Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет30/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   265

А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



86

87

тербеліс жасаушы (мысалы, маятниктің тепе-теңдік қалпынан ауытқуы, электр 



тогы  күшінің  мәні  және  айнымалы  ток  кернеуінің)  дененің  тепе-теңдік  қал- 

пының (орташа шамасынан немесе нөлдік ретінде қабылданған шамадан) мүм- 

кін  болғанша  ең  алшақ  ауыт- 

қуы. Ауытқу шамасы тербеліс- 

тің  толық  периоды  (қайтала- 

нуының) жасалған кезде өзінің 

ең алшақ ауытқу мәніне екі рет 

жетеді. Қарапайым түсінікте амплитуда – тербелістің құлашы, ені болып табыла- 

ды. Тербеліс амплитудасы тұрақты шамы.

Тербеліс амплитудасы жиірек едәуір кең мағынада – периодты заңдылықпен 

тербелетін шамаларға қатысты да қолданылады; бұл жағдайда тербеліс амплиту-

дасы бір периодтан екінші периодқа өткенде өзгеруі мүмкін. 



АМПЛИТУДАЛЫҚ  МОДУЛЯЦИЯ  (латынша  «модулацион  –  өлшем, 

өлшемділік») – тербелістің жиілігінен едәуір төменгі жиілікке өтетін тербелістер 

(электрлік, механикалық) амплитудаларының периодты өзгерісі. Бұл модуляция 

радио- және оптикалық, радиолокациялық, акустикалық локациялық т.б. байла-

ныстарда қолданылады. Мысалы, радиохабарлар таратуда дыбыстық тербелістер 

төменгі жиілікті электрлік тербелістерге (модуляциялық сигналға) түрлендіріледі, 

осы  электрлік  тербелістер  радиотаратқыштар  тарататын  жоғары  жиілікті 

тербелістерді периодты түрде өзгертеді (яғни модуляциялайды). 



АНАГЛИФТІК ТҮСТЕР ӘДІСІ (грекше «анаглифос – бедерлі») – бір ны- 

санның ақ-қара екі кескінін әртүрлі түске бояп немесе сәйкес сүзгілерден өткізіп, 

экранға түсіру арқылы 

стереоскоптық кескін шығару әдісі. Стереожұп құрайтын 

кескіндер объективтің оптикалық өстерінің арасы белгілі бір қашықтықта (сурет-

ке түсіру базасы) болатындай жағдайда қосымша түстерде (мысалы, қызыл және 

жасыл) суретке түсіріледі, сонан соң әлгі кескіндерді көретін (яғни бақылаушы) 

адам оң және сол көздерге арналған әртүрлі жарық сүзгілер болатын стереоскоп 

арқылы қарайды. Егер, мысалы, оң көзбен қаралатын кескін қызыл түске, ал 

сол көзбен қаралатын кескін жасыл түске боялған болса, онда стереоскоптың 

оң жақтағы жарықсүзгісі жасыл түсті, ал сол жақтағысы – қызыл түсті болуы 

қажет. Осының нәтижесінде әрбір көз тек «өзіне» арналған боз түсті байқайтын 

болады. Осы жеке-жеке кескіндерді адам жалғыз көлемді ақ-қара кескін түрінде 

байқайды. Осы әдіс көлемді суреттер, стереоскопты фильмдер түсіру кезінде 

пайдаланылады. 



АНАЛОГ (грекше «аналогос – сәйкес, өлшемдес») – өзге затқа, құбылысқа 

немесе ұғымға сәйкес болатын бір нәрсе.




А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



86

87

АНАМОРФТАУ (грекше «анаморфо – түрлендіремін») – нысан кескіндерінің 

сыртқы пішіндерін оптикалық немесе өзгедей тәсілімен өзгерту (түрлендіру). 

Анаморфтау  арнайы  оптикалық  жүйелер,  сондай-ақ  заттың  және  (немесе) 

экранның  жазықтығын  көлбеулету 

арқылы жүзеге асырылады. Кескіндерді 

анаморфтау үшін цилиндрлік линзалар 

және  оптикалық  айналар,  сыналық 

және  басқа  оптикалық  жүйелер 

қолданылады.  Екі  өзара  перпендику-

ляр бағытталған кескіндердің созылып 

ұлғаюының қатынасы анаморфтау (ана-

морфоздар) коэффициенті деп аталған. Тік және көлденең бағыттарда біркелкі 

кішірейтіліп сығымданған немесе созылған анаморфтау көп таралған (әсіресе 

кинотехникада).

АНГСТРЕМ (Å) – ұзындықтың жүйеден тыс бірлігі; 1Å = 10

–10


м = 10

–8

см = 



0,1 нм (нанометр). Оптикада, атомдық физикада қолданылады; швед физигі әрі 

астрономы Андерс 



Ангстремнің (1814–1874) құрметіне аталған. 

АНИЗОТРОПИЯ (грекше «анизос – бірдей емсе» + «тропос – бағыт») – зат-

тардың физикалық қасиеттерінің (механикалық, оптикалық, магниттік, электрлік 

т.б.) бағыттарға тәуелділігі. Табиғи анизотропия – кристалдарға тән қасиет; мы-

салы, слюда пластинкасы белгілі бір жазықтықта (осы жазықтықта бөлшектер 

арасындағы ілінісуі күші ең аз шамаға тең) жұқа қабыршақтар қабаттарға ажырап 

бөлінеді. Кристалдардың кейбір қасиеттерінде (мысалы, тығыздығы және мен- 

шікті жылу сыйымдылығында) анизотропиялық қасиеттер жоқ. Мысалы, жарықтың 

мөлдір кристалдарда таралуы кезінде (кубтық торлы кристалдардан өзгелерінде) 



жарық қосарланып сыну құбылысына ұшырайды және әртүрлі бағыттарда әрқи- 

лы полярланады. 

Кристалдардың анизотропиясының себебі – олардағы бөлшектердің реттілік- 

пен  орналасуының  салдары  болып  табылады.  Кейбір  сұйықтардың,  әсіресе 



сұйық кристалдардың анизотропиясы молекулалардың асимметриясымен және 

олардың белгілі бір бағытқа бағдаралануына байланысты туындаған. Поликри-

сталды материалдардың барлығы дерлік изотропты. Бұлардың анизотропиялық 

қасиеттері олардың өңделуінің (жасытудың, сығымдаудың) нәтижесінде текстура 

жасалғанда пайда болады. Анизотропия кристалл емес заттарда да байқалады. 

Мысалы әйнек шынықтырылғанда анизотропиялық қасиет пайда болады. Крис- 

талдар  мен  изотропты  орталарда 

электр өрісінің ықпалымен жасанды оп- 

тикалық анизотропия түзіледі.

Зат  кескіні:  а  -  қиғаш  жазықтық  арқылы; 

б  -  оптикалық  сына  арқылы  анаморфтау;  з 

- зат; о - объектив; с

1

 және с

2

 - оптикалық 

сына; к - кескін.  



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау