Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті., ф.ғ. к



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет15/37
Дата26.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#18099
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37

 
44 
 
Жазылым
2  -  тапсырма  Мамандық  атауларын  қолданып,  Сіз  кімсіз?  сұрағына 
жауап  беріңіз. 
Үлгіі: Сіз кімсіз? Мен заңгермін. 
Үлгі   Сіз заңгерсіз бе? -Жоқ, мен заңгер емеспін, мен эконмиспін.
 
3  -  тапсырма.  Көп  нүктенің  орнына  жіктік  жалғау  жалғап  ,  сөздерге 
көңіл бөліңіз. 
        Мен  саясаткер...  .  Мен  бағдарламашы...  .  Сіз  дипломат...  .  Сіз 
бастык.....  .  Сіздер  тыңдаушылар....  .  Олар  -  хатшылар...  .  Ол  -  әкім...  . 
Сендер қызметкерлер.... . Біз инженерлер..... . Сендер есепшілер.... . 
 
4-тапсырма. Мамандық атауларын сала бойынша қойып жазыңыз.  
а) ой еңбегі саласы – (сфера умственного труда): 
ә) өндіріс саласы – (сфера производства): 
б) ауыл шаруашылық саласы – (сфера сельского хозяйства): 
в) тұрмыстық қызмет көрсету саласы-(сфера обслуживания): 
г) өнер саласы-(сфера искусства): 
Керекті сөздер: жазушы, жұмысшы, құрылысшы, балташы, іскер, малшы, 
қойшы,  есепші,  кенші,  даяшы,  тоқымашы,  тілші,  жүргізуші,  әртіс,  ғалым, 
бағбан, суретші, аспаз, сауыншы, ақын, тігінші, мақташы, ұшқыш, егінші, 
бояушы, теңізші, сәулетші, пошташы, жауынгер, жорналшы, әнші, зергер, 
тракторшы,  мүсінші,  биші,  орманшы,  аудармашы,  хатшы,  филолог,  сағат 
шебері,  экономист,  металлург,  инженер,  геолог,  телефоншы,  сатушы,  мал 
дәрігері,  агроном,  дәрігер,  агроном,  дәрігер,  балықшы,  шопан,  шаштараз, 
қобызшы,  заңгер,  мұғалім,  суретке  түсіруші,  аяқ  киім  жөндеуші, 
домбырашы, композитор, менеджер, сырнайшы. 
 
5-тапсырма. Жіктік жалғауын қосып жазыңыз. 
1. 
Мен сәулетші... . 2. Біз ауылда сауыншы... . 3. Менің нағашыларым – 
малшы...  .  4.  Сіздер  жұмысшы...  .  5.  Біз  суретші...,  олар  тоқымашы...  .  6. 
Біздің  қарындасымыз  мектепте  мұғалім...  .  7.  Менің  әкем-жүргізуші...  .  8. 
Сен кім...? 9. Біздің достарымыз – құрылысшы... . 10. Сіз оқытушы...ба? 11. 
Біз инститтута студент.. . 12. Мен сағат шебері... . 
 
6-тапсырма.  «...  не  істеп  жүр?»  деген  сұраққа  жауабын  тауып, 
айтыңыз. Сөйлемдерді дәптеріңізге жазыңыз.  
Үлгі: Әнші не істеп жүр?- Әнші ән айтып жүр. 
   
Әнші                                        қой бағу 
Есепші                                     хаттарды, газеттерді тасу 


 
45 
Жазушы                                   заттарды сату 
Дәрігер                                    газетке мақала жазу 
Сатушы                                   ұшақтарды ұшыру 
Суретші                                   адамдарды емдеу 
Құрылысшы                            кітап жазу 
Пошташы                                балаларды оқыту 
Аспаз                                       киім тігу 
Аудармашы                            ақша санау  
Ұшқыш                                   жаңа үйлерді салу 
Мұғалім                                  материалдарды аудару 
Тілші                                       сурет айту 
Қойшы                                    ән айту 
Тігінші                                    тамақ пісіру 
 
 
№2 Оқылым. Сөйлесеміз. 
 Мамандық таңдаудағы негізгі мотивтер 
          Ең  бірінші  қандай  да  бір  мамандықты  таңдауға  итермелейтін 
себептерді ішкі және сыртқы деп бөліп қарастырайық. 
          Сыртқы  себептері  қоршаған  орта  әсерлерімен:  ата  –  аналардың, 
достардың,  қатарластардың  пікірі,  сәттілікке  қол  жеткізуге  деген 
құштарлықпен, сынаудан қорқумен байланысты. 
          Ішкі  себептерге  сен  өзің  жауап  бересің  –  оларды  сенің  қабілеттерің, 
икемдерің, әдеттерің мен мінезің, тек солар анықтайды. 
       1.Мотивтер  тізімінің  көшбасшысы – мамандықтың  беделі. Бұл  ойлап 
қарағанда  жаман  мотив  емес,  алайда  онда  тығулы  қақпан  жатыр.  Біздің 
уақытымызда  экономикалық  және  заңгер  мамандықтары  мәртебеге  ие. 
Алайда,  нарықты  қазір  бухгалтерлердің,  әсіресе  жоғары  білімі  жоқ 
бухгалтерлердің тым көп болып кеткені сезілуде. Болашақта заңгерлер мен 
экономистерге  сұраныс  қалай  болатынын  тек  болжауға  болады.  Бұдан 
шығатын қорытынды – мамандық таңдау кезінде оның беделі басты фактор 
болмауы  тиіс;  оны  ескеру  керек,  бірақ  тек  қана  сол  факторға  тірелген 
дұрыс емес. 
        2. Мамандық таңдау кезінде мәртебелі екінші орынды жоғары жалақы 
алады: кім болып жұмыс істесең де, жақсы ақша алу. Мұнда үлкен қақпан 
жатыр,  тек  бұл  мотивті  басшылыққа  алған  кезде  адамдар  риясыз,  кейде 
заңсыз қызметтер атқарады. 
     3.Қалыпты  жағдайда  жалақының  өсуі  квалификацияның  жоғарылауына 
тікелей  тәуелді.  Жалақысы  әуел  бастан  жоғары  мамандықтар,  әдетте, 
квалификацияның  жоғарылауын  қарастырмайды.  Бес  жылдан  кейін 
даяшы мен бастапқы банк қызметкерінің табысы теңеседі, ал бірнеше жыл 
өткен соң  – банк қызметкерінің табысы да даяшының табысын әлдеқайда 
артқа тастайды. 


