1
LINUX ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
мамандығының студенттері үшін зертханалық
жұмыстарды орындауға
арналған әдістемелік нұсқаулықтар
Алматы 2015
АЛМАТЫ
ЭНЕРГЕТИКА
ЖӘНЕ
БАЙЛАНЫС
УНИВЕРСИТЕТІ
ИКИ И
СВЯЗИ
Компьютерлік
технология
кафедрасы
Коммерциялық емес
акционерлік
қоғам
Акционерлік қоғам
2
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Қожамбердиева М.И. Linux операциялық
жүйесі: 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
мамандығының студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға
арналған әдістемелік нұсқаулықтар. – Алматы: АЭжБУ, 2014. – 43 б.
Әдістемелік нұсқауларда Linux операциялық жүйесінде виртуалды
жұмыс жасау негіздері қарастырылған. Linux операциялық жүйесінің негізгі
түсініктері және дербес компьютерде Linux операциялық жүйесінің
командалары, қолданбалы бағдарламалармен жұмыс істеу жолдарын корсете
отырып Linux операциялық жүйесін орнату жолдары баяндалған.
Әрбір виртуалды зертханалық жұмыс үшін қысқаша әдістемелік
нұсқаулар және жеке орындауға арналған жаттығулар берілген. Зертханалық
жұмысты орындаудан бұрын студент әдістемелік нұсқаулармен танысып,
осыған байланысты материалдарды оқып және бақылау сұрақтарына
оқытушыға жауап беруі тиіс. Зертханалық жұмысты орындағаннан кейін
студент оқытушыға электронды түрде әрі жазбаша есеп беруі тиіс.
Әдістемелік нұсқаулар 5В070400 – Есептеу техникасы және
бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттеріне арналған
Әдеб.көрсеткіші- 9 атау.
Пікір беруші: аға оқытушы Алмуратова К.Ш.
«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес
акционерлік қоғамының 2014 ж. қосымша жоспары бойынша басылады.
© «Алматы знергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2015 ж.
3
Кіріспе
Компьютердегі орындалатын барлық операциялар бағдарламаның
көмегімен жүзеге асады. Жүйелік бағдарламалық жасақтама компьютерді
пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру
мен қолданбалы бағдарламалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған. Оған
операциялық жүйелер, утилиттер, сервистік бағдарламалар жатады.
Операциялық жүйе компьютер мен басқа бағдарламалар арасындағы
алғашқы және негізгі дәнекер. Егер компьютерге операциялық жүйе
орнатылмаса, онда компьютер бірде-бір команданы орындай алмайды, тіпті
жүктеле алмайды. Кейінгі уақытта Linux операциялық жүйесі кеңінен
қолданылуда. Linux операциялық жүйесі қарапайым, жұмыс жасауға ыңғайлы
және ашық кодты операциялық жүйе.
Linux-ты кез-келген жергілікті торапта интегралдауға болады. Linux
операциялық жүйесінің жүйелік жадысы 4Кбайт көлемді бет түрінде
ұйымдастырылған. Егер операциялық жүйе толығымен толса, онда ол көптен
бері қолданбаған жады беттерін іздейді. Егер бұл беттердің қайсыбіреуі керек
болса, Linux дисктен оларды қайтадан қалпына келтіреді. Алғашында Linux
Intel 386/486 негізіндегі дербес компьютерге арналған, қазір Pentium
негізіндегі микропроцессорлармен жұмыс істеуге болады.
Линус Торвальдс ядро өнімін өзгертуін жалғастырып келе жатқанына
байланысты дистрибутивтер сияқты бұтақталмай ядро версиясы да өзгеріп
отырады. Linux ядросының версиялары нүктемен ажыратылған 3 санмен
анықталады.
Әдістемелік нұсқаудың негізгі міндеті: Linux операциялық жүйесінде
жұмыс жасау негіздерін үйрету; студенттердің болашақ мамандықтары үшін
Linux операциялық жүйесін пайдалануға дайындау; Linux операциялық жүйесі
дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік
мәліметтермен таныстыру. Студенттерді Linux операциялық жүйесінің негізгі
түсініктерімен таныстыру және дербес компьютерде Linux операциялық
жүйесінің командаларымен, қолданбалы бағдарламалармен жұмыс істеуге
дағдыландыру.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауда жоғарыда айтылған «Linux
операциялық жүйесі» пәнінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес теориялық
мәліметтер беріліп, әрбір тақырып бойынша жинақталған-зертханалық
жұмыстарда студенттердің өз беттерімен орындауларына арналған
тапсырмалар мен оларды орындау реті баяндалған.