[5].
1972 жылы І.Омаровтың туғанына 60 жыл толуына орай
«Қазақ әдебиеті» газетінде Ғ.Мүсіреповтың «Адал да әділ
сыншы еді» және А.Закариннің «Ілияспен кездескен сайын»
деген
естелік-мақалалары
басылды.
Заңғар
жазушы
Ғ.Мүсірепов
осы
мақаласында
І.Омаровтың
сыншылық
қабілетіне талдау жасай келе, оның қызметін, әдеби мұрасын
зерттеу мәселесін көтереді /6/.
Ж.Ысмағұловтың
«Шабыт
шалқарының
мөлдірі»,
Ш.Сариевтің «Құнды мұра» атты сын – пікірлері баспасөзде
жарияланып, І.Омаровты дарынды әдебиет сыншысы ретіндегі
қырынан танытты [7].
І.Омаровтың ұмытылып бара жатқан есімін қайта
жаңғыртып, билік тізіміндегі азаматтарға наз арнап С.Әшімбаев
«Қадірліміздің бірі еді» деген мақаласында: « . . . саңлақ
санаткердің, қарымы зор қайраткердің аяулы есімін еске салар
ескерткіш белгі есебіндегі не бір шолақ көшенің немесе
қияндағы бір бөлімшенің, тіпті болмағанда терең түкпірдегі
орташа бір мектептің болмауын қалай түсінуге, не деп
түсіндіруге болады екен?!» - деп ашына жазады.
Наталья Сац – омаровтануға өзіндік үлесін қосқан белгілі
кеңес өнер қайраткерлерінің бірі. Ол І.Омаровпен алмасқан
хаттарында және өзінің мемуарлық еңбегінде оның зиялылық
пен парасаттығына өте жоғары баға береді [8].
І.Омаровтың туғанына 80 жыл толуы қарсаңында
Қ.Сұлтанов пен М.Х.Сүлейменов құрастырған «І.Омаров.
Толғамдар. Раздумья» атты жинақ «Жазушы» баспасынан
жарық
көрді.
Бұл
жинақ
І.Омаровтың
күнделіктерінен,
мақалаларынан, хаттарынан және онымен қызметтес болған
бірқатар
замандастарының,
жазушылар
мен
қоғам
қайраткерлерінің естеліктерінен құралды /9/.
І.Омаровтың азаматтық болмысы мен қоғамдық, саяси,
мемлекеттік қызметінің әр қырынан құнды мәліметтер
беретінестеліктердің қатарында Ө.Жәнібеков, Б.Исабеков,
Ж.Ысмағұлұлы, Ғ.Жұбанова, сияқты т.б. мақалаларын ерекше
атауға болады [10].
Жалпы, І.Омаровтың туғанына 80,85,90 жыл толуына
орай мерейтойлары аталып өткен кезде жергілікті облыстық
«Қостанай таңы» газетінде көптеген мақалалар, естеліктер
жарық көрді [11]. Олар негізінен жерлестерінің ыстық лебізінен
немесе басылымдарда жарияланған белгілі мақалалардан
құралды.
Омаровтану үшін аса құнды пікір – ширек ғасыр ел тізгінін
360
ұстаған, республика жетекшісі болған Д.А.Қонаевтың берген
бағасы болып табылады. Д.Қонаев өзінің «Ақиқаттан аттауға
болмайды» деген естелік эссесінде «... Ілекеңді сауда
саласының алғашқы ұйымдастырушыларының бірі десек,
артық байлам болмас. ... Оның республикадағы Мәдениет
министрі ретіндегі еңбегі өз алдына бір белес. Жаны таза, рухы
биік зиялыларымыздың бірі, қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің
тарихы
мпен
келелі
проблемалары
туралы
жазған
публицистикалық, әдеби – сын еңбектерінің біздің мәдени
өміріміздің алтын қорына енетініне еш күмән келтірмейді», -
деп І.Омаровтың қазақ халқының кеңестік дәуірдегі тарихында
алатын тұғырын анықтап берді [12].
І.Омаровтың өмірі мен қызметінің, шығармашылық мол
мұрасының кеңірек насихатталуы, тереңірек зерттелуі 90
жылдық мерейтойын атап өту барысында жүзеге асырылды.
2011 жылы мерейтой қарсаңында І.Омаровтың «Таңдамалы»
еңбектері жарық көрді. Оған мақалалары, хаттары, ой –
толғамдары және өзгелердің ол хақында естеліктері енгізілді
[13].
2002 жылы І.Омаровтың туғанына 90 жыл толуына орай
Алматыда
өткен
мәжілісте
сөйлеген
сөзінде
жазушы
Ә.Нұрпейісов,
ақын
Н.Оразалин,
ғалым
С.Қирабаевтар
І.Омаровтың азаматтық болмысына әлеуметтік психология
тұрғысында талдау жасай келе, оның айтқан ойларын бүгінгі
заман тынысымен сабақтастырады [14].
Омаровтануға қосылған ең қомақты үлес Мұхамед –
Халлел
Сүлейменов,
Жанар
Сүлейменова,
Андрей
Голубевтердің авторлығымен жарық көрген «Ильяс Омаров.
Жизнь и философия» атты еңбек болып табылады [15]. Бұл
еңбекте І.Омаровтың ғұмырбаяны мен қоғамдық – мемлекеттік
қызметінің әрбір кезеңідеріне жан-жақты талдау жасалған.
І.Омаровтың әдеби-сыншылық мұрасы туралы ғылыми
диссертация да қорғалған. Ол І.Омаровтың ұлттық әдебиетті
дамытуға қосқан үлесі мен сыншылдығын зерттеуге арналған
еңбек [16]. Бұл диссертацияда І.Омаровтың қазақ әдебиетін
дамыту
мәселелері
бойынша
еңбектерін
сыншылық
шеберлігінің жетілу жолдары, орыс және қазақ әдебиетінің
өкілдерімен алмасқан хаттары талдап зерттелген.
Сондай-ақ, 2005 жылы "Ілияс Омаровтың өмірі мен
мемлекеттік-қоғамдық қызметі" тақырыбында кандидаттық
диссертация жұмысы қорғалып, І.Омаровтың өмірі мен
қоғамдық-мемлекеттік қызметі барысында, бүкіл саналы
ғұмырында ұлттық мәдениет пен тарихты өркендету бағытында
361
атқарған қызметінің тарихи тәжірибесі деректік негізде жан-
жақты зерделенген [17].
І.Омаровқа қатысты еңбектерде байқалатыны – оның
әлеумет істеріндегі, мемлекеттік билік органдарындағы ел
мүддесі үшін атқарған қызметі, ғылыми-шығармашылық
мұрасы, ұлттық мәдениет пен тарихты өркендету бағытында
атқарған қызметінің тарихи тәжірибесі әрбір мемлекетшіл
азамат үшін аса қажет үлгі болып табылары сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. М.Қозыбаев. Халықтың аяулы перзенті. //Омаров Ілияс.
– Алматы: Санат, 2003. – 184 бет (146)
2. Ғ.Мүсірепов. Қош бол, қимасым!; //Қазақ әдебиеті, 1970,
24 шілде.
3. Ғ.Қайырбеков. Жаныңдай көрген жақсы ағаң...; //Қазақ
әдебиеті. 1971, 16 шілде. М.Бутин. Ізгілік. //Қазақ әдебиеті.
1971, 16 шілде. С.Әшімбаев. Қадірліміздің бірі еді. //Қазақ
әдебиеті. 1987, 9 қазан. М.Әлімбаев. Қызыл – күрең дептерді
ақтарғанда... //Қазақ әдебиеті. 1988,2 желтоқсан.
4. Ж.Молдағалиев. Аға мінезі. //Лениншіл жас. 1971, 17
шілде; //«Өлді деуге болама, айтыңдаршы...» (Ілияс Омаров
хаттары) //Омаров И.Толғамдар. Раздумья. Дневники, статьи,
воспоминания. Алма – Ата: Жазушы, 1992. – 240.
5. Ж.Молдағалиев. Жомарт жүрек. Деректі повесть. –
Алматы: Өнер, 1990. - 208 б.
6. Ғ.Мүсірепов. Адал да әрі әділ сыншы еді; Закарин
А.Ілияспен кездескен сайын. //Қазақ әдебиеті. 1972. 6 қазан.
7. Ж.Ысмағұлов. Шабыт шалқарының мөлдірі. //Қазақ
әдебиеті, 1974, 30 тамыз.
8. Сац Н. Новеллы моей жизни. – Москва: Искусство,
1984. С 467
9. Омаров И.Толғамдар. Раздумья. Дневники, статьи,
воспоминания. Алма-Ата: Жазушы, 1992. – 240
10. Ө. Жәнібеков. Қасиетті кісі еді. //Егеменді Қазақстан.
1992, 19 тамыз. //Б. Исабеков. Ғажайып жан еді. //Халық кеңесі.
1992, 30 қыркүйек. //Ж. Ысмағұлов. Рухани қазынамыздың
қамқоршысы. //Жас Алаш, 1992, 22 желтоқсан.
11. Х. Сүлейменов. Асыл адам. //Қостанай таңы, 1992, 5
қараша; Кенжебек Үкіұлы. Сан ұрпаққа шапағатын тигізетін
тұлға; Ө.Сұлтанғазин. Өмірі оның өнеге. //Қостанай таңы. 1992.
362
Достарыңызбен бөлісу: |