қазақ ұлттық «Алаш» партиясы бәрі күші біріктіре 1917 жылы
наурызда Ташкентте Түркістан мұсылмандарының конгресін
шақырып, онда орталық комитет сайлап, мұсылман орталығын
құрды. Орталыққа Мұстафа Шоқай басшылық жасады.
Мұстафа Ресейдің түркі халықтарын одан ары орыстандыру
саясатына үзілді–кесілді қарсы шықты. 1917 жылы қарашада
Түркістан автономиясының Уақытша Үкіметі кұрылды.Бас
министр
болып
Мұхамеджан
Тынышбаев,ол
отставкаға
кеткеннен кейін Мұстафа Шоқай бекітілді.
1917 жылдың І жартысындағы жағдайға баға бере келіп,
М.Шоқай «тәуелсіздікке деген ұлттық ынта мен талпыныстың
олардың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси негізі
болмаса шын мәніндегі азаттыққа қол жеткізу мүмкін емес»
деген ой түйеді.
1917 ж. Қазақстан мен Түркістанның Россия құрамынан
шығып, жеке мемлекеттік құра алмауының тағы бір себебін М.
Шоқай өз талдауларында айқындап берді. «Біз сол кезде саяси
құрылысы
өзімізден
әлдеқайда
озық,
үлкен
халықтың
шеңгеліне түсіп қалдық. Бұл халықтың шеңгелінен шығу үшін,
ұлт-азаттығы жолында жүргізген күресіміздің жемісті болуы
үшін саяси дайындығымыздың деңгейі едәуір биік болуы керек
еді »- деп түйіндейді [3].
Революция
берген
мүмкіндіктерді
Қазақстан
мен
Түркістан халықтарының ұлттық азаттығы үшін пайдалана
алмауы, М. Шоқайдың пікірінше, екі тосқауылдың болуынан еді:
біріншісі – шын мәніндегі тәуелсіздікті танығысы келмеген
уақытша үкіметтің, ал одан кейін оны алмастырған Кеңес
үкіметінің қарсылығы болса, екіншісі – ұлттық күштердің
алауыздығы және олардың саяси тұрғыдан нашар ұйымдасуы
мен саяси күрес тәжірбиесінің жетімсіздігі еді. Ресей
отаршылдығы сияқты мемлекеттік деңгейде ұйымдасқан күшке
қарсы тұра алу үшін соған деңгейлес ұйымдасқан материалдық
және рухани күш қажет еді. Ресей қоластындағы түркі
халықтарын тұтас бір майданға біріктіргенде ғана ондай күш
қалыптастыру мүмкін еді. Пантюркизм және панисламизм міне,
осы орыс отаршылдығы кезінде өмірге келеді. Басқаша
айтқанда
пантюркизм
мен
панисламизм
қорғанушылар
идеологиясы болатын.
Қазақстан
мен
Түркістанның
1917
жылғы
қазан
ревалюциясы қарсаңындағы қоғамдық-саяси өміріне талдау
жасай келіп, М.Шоқай бұл кезеңде саяси күштердің ара
салмағы Уақытша үкіметтің Түкістан комитетімен күннен-күнге
күш алып келе жатқан жұмысшы-солдат кеңестерінің іс-
341
әрекеттеріне байланысты болғанын баса көрсетеді. Жергілікті
ұлт-азаттық күштер шарасыз жағдайға тап болды, дейді,
өйткені олар өздеріне жау екі саяси күштің қыспағында қалды:
«Уақытша үкіметке біз наразы болдық, солай бола тұрса да
онымен күрескіміз келмеді. Өйткені бізге одан да қауіпті күш
жұмысшы, солдат депутаттарының кеңесі –осы үкімет
комитетінің орнына көз салып тұрған еді»,-деп түйіндейді т.ғ.д.
Кеңес Нұрпейісов [4].
М. Шоқай еңбектеріндегі теориялық тұжырымдар мен
Алаш
партиясының
мемлекеттік
құрылыс
жөніндегі
бағдарламалық тұжымдарын салыстырып, оған баға беретін
болсақ, М. Шоқай бастаған және Ә. Бөкейханов бастаған
ұлттық-демократиялық
интеллигенция
өкілдері
Түркістан
автономиясын да, Алаш автономиясын да Россиямен іс
жүзінде конфедерациялық қарым-қатынаста болуға тиісті
мемлекеттер ретінде көргісі келгендеріне көз жеткіземіз,
олардың түптеп келгенде ортақ мақсат жолында әрекет етіп,
егеменді ел болатындықтарына сенімді болғандықтарын
ұғамыз –деп көрсетеді.
Осы күнге дейін «Алаш» автономиясын құрған Әлихан
Бөкейханов пен Қоқанда «Түркістан» автономиясын құрған
Мұстафа Шоқайдың саяси көзқарастары жараспай, жолдары
екіге айрылған деген түсінікте келгеніміз рас. К. Нұрпейісовтың
осы жоғарыда келтірілген тұжырымына толықтыру ретінде
Қазақ тарихы журналының 2010 ж. № 1 Төре Ғалидың М. Шоқай
жөнінде жариялаған мақаласында келтірген тың деректерге
тоқталғымыз келеді [5]. Ресейдің Санкт-Петербург мұрағаттары
мен кітапханаларынан Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметіне
қатысты жаңадан табылған қызықты құжаттар бұрынғы қасаң
түсінікті қайта қарауға себеп болып отыр. Бұл құжаттар
Мұстафаның «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі,
«Алаш Орда» автономиясының төрағасы Әлихан Бөкейханмен
құпия байланыста болғанын айғақтай түседі.
Зерттеушілер үшін қызықты саналатын бұл жаңа
деректерге толы құжаттарды кездейсоқ тапқан және «Азаттық»
радиосынан жариялаған белгілі алаштанушы ғалым,журналист
Сұлтан Хан Аққұлұлы.Ғалымның тыңнан тапқан құжаттары мен
зерттеулері Мұстафа мен Әлиханның қарым-қатынастарына
байланысты тың деректер беруімен де құнды. Дерек бойынша
Мұстафа Шоқайдың Әлихан Бөкейханмен кездесуі шамамен
1914-1915 жылдары болған. Өйткені 1916 жылы Әлихан
Бөкейхан бірінші жалпыұлттық «Қазақ» газетінің бетінде
Мұстафаны
Ресейдің
төртінші
мемлекеттік
думасының
342