 
46 
     4.  Мамандықтың  өзіне  деген  қызығушылық,  яғни  оны  таңдаудың  ішкі 
себебі өкінішке орай төртінші орынды қанағат тұтты. Кімнің жұмысы өзіне 
қуаныш  сыйласа,  ол  іс  оның  сүйіктісіне  айналады  және  жұмыс  істеу  де 
нәтижелі,  әрқашан  жетілу  үстінде  болады.  Сәтті  жұмыстың  ажырамас 
бөлігі  ретінде  оның  қызмет  бабы  бойынша  жылжуы  және  әріптестерінің 
сыйласымды қатынастары жүреді. Осылайша, бағдарламалаудың фанатына 
айналған  жігіт  түптің  түбінде  жаңа  бағдарламалау  тілін  құрастырушыға 
және бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастырушы кәсіпорынның исеіне 
айналады.  Оның  басқарушы  міндеттің  сүйікті  іске  толығымен  берілуге 
уақыт қалдырмайтынына ғана өкініші болады. 
       5.  Еңбек  шарттары  да  қандай  да  бір  мамандық  таңдауда  өзінің  рөлін 
атқарады.  Кейде  жұмыс  орнын  ауыстырып,  еңбек  шарттарын  да 
айтарлықтай  өзгертуге  болады,  –  кейбір  мамандықтар  бұған  мүмкіндік 
береді. Мысалы, далалық  партиядағы  геолог  (палаткалар,  тайга,  тұрақты 
іссапарлар)   және  мұнай  өндіруші  кәсіпорындағы  инженер  –  геолог 
лауазымындағы  геолог  (қала,  кеңсе,  ешқандай  іссапар  жоқ)-  екеуі  де  бір 
геологиялық факультеттің түлектері. 
        6.Тағы бір себеп – оқудың қолжетімділігі. Өзің тұратын қалада жоғары 
білім  алу  –  бір  іс,  ал  жердің  түбіне  барып  оқу  –  екінші  мәселе.  Ал  егер 
барлық  оқу  орындары  жоқ  кішірек  қалада  тұрсаң ше?  Оңда  Сен оқудың 
қолжетімділігін 
басшылыққа 
алып 
мамандықтар 
тізімін 
қысқартасың.  Өкінішке  орай,  ЖОО  –  на  грантқа  түспей  қалғандағы 
оқудың  қолжетімділігі  жайлы  айтар  болсақ,  онда  оқудың  төлемақысы 
үлкен  рөл  атқарады.  Әрине  бұл  мәселенің  де  шешімін  табуға  болады: 
банктан  несие  алу,  кешке  жұмыс  істеп,  сырттай  оқу  бөліміне  тапсыру, 
бірақ қайткен күнде де қалаған мамандықтың иесі болу. 
Қандай  да  бір  мамандықты  таңдаудың  көптеген  мотивтері  түптің  түбінде 
қателіктерге апаратынын байқау қиынға соқпайды.  
Мамандық таңдаудағы ең кең таралған қателіктер 
     1.  Мамандық таңдауға өзгермейтіндей қарау. 
Кез  келген  қызмет  саласында  адамның  квалификациясының  өсу  шамасы 
бойынша жұмыстың, қызметтің ауысуы болып тұрады. Сонымен қатар ең 
үлкен жетістіктерге бастапқы баспалдақтардан жақсы өткендер жетеді. 
     2. Мамандықтың беделі туралы пікірлер. 
     Мамандыққа  қатысты  қателіктердің  бірі  кейбір  қоғамға  пайдалы 
мамандықтар  ұятты,  төмен  саналады  (мысалы,  қоқыс  тазалаушы). 
Экономист  немесе  психологтың  қоғамға  пайдасы  химик  пен  темір 
ұстасының  пайдасынан  артық  емес.  Мамандықтың  беделі  Сіздің 
қызығушылықтарыңыз  бен  қабілеттеріңізден  кейін  барып  қана  ескерілуі 
тиіс. Әйтпесе “сәнді”, бірақ сізге ләззат сыйламайтын маман иесі боласыз 
немесе негізгі жұмыс функцияларыңызды атқаруға жарамсыз боласыз… 
      3. Достарыңыздың әсер етуімен мамандық таңдау (солармен бірге болу 
үшін, қалып калмас үшін). 
       Біз  мамандықтың  киім  немесе  аяқ  киім  сияқты  “ұнағанын”  “мөлшері 
сәйкес  келетінін”  таңдаймыз.  Топ,  қатарластарға  бейімделу  –  сенің 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау