Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ортаға салды. Осы төрт топтың ішіндегі екінші топтың «Д» есімді баяндамашысының жауаптарына
басқа топ мүшелері өз ризашылықтарын білдірді. Дәл осы сәтте мен өзімнің тарапымнан «Д» есімді
екінші топтың баяндамашысына:
- Осы жоғарыдағы аталған би –шешендердің бірінің ұлағатты сөздеріне мысал келтіре аласың ба?
деген сауал қойдым.
Сонда баяндамашы кідірместен:
- Мәселен Майқы би туралы айтар болсам. Болашақты асқан көрегендікпен болжап айту да осы көсем
билер мен шешендердің еншісінде екенін білеміз.
Мысалы, Майқы би:
....Әлі заман өзгерер,
Өзгергенін көз көрер.
Мінгенің арба болар,
Бар құс қарға болар,
Жансыз арба ат болар,
Өз балаң өзіңе жат болар,
Темірден құс болады,
Ұрпағының көргені сұс болады.
Еркек жасып и болар.
Қатын тұлданып, би болар.
Сарысудан ас болар,
Жұрт пақыр болар,
Жер тақыр болар-
Осындай қилы заман болар,- деп толғаған. Нағыз көрегендік пен кемеңгерліктің үлгісі осында жатса
керек деп ойлаймын, ағай.
•
Жарайсың! Міне, тамаша жауап!-
•
Ағай, қазақ халқында мына бір даналық сөзді айта кеткім келіп тұр.
•
Мақұл, айта ғой.
•
Майқы би атамыз туралы халық аузында «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген
даналық сөз бар.
•
Міне, табылған жауап!
Бұл оқушының мотиватциясы жоғары екендігін іштей сезгеннен кейін, мен тағы да ол оқушыға:
- Оқулықтағы нақыл сөздерден басқа өзің білетін нақыл сөздерден басқа мысал келтіре аласың ба?
деп сұрадым. Сонда оқушы:
- Сырым Датұлы жастау кезінде атақты Қанай шешеннен бата алуға ат жалын тартып мініп, жолға
шығады.Сырым Қанай шешеннің ауылына келіп, шешенге сәлем беріп, бата алуға келгендігін айтады.
Сонда Қанай шешен тұрып:
- Кімнің баласысың?
Сырым: - Дат баласымын.
Қанай шешен: - Е,е қой жая алмайтын Даттан қолақпандай ұл туды деуші еді? Сірә, сол сен
боларсың?
Сырым:- Болсақ болармыз.
Қанай шешен: - Әкең қой жая алмаса да, анаң түнде келген қырық кісіні де, күндіз келген қырық
кісіні де ренжітпей қарсы алушы еді. Сірә анаңа тартқан ұл болдың –ау ?
Сырым: - Анам түнде келген қырық кісімен, күндіз келген қырық кісіні қабағын шытпай қарсы алса,
«Қырықтың бірі қыдыр» деген, бәлкім маған қыдыр қонған шығар ата? – деп, айтқан екен деп, оқушы
жауап берді. Мен бұл оқушының жауабына ризашылығымды айта келіп, саусақ арқылы өз
мадақтамамды көрсеттім. Осы сәтте басқа топ мүшелері де өз мадақтамаларын қол шапалақтау
арқылы білдірді.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен
Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,
олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен
интерактивті қарым- қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына
және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. [МАН, 39- бет].
92
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Менің сабағымда диалогті оқытуды қолдану өте тиімді екені байқалды. Оқушылардың
жұптық, топтық тапсырмаларды орындауда өзара пікір алмасуы, тапсырманы бірлесе шешуі,
оқушыларды ұжымшылдыққа, ойлау қабілетінің өсуіне зор ықпал етеді деп ойлаймын. Топпен жұмыс
жасау барысында оқушылар бір- бірімен пікір алмасып, туындаған сұрақтарға жауап іздейді. Осыған
орай мұғалім оқушыларға тақырыпқа сай сұрақ қоюдың да маңызы зор. Сұрақ оңтайлы қойылған
жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады. Оқушыларға тақырып түсінікті болуы үшін
мұғалім тарапынан сұрақтың екі түрі қойылады. Бірі ашық сұрақ , екіншісі жабық сұрақ. Сабақта осы
сұрақтың екеуінде пайдаланған дұрыс , тек сабақтың мақсатына қарай өзгертіп отыру қажет.
Мысалы оқушыларға мынандай жұптық жұмыс бердім.
V.Жұптық жұмыс «Арнайы қатені табу» (5-7 минут)
Арнайы қатені табу
Дұрыс жауабын жаз
Шешендік сөздер мазмұнына қарай беске бөлінеді.
Шешендік арнауға : жер дауы, жесір дауы, құн дауы, ар-
намысқа байланысты тапқыр сөздер жатады ма?
Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жасауға Асанқайғы,
Жиренше шешендер қатысты ма?
«Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Жиренше»
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады
және әңгімелесудің үш түрі бар.
1. Әңгіме-дебат
2. Топтық әңгіме
3. Зерттеушілік әңгіме [МАН, 40- бет]
Сабақ өту барысында сабағымда диалогтік оқыту моделі оқушылардың топ болып жұмыс жасау
кезінде байқалды. Бұл сабағымда оқушылар тапсырманы орындау кезінде өздерінің пікірлерін
айтуға ұмтылып отырды. Кей топтарда 1-2 оқушылар жұптың жұмысына мән беріп қарамады.Топтар
арасындағы диалог оқушы мен оқушы арасында өтетін процесс.
Жоғарыдағы суретте (фото № 1) мотиватциясы төмен оқушы топтық жұмысқа араласпай, өз бетінше
отырды.
Осы сабағымда жұптық тапсырма кезінде де диалогтік оқыту көрініс берді. Өйткені жұптағы
оқушылар өзінің жұбымен пікірлесіп, тапсырманы орындады. Тек екінші топтағы жұптың
оқушыларының арасында диалог байқалмады. Оның себебі жақсы оқитын оқушының жұбы нашар
оқитын оқушы. Тапсырма орындау барысында ой- пікір айтуға белсене араласпады, ал жақсы оқитын
оқушы одан ештеңе сұраған да жоқ. Келесі сабағымда осындай жағдайларды болдырмауды ойладым.
Жұптық жұмыс
Кейіпкер сөзі
Қаршыға
Хорен
Жібек
Төлеген
Мен бір сұлу табайын,
Патшамыздың жалғызы-
Аты Жібек сұрасаң,
Кереметін барып көр.
«Бұл Жібек маған үш шақырсам,
ақымақ адамдарға ұқсап жауап
бермейді, бұл қалай?»
Атаңа лағынет, ит қарақшы,
Көкжорға астыңдағы алдың
қайдан?-
Қызыңды маған қалыңдыққа
бересің, бермесең еліңді түгел
шабамын.
Менің іс-тәжірибемде диалог көбіне жұптық және топтық жұмыстарда көрініс тауып жүр. Жұптық
93
Достарыңызбен бөлісу: |