор орындалады. Егер 1-шарт
жалған болса, онда 2-шарт тексеріледі. Егер 2-шарт ақиқат болса, онда 2-
оператор орындалады, әйтпесе басқару келесі командаға өтеді.
Elif блоктарының санына шектеу қойылмайды.
Көп жағдайларда аргументтердің әр түрлі мәндері үшін алгоритмнің
белгілі бір бөліктерін немесе операторлар тобын бірнеше рет қайталауға тура
келеді. Осындай құрылымды алгоритмдерді ұйымдастыру үшін қайталанушы
құрылымды алгоритмдер қолданылады.
Bash интерпретаторы қайталанушы құрылымды алгоритмдердің төрт
түрін қамтиды. Олар: For, While, Until және select .
Цикл дегеніміз – қайсыбір шарт орындала бергенге дейін белгілі бір
амалдар тізбегін бірнеше рет жүзеге асыратын (не бірде–бір рет
орындалмайтын ) әрекетті ұйымдастыру түрі.
Циклдiк құрылымды алгоритмдi бағдарламалауда, қайталанушы
процесс бiр айнымалының мәнiне тәуелдi болса, For операторын қолданамыз.
Параметрлі For операторында айнымалы тек бiр қадамға ғана өзгере отырып,
циклдi басқарады. Бұл, айнымалы циклдiң параметрi делiнсе, For операторын
параметрлi қайталану операторы деп атайды. for операторының жалпы түрі:
for айнымалы in 1-тізім do 2-тізім done