Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



жүктеу 4,5 Mb.
Pdf просмотр
бет148/156
Дата26.05.2018
өлшемі4,5 Mb.
#18006
түріСборник
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   156

жайлаған халқының қамын ойлады. 

«Е, шырағым, бақытсыз елді қашанда бассыздар билейді, 

ел сорына да ол да болыс бола қалған-ды. Мені айдалсын деп 

мөр  басқан  жеті  болыстың  бірі,  менің  өшігерім  сол  жетеудің 

ішінен өзімнің ағам Қақабай мен Текеш» [5: 52]. 

Мәдидің  ақындығы  мен  сазгерлігін,  әншілігі  мен  күрескер 

батыр  екендігі,  жеке  басының  адамшылығы,  сері  мен  батырға 

тән  аңғалдығын,  оның  өр  тұлғасы,  болмыс-бітімі  айқындап 

тұрғандай. 

Сұрасаң руымды Қаракесек, 

Досымнан дұшпаным көп қылған өсек 

Дұшпанның қудалаған жаласынан 

Бір күнде қу қара жер болды-ау төсек.

«Жалпы  шынайы  тарихтағы  Мәди  тұлғасы  -  өте  күрделі, 

сан  қырлы  болған.  Әр  таланттың  ғұмырнамасында  тектілік, 

ата-бабадан тамыр тартқан гендік қасиет үлкен роль атқарады 

десек,  бұл  жағының  арғы  атасы  әулие  тұрпаттас  Қаз  дауысты 

Қазыбектен  басталатын  Мәди  тұқым-нәсілі  атақты  би-

сұлтандар 

Өскенбай, 

Құнанбайдан 

алты 


шынжыр 

жалғастырған ұлы Абай мен Абылай хан тұқымы Шоқанды еске 

түсіреді.

Ол  әрі  әнші,  әрі  композитор,  әрі  ақын,  әрі  халықтың  ерке 

серісі,  әрі  балуан-жауынгер,  ең  бастысы  -  әділетсіздік  пен 

зорлыққа  қарсы  найза  сілтеп,  шоқпар  ойнатудан  күрескер. 

Қырғи  тілді  шешендігі,  оң  қолынан  мөрі  тамған  іскерлігі  өз 

алдына»  [6]. Мәдидің кеудесінде жауынан алмаған кегі бар, ол 

– қара халықтың кегі. Ол қашанда дұшпаннан кек алу жолында 

күресті.  Жазықсыз  біреуді  шабу  үшін  де  байланған  бас  жоқ. 

Ашыққан  елді  қырғыннан  құтқару  үшін  Түнекбайды  шапсақ  та, 

онда елдің кегі бар, ол кек қайтпай кеудедегі шер тарқамайды. 

«Мәди  туралы  деректі  немесе  көркем  туындылармен 

танысқанда оның жалғыз жортқан жортуылшы емес екеніне көз 

жеткіземіз.  Ол  еш  уақытта  өз  серіктестерін  жау  қолына 

қалдырмаған.  Жиырма  екі  болыстың  ақсақал-қарасақалының 

арызымен  Мәдидің  жиырма  жеті  серігі  Қарқаралы  абақтысына 

қамалған  екен.  Сонда  ер  Мәди  уезге  келіп,  өзі  беріліп, 

жолдастарын босатып жіберіпті. Текті Мәдидің: 

Көп үшін өзім келіп қолға түстім, 

Білмеймін не боларын ақырын істің. 

Ерім деп еркелеткен, еркінсіткен

Қайран  ел,  көзден  жас  боп  бір-бір  ұштың,  –  деп 

толғанғаны да шын оқиғаны дәлелдей түсетін тәрізді» [6].

Адам  қоғамнан  тысқары  дами  алмайды.  Ұлттық  мүддені 

376



көрсете  алған  Мәди  тұлғасы    ұлттық  мінез–құлықты  дара 

сипатымен 

көрсете 

алуы. 


Халық 

ортасында 

Мәдидің 

күрескерлік 

рухы,азаматтық 

тұлғасы 


қалыптасты. 

Мәди 


тағдыры  –  қазақ  ұлтының  тағдыры.  Қазақ  халқының  жарқын 

болашағын  ойлаған  күрескер,  сері  Мәди  парасаттылығы,  жан 

әлемі  қазақ  қоғамындағы  орын  алған  өнер  адамдарының 

тағдырына  ұқсас  сыр  шертеді.  Образ-  қоғамдағы  адам 

проблемасын  туғызды.  «Адам  болмысы  дегенде  оның 

табиғаттан  шығу  тегі,  қоғамдық  өмірі  және  жеке  даму  туралы 

мәселелер  жиынтығы  еске  түседі.  Бұл  мәселелер  өмірдің  өзі 

тәрізді  әрі  көне,әрі  жаңа.  Ұрпақтар  үздіксіз  өзгереді,  ол  әрбір 

тарихи  заман  қоғамдық  өмірдің  мән-мағынасын  өз  ұғымымен 

болашаққа  жеткізеді.  Әр  дәуірдің  өкілдері  мынадай  маңызды 

да,  мәңгі  сұрақтарға  жауап  беруге  тырысады:  Адам  дегеніміз 

не?...  Адам  не  істей  алады?  Ол  не  істеуі  керек?  Не  үшін  өмір 

сүреді?» [7: 22].

Мәди  жанының  тазалығы    -  өнер  адамдарының 

болмысында 

кездесетін 

табиғи 

құбылыс. 



Ағайынның 

жаласынан жапа шеккен Мәди өр мінезімен, батылдығымен бір 

кезеңнің  шындығын  дәріптейтін  кесек  тұлға.Оның  кеудесін  кек 

кернеді,жаралы  сұңқар  қанатын  самғап  алысқа  ұша  алмай 

назаланды. 

Ұлттық  руханиятта  өзіндік  рөлі  бар  Уақыт,  Адам,  Қоғам 

категориялары  тұрғысында  Мәдидің  ұлттық  болмысы  ұры-

барымташы  немесе  қолы  кісендеулі  қылмыскер  емес,  тарих 

қойнауынан 

ғасырдан 

ғасырға 

жарқырап 

көрінетін 

ұлт 


мақтанышына  айналды.  Ғылыми  деректер  мен  мақалаларда 

Мәди  жайлы  пікірлер,  ғылыми  тұжырымдар  жаңа  заман 

еншісінде таразыланып әділдігін көрсетіп отыр.

Әділеттілік  жолындағы  күресте  құрбан  болған  Мәди  ұзақ 

уакыт  бойы  ескерусіз  қалып  келген  болатын.  Мәди  өте  күшті 

және  епті  болған.  Қақтығыстарда  ат  үстінен  арқа  өңірінде  оны 

ешкім  түсіре  алмаған.  Осыдан  біз  оның  бабаларымыздан 

қалған жауынгерлік өнерді жете меңгергенін байқаймыз. Топты 

қараға  жалғыз  қарсы  шыға  берген.  Бұл  оның  өте  жүректі 

болғанын білдіреді. Осының бәріне қосыла, ол кісі мәңгі өшпес 

әндер  шығарып,  артында  мол  мәдени  мұра  қалдырған  адам. 

Мәди  Бәпиұлының  күрескерлігі  өз  алдына,  ақын,  сазгерлігі  өз 

алдына бір әлем. Оған музыка зерттеушісі Александр Затаевич 

және  Ахмет  Жұбановтар  кезінде  баға  берді.  Мәдидің  әніне 

тұңғыш рет ғылыми баға беріп, нотаға түсіріп алған А. Затаевич 

екендігі  Зарқын  Тайшыбайдың  «Алтын  бесік  ән  орда» 

кітабында жан-жақты суреттелген. 

377



1926  жылдың  жазында  Қарқаралы-Қу  өңіріне  сол  кездегі 

үкімет  төрағасы  Нығмет  Нұрмақовпен  бірге  келіп,  екі  апта 

жатып,  Мәди  әндерін  нотаға  түсірді.  Бағалы  мұра  осылайша 

тұңғыш  рет  ғылым  игілігіне  қосылды.  Мәдидің  есімі,  оның 

музыкалық  мұрасы  қазақтың  әндері  мен  күйлерін  терең 

зерттеуші,  бес  аспап  білгір  Александр  Затаевичтің  қаламына 

да  ілікті: "Қазақ халқының 1000 әні" және "Қазақ халқының 500 

әні  мен  күйі"  деген  іргелі  ғылыми  еңбектерге  Мәди  әндерінің 

нотасы  мен  сөздері  енгізілді.  Ал  одан  бұрын  1914-1915 

жылдары 


қазақ 

даласында 

ән-күй 

жинаған, 



Шоқан 

Уәлихановтың  сүйікті  досы  Г.Н.Потаниннің  назарына  Мәдидің 

әндері  іліккен.  Белгілі  орыс  оқымыстысы  «Сібір  өмірі»  дейтіп 

кітабында  «Бүкіл  Қарқаралы  даласы  Мәдидің  әнін  шырқап 

тұрғандай» деп айтқан. 

Тарихи  прозалық  шығармаларда  қаһарман  тұлғасы 

әлеуметтік  ортамен  бірге  тұтастықта  бейнеленеді.  Бас 

кейіпкердің  болмысы  сал-серілер  өмір  сүрген  беймезгіл  заман 

лебінен  алшақ  кетпейді,  ұлттық  характер  сатылап  дамып, 

қоғамдық 

құбылыстың 

бір 


бөлігіне 

айналады. 

Өнер 

адамдарының іс-әрекеті, табиғи болмысы, характер жиынтығын 



көрсететін  типтік  бейне  қоғамның  тіршілік  тынысымен  бірге 

дамиды.  Шағын  детальдан  басталатын  ой  образбен  ойлауға 

әкеледі,  жазушыға  үлкен  әсер  береді.  Қаламгердің  талант  пен 

қиял  ұштасқан  сезімталдығы  қазақ  қоғамындағы  тарихи  оқиға 

бір  адамның  өмірімен  тығыз  байланыста  көрінетін  көлемді 

туындыға айналды. 



Пайдаланылған  әдебиеттер:

 Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. – Алматы: Университет, 1997. 

– 300 б. 

 Дулатов М. Жер аудару. //Қазақ, 1913, № 9 

 Тайшыбай 

З. 


Атыңнан 

айналайын, 

Қарқаралы. 

//Жұлдыз, 2006, № 4

 Балташұлы 

Е.  Мәдитанудың  кейбір  мәселелері. 

//Орталық Қазақстан, 2005, 9 шілде. 

 Әбішев Ә. Бес томдық шығармалар жинағы. – Алматы: 

Жазушы,  Т.  5.  Найзағай:  Роман.  Жаралы  сұңқар:  Повесть. 

1983. – 476 б. 

 Омарбекұлы  М.  Қазақ  нояндарының  соңғы  тұяғы. 

//Орталық Қазақстан, 2005, 2 шілде 

 Молдабеков  М.  Адам  құпиясы  және  қабілеті.  //Ақиқат, 

378



жүктеу 4,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   156




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау