Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті., ф.ғ. к



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет17/37
Дата26.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18099
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37

 
49 
Сенің  ойларыңның  дұрыстығына  көз  жеткізу  үшін  өз  шешіміңді 
достарыңмен, 
ата 
– 
анаңмен, 
мұғалімдермен, 
психологпен, 
профкеңесшімен талқыла. 
7. Сәттілікке бастайтын негізгі тәжірибелік қадамдарды анықтау 
Сонымен, Сіз шешім қабылдадыңыз, енді: Саған қай оқу орнында кәсіптік 
білім  ала  алатыныңды,  кәсіби  маңызды  қасиеттерді  қалай  дамытуға 
болатынын,  еңбек  нарығында өзіңнің  бәсекеге  қабілеттілігіңді  қалай  ар 
ттыруға болатынын анықтау маңызды. 
  
Оқылым бойынша тапсырмалар: 
1. 
Мәтінге  сұрақ  қойыңыз. 
2. 
Сіз  өз  болашақ  мамандығыңызды  қалай  таңдадыңыз?  Осы 
мамандықты таңдауға не себепші болды? 
3. 
 Сіз  мамандығыңызды  таңдағанда  қоршаған  ортаның  пікірлері 
(ата-анаңыздың, 
достарыңыздың, 
қатарластарыңыздың 
пікірі) 
маңызды болды ма?  
4. 
Мәтінге  қатысты    тірек  сөздерді  атаңыз.    Ең  көп  аталған 
сөздерді түртіп алыңыз.  
5. 
Мамандықты  таңдау  болашаққа  маңызды  ма?  Мағыналарын 
ашып, түсіндіріңіз. 
 
Рөлдік ойын.  
      Мен  болашақ  экономист,  эколог,  агроном,  бағдарламашы    ретінде  .....   
Қазақстанның дамуына қандай септігімді тигізер едім.....                     
Экономикалық дағдарыс (қиыншылық). 
 
10-тақырып. Ғылым және инновациялық технология. Әлемдік білім 
беру кеңістігі. 
 
Сіз бұл модульда мына дағдыларды меңгересіз: 
Сөйлесім: талқылау 
Сын тұрғысынан ойлау:   
Тыңдалым:  
Жазылым: 
Оқылым:  негізгі идеяларды анықтау 
Грамматика: 
Өз бетінше оқу дағдылары: 
 
Талқылау 
Жұптық жұмыс.   
Мына сұрақтарды талқылаңыздар. 
Ғылым  мен  технологияның  адам  үшін  маңызы 
қандай? 


 
50 
Ғылымды меңгеру міндетті ме? Не үшін қажет? 
Адамдар техникалық құралдардың көмегісіз  
тұра ала ма? 
 
1-тапсырма. Мына ойды жалғастырыңыз.  
Бүгінгі интернет – іскерліктің қуатты  
үдеткіші, ақпараттың негізгі құралы, білім  
мен  ғылымның  негізгі  аспабына  айналды. 
Интернет арқылы .......... 
 
 
 
2-тапсырма.  Мына  сұрақтарға 
Иә
не 
Жоқ
деп  жауап  беріңіз.  Нақты 
дәлелдер келтіріңіз. 
Интернет адам организміне зиянды ма? 
Интернет табыстың көзі ме? 
Ұялы телефон мен компьютерсіз қарым-қатынас жасау мүмкін емес пе? 
 
Оқылым.  
 
