Ббк 3. (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы



жүктеу 3,97 Mb.
Pdf просмотр
бет121/162
Дата25.05.2018
өлшемі3,97 Mb.
#17604
түріБағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   162

318

лауазымдықты  көрсететін  зат  атауын  бір  кездерге  қолданылған 



тәтті сөзін, сол сияқты бәйгеге қосатын жүйрік аттарды бәйге ат-

тары  демей,  бедеу  аттар  немесе  ақта  аттар,  одан  да  ықшамдап 



бедеу,  ақта  деп  атасақ,  маңызы  мен  аумағы,  көлемі,  бағасы  үлкен 

сыйлықтарды сұйырғал деп атасақ, жөн болар еді.

7. Көне, ескі сөздердің бір кездердегі мағынасын немесе өзгеше 

болып  кеткен  түпкі  тұлғасын,  «төркін  жұртын»,  яғни  қай  тілдік 

сөз  екенін,  оның  қазақ  тіліне  қалай  жанасып,  сақталып  жүргенін 

әңгімелеу  бүгінгі  адамдардың,  әсіресе  жастардың  ана  тілі  –  қазақ 

тіліне  назарын  аударып  қызығушылықтарын  тудыру,  сол  арқылы 

тілдің  беделіп  арттыру,  биікке  көтеру  сияқты  мемлекеттік  тілдің 

өміршеңдігі мен болашағы үшін күрестің бір ұшы болып табылады 

деп санаймыз.



ҚАДЫРҒАЛИ БИДІҢ «ЖАМИ’АТ-ТАУАРИХ» 

АТТЫ ЖЫЛНАМАСЫНДАҒЫ ЕСКІЛІКТЕР

Қазақтың тарақ таңбалы жалайыр руының беделді биі – Қадырғали 

Қосымұлы XVI ғасырдың соңғы жылдары мен XVII ғасырдың нақ 

басында (1602 ж.) жылнама етіп жазып қалдырған қолжазбасының 

бір көшірмесі Татарстан жерінен табылып, ғылым-таным дүниесіне 

танылды.  Орыстың,  қазақтың,  татардың  акад.  Ф.Х.Френ,  проф. 

И.Н.Березин,  проф.  В.В.Вельяминов-Зернов,  Шоқан  Уәлиханов, 

А.Рахим  (А.Ш.Абдрахимов),  И.Халфин  сияқты  ғалымдары  мен 

шығыстанушылары  қолжазба  мәтінімен  танысып,  оның  мазмұнын, 

жазылу себебін, деректік мәнін, ішінара тілін сөз ете бастайды. Түркі 

халықтарының  қайсысының  мәдени  мұрасы  екендігі,  авторының 

білім  алған  ортасы,  кім  екендігі  де  арнайы  әңгіме  өзегіне  айнала-

ды. Қолжазба мәтіні алғаш рет 1854 жылы баспа жүзін көреді. Оны 

орыстың белгілі түркітанушы ғалымы И.Н.Березин «Библиотека вос-

точных историков» деген циклмен шығатын жылнамалар жинағында 

(т.  II,  ч.  I)  Қазанда  басып  шығарады.  Қолжазба  еш  өзгеріссіз,  араб 

жазуымен  хатқа  түскен  түрінде  жарияланады.  Ол  мәтінді  біз  135 

жылдан соң қазіргі кириллица жазуына транцкрипциялап (көшіріп), 

екі рет жарияладық (қара: Сыздыкова Р.Г. Язык «Жами’ ат-тауарих» 

Жалаири. - Алма-Ата: Наука, 1989).

Жылнама қазақтың Тәуекел ханының немере інісі – Оразмұхам- 

медтің  Шыңғыс  ханнан  келе  жатқан  ата  тегінің  тарихын  баяндай-

ды. Ол үшін XIV ғасырда парсы тілінде жазылған Рашид ад-диннің 

«Жами’ ат-тауарих» атты еңбегінің Шыңғыс хан тарихына қатысты 

тарауларын  түркі  тіліне  өзінше  аударып  пайдаланады.  Өз  еңбегін 



319

орыс патшалығының әміршісі – Борис Годуновқа арналған «Мадақ 

сөзі» мен Қазан, Қырым хандықтары тарихына және Оразмұхаммедке 

арналған  тарауларын  өз  білгенінше  өз  авторлығымен  ұсынады. 

Бізден  бұрынғы  зерттеушілердің,  әсіресе  Шоқан  Уәлихановтың 

дұрыс  танығанындай,  Қадырғали  өз  жылнамасын  сол  кезеңнің 

түркі  мәдениеті  үшін  міндетті  түрде  қолданылатын  жазба  дәстүрі 

ортаазиялық  түркі  жазба  тілінде,  яғни  «шағатай  тілінде»  жазады, 

бірақ көп тұстарында автордың қазақ екендігі, кей-кейде қазақтың ше-

шен билерінше бейнелеп көсіліп жазғандығы көрініп тұрады. Демек, 

біз зерттей келе, Қадырғали бидің «Жами’ ат тауарихын» (жылнамаға 

бұл атты орыс ғалымдары шартты түрде ұсынған болатын, өйткені 

оның көп бөлігі Рашид ад-диннің «Жами’ ат-тауарихынан» алынған 

еді), қазақтың ескі жазба тілінің үлгісі деп тануға әбден болады деп 

таптық. Мұнда қазақ тіліне қатысы бар көптеген лексикалық бірлікті 

(жеке сөздер мен сөз тіркестерін), морфологиялық көрсеткіштердің 

қолданылғанын  көреміз.  Оларды  біз  қазақ  тілінің  ескіліктері 

қатарында  талдап,  танытуды  жөн  көріп,  бірқатарын  осы  жұмыста 

ұсынып отырмыз. Мысалы, Қадырғали жылнамасы мәтініндегі аға, 

ала йұнтлы (алалы жылқы), ару, атабек (регент), атқышыл (мерген), 

ат-ұлақ (ұлақ – көлік), аты-чауы (аты шулы), баурчы, бегім (бикеш), 

бәндә (пенде, басыбайлы адам), бұлғақ (аласапыран кезең), ел (ру, тай-

па одағы), жұда болу (айрылу), жүз ұру (бет алу), күш беру (жақтасу), 



қарачу (ханның кеңесшісі), құма (әміршінің жеңілген елдерден ол-

жалап алған әйелі), қыз атау (құда түсу), сақыну (сақтану), сауқат 

(олжа), сындыру (жеңу), тоңу (ұрыс, соғыс), тон (киім), тоңу (мұз 

қату), туар қара (жылқы), оғул/ұғыл (бала), ұлус, орда, йұрт (жұрт, 

ұлыс), шора (хан күзетшісі), чығай (кедей) т.т. Дыбыстық құрылымы 

жағынан сәл өзгешелеу қалыптағы бұл сөздердің бірқатары –қазіргі 

қазақ  тілінде  ескілік  болып  сақталған  тұлғалар.  Бүгінгі  оқырман 

қауым бұл мәліметтерді (фактілерді) де біле жүргенін дұрыс көріп, 

оларды  әліпби  тәртібімен  ұсынып  отырмыз.  Мысалға  келтірілген 

иллюстративтік сөйлемдер осы ескерткіштің 1991 жылғы мәтінінен 

– Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның 

жылнамалар жинағы (Алматы: Қазақ университеті, 1991) атты басы-

лымнан алынды. Мысал етіп берілген сөйлемдердің ішіндегі кейбір 

түсініксіз  деген  сөздердің  қазіргі  баламасы  көрсетілді.  Олар  мына-

лар: туғмыш ерді – туған еді, аймас – айтпас, айғай – айтады, алып 

турур ерді – алып жүретін еді, туар қара – жылқы малы, өлтүргей 

деб – өлтірер деп, атлығ ерді – атты еді, ма’лум тұрур – мағлұм еді, 

бисйар – көп, таба – қарай, күн туғуш таба – күн шығысқа қарай, 

тоқуш қылды – соғысты, барғаһ – ту, әммә – барлық, пәкиза – пәк



жүктеу 3,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   162




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау