306
ЕСКІЛІКТЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ АМАЛ-ТӘСІЛДЕРІ
МЕН ҚИЫНДЫҚТАРЫ
Ескіліктерді дұрыс танып жинау мен оларды талдап зерттеуде
ерекше назар аударатын сәттер мен қиындықтар бар.
Бұл күнде ескілік деп тануға болатын бірліктер ескіру уәждері мен
ескірген кездері жағынан да, тұлғалық бітімі мен түптөркіні жағынан
да, жиі сақталған әдебиет көздері мен қолданылу себептері жағынан
да, қысқасы, ескілік параметрінің барлық жағынан да біркелкі
еместігі белгілі. Сондықтан оларды тануда төмендегі жайттарға на-
зар аудартамыз.
Бұл күнде актив қолданылмайтын, бірақ мағынасы түсінікті,
«сүйегі қазақтық», тек сыртқы пішіні, морфологиялық құрылымы
бөлектеу келетін ескіліктер де бар. Оларды біз тұлғалық ескіліктер
деп атадық. Дәлдеңкіреп айтсақ, кейбір жеке сөздер мен сөз
тіркестерінің морфологиялық бітімі: жұрнақтары, қосарлану амалы,
синтакистік бітімі – қабысу, жанасу амалдары қазіргіден өзгешелеу
болып келеді. Мысалы, ертеректегі өлең-жырларда бойға жеткен
қыз деген тіркесті оқимыз («Қадірін жеңге білмесе,
Бойға жеткен
қыз ғаріп» – Асанқайғы), ал бұл күнде
бойжеткен қыз варианты
(тұлғасы) қолданылады. Демек, бойға жеткен – тұлғалық ескілік.
Осы қатардан даңға шығу тіркесі де табылады. Бұл күнде даңқы
шығу варианты – әдеби норма. Ал сөз түбірі – даң – атақ, даңқ; даң
– көне түрі. Мұндай синтаксистік (даңға шығу – даң(қ)ы шығу) ескі-
ліктер өзгелеріне қарағанда, сан жағынан аса көп емес (тіпті аз –
бірен-саран), бірақ ертеректегі болсын, күні кешегі болсын (ХІХ-ХХ
ғасырлардағы) хатқа түскен үлгілерде, мұқият іздестіре қалсақ, тағы
да табылуы мүмкін. Олар құрамындағы сөздердің түбірі жағынан (бой
жету, даң(қ) шығу) бүгінгі қолданыстағы варианттарымен жақын
тұратындықтан, білдіретін мағыналары түсінікті болады да оларды
оқырмандардың көпшілігі әдеттегі (қазіргі) сөздер деп қабылдайды,
аса мән бермейді, бірақ күнделікті қолданысқа кірмейді. Мысалы,
кешегі Ұлы отан соғысы кезіндегі батыр атанғандар туралы, пәленше
деген даңға шықты деп айтылған жоқ. Сол сияқты қазіргі сөзімізде
менің үлкен қызым бойға жетті демейміз, бой жетті дейміз.
Тұлғасы жағынан ескірген сөздердің біразы XX ғасырдың
алғашқы онжылдықтарында жазылған оқулықтардан, оқу құрал-
дарынан және басқа да жазбалардан табылады. Мысалы, химия
терминдерінің ішінде сутуым, қышқылтуым деген сөздерді оқимыз.
Мұндағы біріккен сөздің бір бунағы – туым сөзі – қазіргі тек (род
– водород, кислород дегендердегі) сөзінің баламасы. Бұл термин-
307
дер кейін сутегі, оттегі немесе тіпті соңғы кездерде сутек, от-
тек болып қолданылып жүр. Білім-ғылым саласындағы алғашқы
дүниелерде бұрын қазақ тілінде жоқ заттар мен дерексіз ұғымдардың
атауларын қазақша беруге ден қойылғаны мәлім және бұл кезеңдегі
қазақша берілген терминдердің көбі орыс тілінің терминдері мен
жеке атаулары болып келеді (темір жол – железная дорога, от кеме
– пароход, жанартау – вулкан, құрылық/құрлық – материк т.т.).
Бұл жаңа сөздердің біразы тілде орнығып, күні бүгінге жетсе, енді
бірсыпырасы тұлғалық ескілік ретінде әдеби нормадан ығысып кетті
(сутуым, қышқылтуым, откеме т.б).
Қазақ мәдениетінде XX ғасырдың басында қолданылған, бүгінде
ескілік статусына ие болған бір алуан сөздерді атауға болады.
Мысалы, қазірде ғалым сөзі термин ретінде қалыптасты. Ал XX
ғасырдың 10-20-ншы жылдарында көбінесе оқымыс/оқымысты ва-
рианты жиі қолданылды. Бұл жерде мағына сақталғанымен, атау екі
түрлі: бірі – таза қазақша түбірден жасалған оқымыс сөзі, екіншісі
– бұрыннан келе жатқан кірме сөз (ғалым). Оқымыс сөзі бұл күнде
де стильдік жүк арқалап қолданыла береді, -ты жұрнағын қабылдап
әрі атау (оқымысты), әрі сын есімдік (оқымысты адам) тұлғасында
қолданыста келеді, демек, оқымыс сөзінің «ғылыммен шұғылданатын
адам» деген нақты терминдік қызметі төмендеген, яғни тұлғалық
ескілік деуге болады. Мұндай тұлғалық ескіліктерді ескірген топқа
(историзм категориясына) жатқызуға да болмайды, өйткені оны
білдіретін болмыс (реалий) жойылған жоқ.
Тек XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында ғана емес, 30-40
жылдарындағы ғылым мен әлеумет өміріне келіп жатқан жаңа зат,
жаңа ұғым атауларының сол кезеңдеріндегі қазақша баламаларының
бірқатары жаңа эквиваленттермен ауыстырылып, бірақ олар
қолданыста тұрақтамай шығып қалғандары да баршылық. Мыса-
лы, коммунистерді – ортақшылдар, интернационалды – бейбауыр-
мал, революцияны – төңкеріс, паровозды – қара айғыр, велосипедті
– шайтан арба деген мысалдар осыны көрсетеді. Бұлар да – тілден
ығысқан бірліктер болғанмен, оларды да таза ескіліктер қатарында
қарағаннан гөрі, өзгеше топта, жаңалықтан ескілікке ауысқан
аралық, мезгілдік бірліктер тобы (типі) деп атау керек болар. Өйткені
ескіліктер, оның көнерген тобы да, ескірген тобы да тіл өмірінде
сақтала береді, яғни бұлар күнделікті өмірде пайдаланып отырған
ертедегі әдебиет үлгілері: эпостар, өлең-жырлар, мақал-мәтелдер,
қос сөздер, тұрақты сөз тіркестері актив пайдаланыла береді.
Жаңалықтардан барып ескірген аралық, мезгілдік қолданыстар (су-
туым, қышқылтуым, откеме, бейбауырмал, ортақшыл дегендер)