61
әжесі Айғаным үлкен әсер етті. Тумысынан сезімтал, дарынды балаға әжесі
білім мен халық даналығының сарқылмас көзі болды. Ол Шоқанға
қазақтың ежелгі аңыздары мен хикаяларын қызықты етіп әңгімелеп, күні
кеше өзі қатысқан тарихи оқиғаларды еске алып отырды. Халықтың озық
дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бойына сіңірген әжесінің жарқын
бейнесін Шоқан өмірінің соңына дейін ұмытпай есте сақтады.
Шоқан Уәлиханов ерте жастан қазақтың халық поэзиясына қатты
құмартып, оның классикалық үлгілерін жазып алып, ата-анасына оқып
беріп жүрді. Бала кездің өзінде-ақ ол «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» және
«Еркөкше» халық поэмаларының түрлі үлгілерін жазып алып, кейін оларды
ұстазы Н. Ф. Костылецкийге табыс етті.Оның отбасында жиі қонақ
болатын қазақ әншілері мен жыршылары Шоқанның халық поэзиясына
деген
қызығушылығын
оятуға
көп
әсер
етті.
Шоқан
шығыстың
басқа
да
халықтарының
поэзиясымен
шұғылданды.Шоқанның ғылымға қызығушылығын қалыптастыруда
әкесінің алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауым өкілдерімен байланыста
болуы
көп
әсер
етті.
Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі,
философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз
әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері
қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз.
Айтылым
Шоқан– тарихшы, ежелгі мәдениет пен өнердің археологиялық
ескерткіштер мен сәулет өнері тарихшысы. Қолжазбаларында тұрақтар мен
елді мекендерді, таулар мен өзендерді географ ретінде тарқатып келеді де,
өз ойларын өнер тарихымен ұштастырып жібереді.
Шоқан – ұлы ғалым, ол Қозы Көрпеш– Баян сұлу кешенін «қырғыз–
қайсақтардың мазарларынан» басқа жерде талдап тарқатпаған.
Оның Қазақстан және Орта Азия халықтарының ежелгі өнерінің тарихы
жөнінде айтқан ой – пікірлері аса құнды да терең.
Саяхаттары туралы еңбектері :
«Ыстықкөл сапарының күнделіктері»
«Қырғыздар туралы жазбалар»
«Жоңғария очерктері»
«Қытай империясының батыс провинциясы»
Шоқан елдің саяси – әлеуметтік, ұлттық мәдени – рухани
ерекшеліктеріне айрықша назар аударады.Қашқария тарихы, экономикасы,
этнографшы, саяси өміріне қатысты мол деректер жинап, ол туралы
зерттеу еңбектер жазуы. Ол өз еңбектерінде әр дәуірдегі әдебиет өкілдері
мен мәдениет мұраларына тоқталып отырады.
Шоқан тек қазақ ауыз әдебиетінің ғана емес, туыстас түркі елдерінің
де әдеби мұраларын қағазға түсіріп қоймай, оларды терең зерттеп
насихаттап отырды.
62
Шоқан – суретші.
Шоқан
ХІХ ғасырдың орта шенінде бейнелеу өнерінің
профессионалды салаларында еңбек еткен қазақ халқының шын мәнінде
тұңғыш суретшілерінің бірі. Шоқанның графикалық туындылары арасынан
портреттік жұмыстар басты орын алады.
Суретші Шоқан – барынша ақын жанды. Қарындаштың бейнелегіштік
қасиетін үлкен суреткерлікпен өз кәдесіне жарата алатындығы
соншалық,нобайлық нұсқаның өзін классикалық деңгейге көтере алады.
Суретші Шоқан сәулет өнері үлгілерін де, таңбалы тастар мен тас
мүсіндерге де аса ден қояды.
Оқылым.
1-тапсырма. Мәтіннен жалқы есімдерді тауып, оқыңыз.
2-тапсырма.Мәтіннен орыс тілінен енген сөздерді тауып, қазақ тілінде
баламасын беріңіз.
3-тапсырма-Мәтіннен қырғыз халқының салт дәстүрі туралы жазылған
үзіндіні тауып, оқып беріңіз. Орыс тіліне аударыңыз.
Жазылым.
4-тапсырма. Екі жай сөйлемнен жалғаулықтарды қолданып, салалас
құрмалас сөйлем құраңыз .
1) Шоқан орысша бір ауыз сөз білмеді . Екі – үш жылдың ішінде озат
оқушылардың қатарына қосылды.
2) Шоқан өте жақсы оқыды. Мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында болашақ
ғалым , зерттеуші деп атады
3) Шоқан 30- ақ жыл өмір сүрді. Көп жұмыс атқарды
.
5-тапсырма.Көп нүктенің орнына қажетті жалғаулықты қойып,
салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
1. Бүгін жақсы жауап бердім, ... мұғалім риза болды .
2. Жиналыс бітті , ... халық тараған жоқ.
3. Бүгін жол тайғақ , ... кеше қар аралас жаңбыр жауған.
4. Қалаға ... Айгүл барады , ... мен барамын.
Жалғаулықтар: Алайда, өйткені, да, де, сондықтан, өйткені, себебі
дегенмен , бірақ
,
бірде, біресе.
6-тапсырма.
Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңыз.
1. Ғылыммен жақын болсаң,
2.Залыммен жақын болсаң,
63
3. Ұста өлсе, ....
4. Білімді өлсе...
7-тапсырма.
Сөйлемдерді
қазақ
тіліне
аударыңыз.
Ш. Уалиханов родился в 1835 году в нынешней Кокшетауской области.
Он рос умным, понятливым мальчиком. Настоящее его имя –
Мухаммедханафия. Шокан – это ласкательное имя, данное ему
родителями. Он обучался арабской грамоте, знал чагатайский и другие
тюркские
языки.
В 12 лет он поступил в Омский кадетский корпус. Он учился очень
хорошо. Он побывал во многих местах, собирал образцы устного
народного творчества и материалы, связанные с историей и этнографией не
только казахского народа, но и уйгурского, киргизского, дунганского,
китайского
народов.
Он впервые записал эпос киргизского народа «Манас». В 1857 году он стал
членом русского Географического общества.
8-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жауаптарды қойыңыз.
1. Шоқанның әкесінің аты ............. .
2. Шоқанның орыс досы ............. .
3. Шоқанның атақты саяхаты ................ .
4. Шоқанның арғы атасы .......... .
5. Шоқан зерттеген қырғыз жыры .............. .
6. Шоқанға ықпалы тиген орыс ақыны .............. .
7. Шоқанның Қашқарға барғандағы есімі ............ .
8. Кеңес дәуірінде Шоқан жайлы жазған ғалым .................. .
9. Шоқанның шешесінің аты .................... .
10. Шоқанның азан шақырып қойған аты ................ .
11. Шоқан жайлы пікір айтқан орыс ғалымы ................. .
12. Шоқан 1856ж. қай ақынмен кездесті? .................... .
13. Шоқанның немере інісі, елтаңба авторы .................. .
14. Шоқан жайлы пікір айтқан тарихшы-ғалым ............. .
9-тапсырма.
«Егер мен ғалым болсам...» тақырыбына эссе жазу.
10-тапсырма. Ойлан, тап! «Артығын тап!»
Шоқан Уәлиханов ...
Ғалым
Құрылысшы
Саяхатшы
Достарыңызбен бөлісу: |