41
4
-бөлім
Белоктар
БЕЛОКТАР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Белоктар, немесе протеиндер (грекше protos
- бірінші, алғашқы) –
бұлар құрамында азоты бар жоғарымолекулярлық табиғи құрамалар,
олардың молекулалары амин қышқылдарының қалдықтарынан құралған.
Белоктар көміртектен (51-53%), оттектен (21.5-23.5%), азоттан (16%),
сутектен (6.5-7.3%) жəне күкірттен (0.3-2.5%) тұрады. Кейбір белоктар
құрамына аздаған мөлшерде фосфор, селен жəне басқа элементтер де
кіреді. Көміртек, сутек, оттек атомдары неше түрлі комбинация жасап
байланысу арқасында амин қышқылдары деп аталатын теңдесі жоқ
молекулалар құралады. Олар белок молекулаларының құрылыстық
блоктары болып табылады.
Белоктың аса маңызды блогы - азот болып табылады, яғни азоттың
арқасында олар көмірсулар мен майлардан өзгешеліктерге ие. Барлық
белоктарда азоттың мөлшерінің (16%) тұрақтылығы белоктың тағамдағы
жəне биологиялық орталардағы (қан, зəр, нəжіс жəне т.б.) мөлшерін
анықтауға пайдаланылады. Тағам немесе биологиялық материал сынамасы
қышқылда жағылады, содан кейін азот мөлшерін 6.25 санына көбейту
арқылы белоктың мəні анықталады.
Азоттың табиғаттағы шексіз айналымдық өзгерулерін өсімдіктер амин
қышқылдары мен белоктарды биосинтездеуге пайдаланады. Өсімдіктермен
қоректену арқылы жануарлар амин қышқылдарын ассимиляциялайды жəне
оларды өзіндік белоктарға айналдырады. Адамдар да жануар жəне өсімдік
тектес өнімдерді пайдалану арқылы тағамның амин қышқылдарын өзіндік
тіндік белоктарға айналдырады. Тірі организмдер өлгеннен кейін
43
Адам организміндегі
белоктардың негізгі
функциялары:
9
Пластикалық – белоктар
барлық жасушалар мен
тіндердің синтезіне, өсуі мен
жаңаруына қатынасады
9
Энергетикалық – белоктар
рационның тəуліктік
калориялылықтың 10-15%
қамтамасыз етеді
9
Ферменттік – белоктық
бөлігі (апофермент)
ферменттердің барлығының
негізін құрайды
9
Қорғағыштық – барлық
антиденелер белоктардан
құралады
9
Гормондық – көптеген
гормондар белоктардан
құралады
9
Транспорттық – белоктар
органдар мен тіндерге түрлі
заттарды тасымалдауға
қатынасады
Тағам белоктары ас қорыту процессінде организмде амин
қышқылдарына дейін ыдырайды, сосын асқазан-ішек жолдарында сіңіріліп
қанға түседі. Содан кейін организм бұл амин қышқылдарын өзіндік
белоктар түзуге жұмсайды жəне де энергия алу қажеттіліктерін іске
асырады. Тағамдар жоқ болған жағдайда, организм өзіндік амин
қышқылдары ресурстарын пайдаланады.
Адам организмдегі белоктың функциялары
Белоктар біздің организмдегі
аса маңызды молекулалар. Белоксыз
өмір жоқ. Сіз өзіңіздің
органдарыңыздың, сүйегіңіздің,
шеміршектеріңіздің, бұлшық
еттеріңіздің, шаштарыңыздың,
теріңіздің белоктардан тұратынын
білесіз бе? Белоктар біздің органдар
мен тіндерді құрайтын құрамдастар
(“кірпіштер”).
Бұл функция
пластикалық деп аталынады –
тағамдық протеиндерден адам
денесінің белоктары синтезделінеді.
Белоктар организмнің
жасушалары мен тіндерінің өсуі мен
жаңаруына құрылыс материалы
болып табылады. Осыған
байланысты балалар мен
жасөспірімдердің өсіп келе жатқан
организмі үшін белокты күнделікті
қажетті мөлшерде қабылдау аса
маңызды. Адам организмінде белок
үнемі жұмсалғанымен ол қорға
жиналмайды, сондықтан оны
күнделікті тамақпен қабылдау керек.
Белоктық ашығу кезінде амин
қышқылына деген мұқтаждықты
өтеу үшін адам денесіндегі өзіндік
белоктар бөлшектенеді.
Олар организмнің физиологиялық процесстерінде негізгі роль
атқарады. Белоктардан ферменттер, антиденелер, гормондар, оның ішінде
гемоглобин сияқты өмірлік аса маңызды молекулалар түзіледі.