Этнос14. 12. indd



жүктеу 6,97 Kb.
Pdf просмотр
бет49/180
Дата25.05.2018
өлшемі6,97 Kb.
#17595
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   180

105
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
гіленіп, қашықтықтан ақпар жеткізу үшін роман тілдері атаулыға жазба тіл 
қызметін  атқарды.  ХІ  ғасырдан  бастап  славян  халықтары  үшін  ескі  славян 
тілі шығып, кең таралады да көне славяндар үшін жазбы тіл қызметін атқа-
рады. 1917 жылдан бастап КСРО аумағында бұрынғы Жазусыз тіл болған 50 
тіл жазба тілге айналды (қар. Тіл, Тілді жоспарлау, Қазақстан тілдері). 
ТІЛ ЖƏНЕ ЗАҢ (ор. язык и закон; ағыл. language and law) - қар. Тілдік 
заңнама.
ТІЛДІК  ЗАҢНАМА  (ор.  языковое  законодательство,  ағыл.  language 
legislation)  -  тіл  саясатын  білдіретін  заңдық  форма;  жеке  бір  мемлекет  ше-
гінде  тілдің/тілдердің/тіл  нұсқаларының  қолданылуын  реттейтін  заңдар, 
конституциялардың  жекелеген  баптары  т.с.с.  Конституциялар  белгілі  бір 
тілдің  қолданылуына  кепілдіктер  мен  жалпы  нұсқаулар  берсе,  заңнамалық 
кесімдер /актілер/ бұларды егежей-тегежейлеп жүзеге асыруға ықпал етеді. 
Парламенттер мен үкіметтердің жанынан арнаулы комиссиялар құрылып Т.з. 
жүзеге  асуына  қызмет  етеді,  мыс.,  Түрік  тіл  қоғамы,  Индия  парламентінің 
жанындағы ресми тіл мəселелері бойынша комиссия, ГФР сыртқы істер ми-
нистрлігі жанындағы неміс тілі мəселелері бойынша жұмыс тобы, Франция-
дағы француз тілі мəселелері бойынша жоғарғы комитет, Ресей Федерациясы 
Президенті жанындағы орыс тілі жөніндегі кеңес т.б. Т.з. деструктивті түрі 
(бір тілден басқасын қолдануға тыйым салу, мыс., Францияда Ұлы револю-
ция  кезінде  «ұлт  бірілігі»  үшін  өңірлік  тілдер  мен  диалектілерді  толықтай 
жою идеясы болған) жəне сындарлы түрі (тілдердің қатар өмір сүруін қамта-
массыз  ету)  болады.  Қазақстанда  заң  жолымен  (Конституция,  Тіл  саясаты 
туралы тұжырымдама, Тіл туралы заңдар т.б.) мемлекеттік тіл қазақ тілінің 
қолданылу аясын кеңітетін жаңа тілдік ахуал жасалуда, сонымен қатар тілді 
нормалау мен заманауиландыру шаралары жүргізілуде. Қазақстанның тіл ту-
ралы жəне тіл саясатын реттейтін заңдарының жəне басқа мемлекеттік құжат-
тарының ұстанымдық ерекшелігі көпсубъектілі сипатында: бұл заңдарда ти-
тулды ұлттың тілінің ғана емес, орыс тілінің, Қазақстанның басқа тілдерінің 
жағдайын реттеудің тəртібі белгіленген. Елде қолданыста жүрген «Қазақстан 
Республикасы тілдік саясатының тұжырымдамасы» (1996 ж., 4 қараша) жəне 
соған сəйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламалары 
Республикадағы  лингвистикалық  өрісті  қалыптастырудың  функционалдық 
қағидаттарына сəйкес əзірленіп, тілді жоспарлауды жүзге асырудың мынадай 
стратегиялық үш бағытын көздеген: а) мемлекеттік тілдің əлеуметтік-комму-
никативтік қызметтерінің аясын кеңейту жəне нығайту; ə) орыс тілінің жал-
пымəдени функцияларын сақтау; б) Қазақстанның басқа этностарының тіл-
дерін дамыту. Сонымен бірге Қазақстан заңнамасында Тіл туралы заңнаманы
бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту жайы да қарастырылған: «Қазақстан Рес-
публикасының  Тiл  туралы  Заңының  бұзылуына  кiнəлi  мемлекеттiк  орган-


106
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
дардың бірінші басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Респуб-
ликасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, кез кел-
ген меншiк нысанындағы ұйымдардың бiрiншi басшылары, сондай-ақ заңды 
жəне жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты 
болады. Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен азаматтар-
дың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ мемлекеттiк тiлде жəне 
басқа тiлдерде қызмет атқарылатын салада олардың қолданылуына кез келген 
кедергi  келтiру  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  көзделген  жауап-
тылыққа əкелiп соғады» (Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы, 24-
бап) (қар. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Тіл 
саясаты, Тілдік ахуал, Тілді реттеу).
ТІЛДІК ИДЕОЛОГИЯ (грек. idea ұғым + logos ілім, ғылым, ор. языковая 
идеология, ағыл. language ideology) – əлеуметтік топтың тілге деген қатына-
сын, тіл мен қоғам, ұлт, этностың арасындағы, ұлт пен мемлекеттің арасын-
дағы  қатынастарды  анықтайтын  көзқарастар  мен  идеялардың  жүйесі,  тілді 
сақтау я тілдік ахуалды өзгерту мақсаттарынан тұратын жүйе. Вернакулиза-
ция, орыстандыру идеологиясы Т.и. үлгісі бола алады (қар. Вернакулизация, 
Идеология, Тіл жəне дін, Тілдік саясат, Тілді жоспарлау, Тілдік конфликт).
ТІЛДІҢ  ҚАЙТА  ЖАҢҒЫРЫЛУЫ  (ор.  возрождение  языка
ағыл. Language revival) – мемлекеттің, Тілдік саясат субъектілерінің, жұрт-
шылықтың өміршеңдігін күшейтуге мұқтаж өлі, жоғалып бара жатқан тілді 
я  тілдерді  қалпына  келтіруге  бағытталған  шараларының  жиынтығы.  Т.қ.ж-
дың  ең  белгілі  мысалдарына  бұрынғы  өлі  иврит  (Израиль),  мэн  жəне  корн 
(Ұлыбритания);  жоғалып  бара  жатқан  окситан  жəне  гаскон  (Франция)  тіл-
дері жатады. Қандай да бір Тіл қоғамдық-саяси өмірдің, ғылым, техника, өнер 
жəне өзгенің тілі бола алмайды, өйткені оның жеткілікті түрде сөздігі жəне 
грамматикалық құрылымы жоқ деген пікір «лингвистикалық ырымшылдық»
(Т.Скутнабб-Кангас) болып саналады. «Тілдің ішкі құрылымы оның функцио-
налдық  мүмкіндігін  анықтамайды,  керісінше,  функциясының  кеңеюі  тілдік 
құрылымның күрделенуіне əсер етеді. Бұрын қолданыста болмаған салалар-
да қолданысы пайда бола бастаған қандай да бір тілде осы салаға қажет сөз-
дер пайда бола бастайды, грамматикалық құрылымы күрделене түседі (қар. 
Тілдің ауысуы, Тілдік саясат, Тілді жоспарлау). 
ТІЛДІК  ҚАУЫМДАСТЫҚ  (ор.  языковая  общность,  ағыл.  language 
community) – 1. Тілдік ортақ белгілеріне қарай бірлескен адамдардың тұрақты 
жиынтығы.  Т.қ.  мынадай  белгілерге  ие  тұлғалардың  санына  қарай  өзгеше-
ленеді,  мыс.,  Тіл  иелерінің  Т.қ.,  Диаспора  тілі,  Этностық  тіл  т.с.с.  болып 
бөлінеді. 2. Өздерін  Тіл  иесіміз,  Диаспора  тілінің  иесіміз,  Этностық  тіл 
иесіміз т.с.с. деп санайтын адамдардың тұрақты жиынтығы (қар. Этностық 
сəйкестілік, Этностық қауымдастық, Тілдік бірдейлестік).


жүктеу 6,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   180




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау