Коммерциялық емес акционерлік қоғамы



жүктеу 363,3 Kb.
Pdf просмотр
бет1/11
Дата25.05.2018
өлшемі363,3 Kb.
#17579
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


 

                                                                                          Коммерциялық емес 



                                                                                          акционерлік қоғамы 

 

 



 

 

 



 

 

 



КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ 

 

5В060200 - Информатика мамандығының студенттеріне  арналған  



әдістемелік нұсқаулықтар 

 

 



 

 

 



 

 

      



 

 

  



 

 

 

 

 



Алматы 2014 

Қазақ және орыс тілдері 

кафедрасы      

АЛМАТЫ 


ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ 

БАЙЛАНЫС 

УНИВЕРСИТЕТІ 



 

  



       ҚҰРАСТЫРУШЫ: Төлеубаева К.Т. Кәсіби қазақ тілі 5В060200 -  

Информатика мамандығының студенттеріне  арналған әдістемелік  

нұсқаулықтар. - Алматы: АЭжБУ, 2014.-34 б. 

  

 



Бүгінде  жоғары  оқу  орындарында,  әсіресе  техникалық  жоғары  оқу 

орындарында  мемлекеттік  тілді  оқыту  сапасының  деңгейін  көтеруге,  кәсіби 

тілді  меңгеруге  байланысты  жұмыстар  жүргізу  күн  тәртібіндегі  өзекті 

мәселеге айналды.  

Ұсынылып  отырған  әдістемелік  нұсқаулық  «Кәсіби  қазақ  тілі»  пәні 

бойынша  «Информатика»  мамандығында  оқитын  студенттерге  арналған. 

Әдістемелік  нұсқаулықты  жазудағы  басты  мақсат  –  мемлекеттік  тілді  кәсіби 

бағдарлы  үйрету  арқылы  техникалық  терминдердің  мағынасын    түсіндіріп 

меңгерту  және  оларды  қолдану  дағдысын  қалыптастыру.    Әдістемелік 

нұсқаулықта  мамандыққа  қатысты  терминдердің  жасалу  жолдары, 

терминдердің  мағынасын  түсіндіруге  септігін  тигізетін  тапсырмалар,  кәсіби 

сала  мәтіндері  берілген.  Сөздіктермен,  салалық  сөздіктермен  жұмыс  жасау 

дағдыларын  қалыптастыру,  лексикалық,  синтаксистік  оралымдарды  танып, 

дұрыс  аудара  білу  дағдыларын  меңгерту,  техникалық  мәтіндерді  қазақшадан 

орысшаға  және  орысшадан  қазақшаға  аудару  тәсілдерін  нақты  мәтіндер 

үлгісін  қолдана  отырып   

игертудің  тиімді  жақтары  қарастырылды.

 

Әдістемелік  көрсеткіште  берілген  материалдар 



студенттердің  кәсіптік 

мамандығын  ескере  отырып

  қ

азақ  тілін  қарым-қатынас  құралы  ретінде 



меңгертуге септігін тигізеді деген ойдамыз.

 

Әдеб. көрсеткіші – 15 атау. 



         

                    Пікір беруші: физика-матем.ғылым.канд.доцент А.А. Аманбаев 

 

        «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес  



акционерлік қоғамының 2014 жылғы жоспары бойынша басылады. 

 

 



 

 

 



              © «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2014 ж. 


 

2014 ж. жиынтық жоспары,  реті  68             



 

Күлайхан Тлеуғалиқызы Төлеубаева 

 

 

КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ 



 

5В060200 - Информатика мамандығының студенттеріне  арналған әдістемелік 

нұсқаулықтар 

 

Редактор  Б.С. Қасымжанова  



Стандарттау бойынша маман: Н.Қ. Молдабекова 

 

 



 

 

Басуға қол қойылды___  .___ .____.             Пішімі 60х84 1/16 



Таралымы  30    дана.                                    №1 типографиялық қағаз 

 Көлемі     2,2   оқу-басп.т.                             Тапсырыс  1100   бағасы             

 

 

«Алматы энергетика және байланыс университетінің» 



коммерциялық емес акционерлік қоғамының 

көшірмелі-көбейткіш бюросы 

050013 Алматы, Байтұрсынов көшесі, 126 

 



 

Білімнің адам өміріндегі ролі 



                                                                           Білімдіден шыққан сөз 

                                                                            Талаптыға болсын кез. 

                                                                         Нұрын, сырын көруге 

                                                                            Көкірегіңде болсын көз. 

Абай. 

«Білімдіге  дүние  жарық,  білімсіздің  күні  кәріп»  деген  бұрынғылар. 

Бүгіні таңда жеке адамның біліміне көңіл бөлмеу – оның ертеңгі күні мәңгілік 

орташа  дәрежеде  қалуына  әкеліп  соғады.  Білім  ерікті  қоғамның  ірге  тасы 

болып  есептеліп,  соның  негізінде  әрі  күшті,  әрі  сау  келешек  мемлекеттің 

негізін қалайды және тұтқасы болады. 

Ең алдымен білуге, білімге ұмтылу жақсы қасиет. Бірақ, қазіргі уақытта 

білімді  жалаң  мақсат  етіп,  соның  мәнін  түсінбейтін  де  баршылық.  И.Гете 

«Біліп қана қою – аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек, ниеттену ғана - аз, 

сол ниетіңді іске асыруың керек» - деген. 

Қазіргі  заманғы  өндіріс  салалары,  қоғамның  рухани  өмірі  әрбір 

азаматтан  жалпы,  техникалық,  компьютерлік  білімді  ғана  талап  етіп 

қоймайды,    сонымен  қатар  арнаулы  кәсіби  мамандықты,  икемділікті  қажет 

етеді.  Кәсіптік  білім  жеке  тұлғаның,  яғни  әрбір  адамның  жан-жақты 

дамуының қажеттілігі болып саналады. 

Кәсіби  білімнің,  адамның  жеке  басының  өсіп,  дамып  отыруы 

материалдық  ынтаның  пайда  болуына,  оның  алғы  шарттарын  жасауға 

байланысты.  Ол  алғы  шарттардың  бірі  –  мамандардың  жалақысының, 

материалдық  жағдайларының  дәрежесі.  Материалдық  ынта  –  білімді 

дамытудың, кәсіби шеберлікті арттырудың бірден-бір кепілі.  

Сонымен  білім  жеке  адамның  ғана  емес,  қоғамның  талабы.  Білімділік 

саналылықтың қажеттілігі, ал мектептің қуаттылығы да оның әрбір мүшесінің 

саналылығына байланысты. 

 

1.  Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. 



2. Түбірлес сөздердің жасалуын айтыңыз, аударыңыз. Білу; ниет; қажет; 

икем; кәсіп; сана; өн; маман, т.б. 



Мыс:біл-білу-білімді-білімділік; 

3. Мақал-мәтелді пайдаланып, жағдаят құрыңыз. 

 Білімді мыңды жығады, 

 Білімсіз бірді жығады.  

 

Білімдіге дүние жарық, 

Білімсіздің күні кәріп.  

 

Білім дегеніміз-күш (Ф.Бэкон) 

4. Мына нақыл сөзді тірек етіп алып, білімнің өмірдегі пайдасы туралы 

ойыңызды айтып, әңгімелеңіз.    Білім-бақтың жібермейтін қазығы, 

 

 

 

 

    Білімсіз бақ әлдекімнің азығы. (М.Әуезов) 



жүктеу 363,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау