94
ЭТНОСАЯСИ СӨЗДІК
мен əрекеттер жасау арқылы ұмтылудан көрінеді. Ұлттың құралуы мен қа-
лыптасуы, ұлттық мемлекеттердің құрылуы кезінде, ұлттық жəне ұлт-азат-
тық қозғалыстардың дамуы кезінде П. қоғамдық сананың ажырамас бөлігіне
айналып, саяси мəнге ие болады. Жаңа мыңжылдық табалдырығында интер-
националдандыру, ғаламдасу, мемлекетаралық өңірлік интеграциямен бай-
ланысты, мемлекеттік жəне ұлттық егемендіктің рөлі мен маңызы артумен
байланысты П. проблемасы да шиеленісе түседі.
Патриотизм – жалпы адамзаттық, таптық жəне ұлттық аспектілері бар, та-
рихи сипатқа ие құбылыс. Өз ғаламшарының игілігі үшін жауапты да жа-
сампаз сезімді білдіретін планетарлық П. кейде П. жоғарғы формасы деп
есептейді. Шынайы П. ұлтшылдықпен, нəсілшілдікпен жəне жікшілдікпен
ешқандай қатысы болмайды. Бір жағынан, жаһандану, интернационалану,
екінші жағынан, мемлекеттік жəне ұлттық егемендікті нығайту кезінде па-
триотизм проблемасы өткірлене түседі.
Қазақстан Республикасы Конституциясына (1-баптың 2-тармағы) сəйкес,
П. Республика қызметінің негізі болатын қағидат болып табылады да, мына-
ларды қамтиды: қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың
игілігі үшін экономиканы дамыту, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік
өмірдің анағұрлым маңызды мəселелерін демократиялық əдіспен шешу (қар.
Мемлекет, Ел бірлігі доктринасы).
ПОПУЛЯЦИЯ (лат.populus
– жұрт, халық
, ор.
популяция,
ағыл.
population)
– белгілі бір аумақты қоныстанған, бір-бірімен туыстық тығыз қатынастағы
адамдардың тобы; иммигранттардың елеусіз қосылуынсыз-ақ бірнеше ұрпақ
бойы сақталуға қабілетті топталым; бұл көбінесе биологиялық (генетикалық)
ұғымда қолданылады, сондықтан да адамдардың əлеуметтік қауымдастығы
ретіндегі
Этностан айырмашылығы бар
(қар.
Қауымдастық, Этнос, Имми-
грация, Этностық топтар).
- Р -
РАДИКАЛИЗМ (лат.
radix –
түбір,
ор.
радикализм, ағыл.
radicalism)
–
1. Шешуші шараға, соңғы шешімге ұмтылыс, бейімділік. 2.
Қандай да бір
жік пен топтың өмір сүруіне, дəстүрлеріне қатер төнген дүдəмал тарихи өт-
пелі кезеңдерде сол кездегі институттарды үзілді-кесілді өзгертуге бағыт-
талған əлеуметтік-саяси идеялар мен əрекеттер (қар.
Экстремизм, Лаңкестік,
Сепаратизм). Радикализмнің өзара шарттас екі қыры бар: радикалды идео-
логия жəне радикалды əрекет. Радикализм қолданыстағы саяси, əлеуметтік
жəне экономикалық құрылысты қоғамдық-саяси бағыт ретінде түбегейлі
өзгертуге бағытталады. Радикализмді ұстанушылардың басты мақсаты төң-