      Қазіргі  таңда  жаңа  технологиялардың,  компьютердің,  оның  ішінде 
ғаламтордың    қызметтеріне  жүгінбейтін  адам  кемде  кем.  Әсіресе,  түрлі 
компьютерлік ойындарсыз балалар мен жасөспірімдердің күндері өтпейтін 
болды.  Компьютердің  адам  денсаулығына  қаншалықты  зиян  екенін  білсе 
де,  егізінің  сыңарындай  айырылар  емес.  Статистикалық  мәліметтер 
бойынша  күніне  интернет  клубтарға  200  адамға  жуық  кіреді  екен.  Оның 
дерлік  көпшілігі  он-он  алты  жас  аралығындағы  балалар,  ең  кіші 
келушілердің  жас  шамасы  бес-алты  жастағы  бүлдіршіндеріміз  екен. 
Көпшілігі  үш  сағат  шамасына  үзіліс  жасамай  тапжылмай  отыратын 
көрінеді.    Әрине,  адам  өмірінде  өте  пайдалы,  керекті  құрал  екеніне 
ешкімнің  дауы  жоқ.  Дегенмен,  сол  компьютердің  пайдасынан  гөрі  зияны 
көп екенін бірі білсе, бірі білмес. Мысалы, 2002 жылдың, наурыз айында 21 
жасар  американдық  Шон  Вили  виртуалды  EverQuest  он-лайн  ойынында 
жеңіліске  ұшырап,  жүйке  жүйесіне  әсер  еткені  соншалық,  өз-өзіне  қол 
жұмсаған.  Көптеген  психологтардың  зерттеуіне  қарағанда,  компьютерлік 
ойын  үстінде  адамның  ойлау  қабілеті,  эмоциясы  төмендеп,  тек  көру 
қабілеті мен рефлекстері жұмыс істейтінін анықтаған. Қияли әлемге жіпсіз 
байланғандардың  көпшілігі  күнделікті  өмірде  көптеген  қателіктерге  бой 
алдырады  екен.  Себебі,  компьютердегі  бейнелер  шынайы  өмірге  мүлдем 
ұқсамайды.  Ғалымдардың  зерттеуі  бойынша,  аталмыш  ойындардың 
әсерінен қол саусақтары сіңірлеріне шамадан тыс күш түсіру нәтижесінде 
дертке  ұшырайтынын  және  әлемде  компьютермен  жұмыс  жасайтын  әрбір 
екінші  адам  осы  аурумен  ауыратынын  айтып  отыр.  Соның  салдарынан 


 
51 
көптеген  балалардың  саусақтары  пернетақта  басып  отырғандай  қалтырап, 
бас  ауруы  жиілеп,  көздері  ашып,  ұйқы  барысында  көретін  түстерінің 
мазмұны  өзгеріп,  бір  сөзбен  айтқанда  бала  психологиясы  түрлі  ауруларға 
шалдығады. 
 
3-тапсырма. Мәтінді негізге алып, өз ойыңызды айтыңыз. 
Рөлдік  ойын:  Психолог  пен  интернетке  тәуелді  адамның  туысы 
арасындағы жағдаятты көрсетіңіз. 
 
 
Жұптық  жұмыс:  Мына  сұрақтар  бойынша  басқа 
студентпен  диалог  құрастырып,  ойларыңызды  айтыңыз. 
Сұрақтарға дәлелді жауаптар келтіріңіз.  
Ғылым және технология саласы бойынша қандай жаңалықтарды білесіз? 
Нанотехнология жетістіктерін ғалымдарымыз қалай игеруде? 
Қазақстанда нанотехнологияның араласатын салалары қандай? 
Наноғылымның қоғам үшін пайдасы қандай? 
Жаһандану  заманындағы  наноғылымы  мен  оның  технологиясының    өрісі 
туралы не айта аласыз? 
 
4-тапсырма.  Биотехнологияның  бір  саласы  саналатын  генетикалық 
инженерия  ғылымының  біздің  елімізде  дамуы  туралы  ойыңызды  ортаға 
салыңыз. Оның оң және теріс жақтарын атаңыз. Ойыңызды дәлелдеңіз.  
 
Топтық  жұмыс:Гендік  инженерияның  зияны  жоқ  па?  Әлемдегі  7 
миллионнан  астам  ғалымның  тек  мыңға  жуығы  ғана  ГМӨ-ге  қарсы  екен. 
Сіз ше?  
 
5-тапсырма. Гендік модификацияланған тағамдардан қауіптену қажет пе? 
Сұраққа жауап бере отырып, мына ойды жалғастырыңыз.
 
 
    Қазіргі  кезеңдегі  өндірістік  технологияның  дамуы  нәтижесінде  азық-
түлік  тағамдарын  дәмдендіру,  сақталу  мерзімін  ұзарту  мақсатында  түрлі 
тағамдық  қоспаларды  пайдалану  азық-түлік  өнімдерінің  табиғи  құрамына 
айтарлықтай  өзгерістер  келтіруде.  Кейбір  өндіріс  орындары  өнім  көлемін 
ұлғайту үшін де тағамдық қоспаларды пайдаланудың түрлі технологиялық 
әдіс-тәсілдерін қолдануда...... 
 
Тапсырма: Кестені толтырыңыз: 
 
Не? 
Кімге?         Неге?  Қандай?    Қалай? 
Не 
істейді? 
Компьютер 
адам               
ағза 
қарапайым 
әсер етеді 
 
 
 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау