Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



жүктеу 5,08 Kb.
Pdf просмотр
бет61/92
Дата25.05.2018
өлшемі5,08 Kb.
#17303
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92

 
145
нормативтік  құқықтық  актілерінде  тиісті  қаржы  жылына  белгіленген  ең  аз  1  (бір) 
айлық жалақы есебінен төлейді. 
Жұмыс  тоқтап қалған  жағдайда,  Жалдаушы  Қызметкердің  келісімінсіз  оның 
мамандығын,  біліктілігін  ескере  отырып,  орындалатын  жұмыс  бойынша,  бірақ 
бұрынғы жұмысының орташа айлық жалақысынан төмен емес еңбекақымен 1 (бір) 
айдан  аспайтын  мерзімге  жəне  денсаулығына  зиян  келмейтін  басқа  жұмысқа 
ауыстыруға  құқылы.  Қызметкердің  кінəсынан  тоқтап  қалған  уақытқа  ақы 
төленбейді. 
 
5. ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ РЕЖИМІ. ДЕМАЛУ УАҚЫТЫ 
 
5.1.  Жұмыс  аптасының  ұзақтығы  2  (екі)  демалыс  күні  бар,  аптасына  40 
(қырық) сағаттан астам қара жұмыста жəне денсаулыққа зиянды жұмыста жүрген 
Қызметкерлер  үшін    аптасына  36  (отыз  алты)  сағаттан  аспайтын  5  (бес)  күнді 
құрайды.   
5.2. Күнделікті жұмыс күндері Қызметкерге дем алуға жəне тамақ ішуге кем 
дегенде 1 (бір) сағат уақыт беріледі, Қызметкер оны қалай пайдаланам десе де, өз 
еркінде. Жұмыстың аяқталуы мен келесі күні басталу аралығындағы Қызметкердің 
күнделікті демалысының ұзақтығы кем дегенде 12 (он екі) сағат болуға тиіс.  
5.3.  Қызметкерді  өзінің  келісімі  бойынша,  ал  еңбек  туралы  заңдарда 
ескерілген  ілуде  бір  жағдайда  өзінің  келісімінсіз  де  белгіленген    мерзімнен  тыс 
жұмысқа шақыруға болады.    
5.4.  Қазақстан  Республикасының  қолданылып  жүрген  заңдарына  жəне 
Жалдаушының 
нормативтік 
құқықтық 
актілеріне 
сəйкес 
Қызметкерге 
Жалдаушымен  келісім  бойынша  қосымша  демалыс  жəне  басқа  да  демалыс 
беріледі.  
5.5. Қызметкерге Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес оқу 
демалысы беріледі.  
 
6. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ ЖƏНЕ 
ОНЫҢ БҰЗЫЛАТЫН ЖАҒДАЙЛАРЫ 
 
6.1. Осы Шарттың  қолданылу мерзімі шектеусіз. 
6.2. Жалдаушы Қызметкерге  2 (екі) ай сынақ мерзімін белгілейді.  
6.3. Осы Шартты:  
1) Тараптардың келісімі бойынша;  
2)  Қазақстан  Республикасының  қолданылып  жүрген  нормативтік  құқықтық 
актілерінде  белгіленген  нормалар  мен  талаптарды  орындай  отырып, 
Жалдаушының жəне/немесе Қызметкердің бастамасы бойынша; 
3) Тараптардың еркіне бағынбайтын жəне Тараптардың осы Шарт бойынша 
міндеттемелерді орындауына кедергі жасайтын жағдай орын алған кезде;  
4) осы Шарттың  мерзімі аяқталмай тұрып; 
5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде ескерілген басқа да негіздер 
бойынша бұзуға болады.  
6.4.  Осы  Шарттың  мерзімі  аяқталардан  бір  ай  бұрын  Тараптардың  бір  де 
біреуі  оны  бұзу  туралы  жазбаша  мəлімдеме  жасамаған    жағдайда,  оның 
қолданылуы  Шарттың  6.1.  тармағының  бірінші  абзацында  көрсетілген  мерзімге 
ұзартылды деп саналады.   
6.5. 
Жалдаушының 
(немесе 
оның 
бөлімшелерінің) 
таратылуы,  
Жалдаушының  (немесе  оның  бөлімшелерінің)  қызметкерлерінің  саны  немесе 
штаты қысқартылуы салдарынан осы Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, 


 
146
Қызметкердің  Қазақстан  Республикасының  қолданылып  жүрген  нормативтік 
құқықтық актілерінде ескерілген барлық кепілдіктері сақталады.  
6.6.  Осы  Шарт  бұзылған  жағдайда  Қызметкерге  тиесілі  барлық  сома  соңғы 
жұмыс күнінен кешіктірілмей төленеді.  
 
7. ТАРАПТАРДЫҢ  ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 
 
7.1. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзған жəне осы Шарт 
бойынша  талаптар  мен  міндеттемелерді  орындау  барысында  бір-біріне  нұқсан 
(зиян) келтірген жағдайда, олар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген 
нормативтік  құқықтық  актілеріне  сəйкес,  сондай-ақ  материалдық  толық 
жауапкершілік туралы Тараптар арасында жасалған Шарт негізінде жауап береді.  
 
8. ДАУЛАРДЫ  ШЕШУ  ТƏРТІБІ 
 
8.1.  Осы  Шарттың  талаптарын    орындау  барысында  Тараптар  арасында 
туатын даулар солардың өзара келісімі бойынша шешіледі.  
8.2.  Өзара  келісімге  қол  жетпеген  жағдайда,  Тараптардың  даулары 
Қазақстан  Республикасының  қолданылып  жүрген  заңдарында  белгіленген  тəртіп 
бойынша шешіледі.  
 
9. БАСҚА  ТАЛАПТАР 
 
9.1.  Осы  Шарттың  талаптарына  енгізілген  өзгертулер  мен  толықтырулар 
Тараптардың  өзара  келісімі  бойынша  осы  Шартқа  қосымша  келісіммен 
ресімделеді жəне оның ажырамас бөлігі болып табылады.  
9.2.  Осы  Шарт  əрбір  Тарап  үшін  қазақ  тілінде  бір  данадан  заң  күші  бірдей 
етіліп, екі данада жасалған.  
9.3.  Тараптардың  еркіне  бағынбайтын  жəне  Тараптардың  осы  Шарт 
бойынша  міндеттемелерді  орындауына  кедергі  жасайтын  жағдай  орын  алған 
кезде, Тараптар бір-біріне талап қоюдан бас тартады.  
 
10. ТАРАПТАРДЫҢ  МЕКЕН-ЖАЙЫ  ЖƏНЕ  ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ 
 
Жалдаушы: 
 
«Арқау» ЖШС 
480092, Алматы қаласы,  
Абай д-лы, 21-үй 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бас директор 
_________________ 
 
   Қызметкер:  
Үйінің адресі: 
Алматы қаласы, 
______________  
______________ 
 
Жеке куəлігінің 
№ ______________ 
    ______________  
Қазақстан Республикасының 
ІІМ берген. 
 
CТН: ______________ 
ƏЖК: ______________ 
Қызметкер        
      ____________________ 
 


 
147
4.3.7. Қызметке қабылдау туралы бұйрық (өкім) 
 
 
Қызметкерді жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде 
шығарылатын  бұйрықпен  (өкіммен)  ресімделеді.  Жұмыс  беруші 
бұйрығының 
(өкімінің) 
мазмұны 
жасалған 
еңбек 
шартының 
мазмұнымен сəйкес келуі тиіс. 
 
Жұмыс  берушінің  жұмысқа  қабылдау  туралы  бұйрығы  (өкімі) 
еңбек  шартына  қол  қойылған  күннен  бастап  үш  күн  ішінде 
қызметкердің  қолын  қойдыра  отырып,  таныстырылады.  Қызметкердің 
талабы  бойынша  жұмыс  беруші  оған  бұйрықтың  (өкімнің)  расталған 
көшірмесін беруге міндетті.  
 
Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші қызметкерді ұйымдағы 
ішкі  еңбек  тəртібімен,  қызметкердің  атқаратын  міндеттеріне  қатысты 
ішкі  нормативтік  құжаттармен  жəне  ұжымдық  шартпен  таныстыруы 
керек.  
 
Жеке  құрам  бойынша  бұйрықтар  басқару  құжаты  ғана  емес, 
сонымен бірге бастапқы есептік құжат та болып саналады. Өйткені ол 
азаматты  жұмысқа  қабылдау,  ауыстыру  немесе  босату  фактісін 
белгілейді жəне оған еңбекақы есептеуге негіз болып табылады. 
 
Жұмысқа  қабылдау  туралы  бұйрық  ұйымға  қызметке  алынған 
əрбір адамға шығарылады. Жұмысқа бірнеше қызметкерді бір мезгілде 
алған  кезде,  əсіресе  уақытша  жəне  маусымдық  жұмыстарға 
қабылдағанда, барлығына арнап бір бұйрық шығаруға да болады.  
 
Бұйрықты  ресімдеу  кезінде  ұйымның  құрылымдық  бөлімшесі, 
мамандық  немесе  лауазым  атауы,  егер  қызметкерді  жұмысқа 
қабылдау кезінде тексеруден өткізу белгіленсе, сынақ мерзімі, сондай-
ақ  жұмысқа  қабылдау  шарты  мен  алдағы  жұмыстың  сипаты  (екі 
қызметті қоса атқару, басқа ұйымнан ауысу тəртібі, уақытша болмаған 
қызметкердің  орнына  алу,  белгілі  бір  жұмысты  орындау  жəне  т.б.) 
көрсетіледі.  Бұл  деректер  еңбек  шартынан  алынады.  Бұйрықта 
міндетті түрде қызметкердің жұмысқа кіріскен күні көрсетілуі тиіс. 
 
Ж мыс а  абылдау туралы б йры ты   лгісі 
 
 
БҰЙРЫҚ 
 
 
Оспанов  Алмат  Асхатұлы  2007  жылдың  12  қыркүйегінен  бастап 
Құжаттамалық  қамтамасыз  ету  жəне  бақылау  басқармасының  хат-хабарларды 
тіркеу  жəне  жеткізу  бөліміне  2  (екі)  ай  сынақ  мерзімімен  бас  маман  қызметіне 
қабылдансын. 
 
Негіздеме:  А.А.  Оспановтың    2007  жылғы  11  қыркүйектегі  өтініші,  2007 
жылғы 11 қыркүйектегі № 15 Жеке еңбек шарты. 
 
 
 
Директор 
 
 
 
__________   
 
_____________ 
 
 
 
 
 
 
      (қолы)   
                  (аты-жөні) 


жүктеу 5,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау