32
жүзеге асырудағы қызметін орындау, тұлғалық және кәсіби қалыптасу
үдерісіндегі белгіленген ерекшеліктер (жеке тұлға, адам және субъектінің іс-
әрекеті) біріктірілген үдеріс тұрғысынан қарастырылуы тиістігіне мән береміз.
Барлық белгіленген категориялар (жеке тұлға, субъектінің іс-әрекеті,
тұлғалық, даралық) бір-бірімен тығыз байланысқан. Біздің көзқарасымыз
бойынша, жоғары оқу орны оқу-тәрбиелік үдерісінде ұлттық музыка
құралдарының барлық қаруын қолдана отырып тұлғаны интеллектуалды
дамыту аталған категориялардың бірыңғай тұтастықта дамуын қамтамасыз
етеді.
Э.Г.Гельфман, М.А.Холодная
және
т.б.
ғалымдар
тұлғаның
құрылымындағы интеллектті дамытуды қарастыра отырып оның өзектілігін
тұлғалық танымдық тәжірибені арттыру, өмірде болып жатқан танымдық
байланыстардың «ашықтық» кешеніне жауап беретін әлемдегі даралық
мүмкіндігін анықтау деп есептейді. Авторлар тұлғаның танымдық тәжірибесін
оның санасындағы объективті қызметті қабылдау ерекшелігі мен әлемдегі
адамның танымдық байланысының алдын алу үшін жекелеген танымдық
тәжірибедегі құрылым мен құрамның ерекшелігіндегі «интеллектуалдық іс-
әрекетті нақты құрамда негіздеу және әлемдегі адамның танымдық
байланысындағы нақты психикалық білім берудің жүйесі негізіндегі
психикалық күй» ретінде анықтайды [60].
Ақыл-ой қабілеті ең алдымен ерікті және эмоционалдық ерекшеліктегі
сананың теориялық танымы мен адамның тәжірибелік қызметіндегі мүмкіндігі
түрғысынан анықталады. Адамның интеллектісі үшін ең маңыздысы -
қоршаған ортадағы болмыс пен пәндік байланыстағы бейнені көрсететін
шығармашылық түрленудегі іс-әрекеттің мүмкіндігін қамту. Кейбір белсенділік
түрлері мен өзін-өзі басқарудағы түбегейлі нерв қызметінің жоғары құрамы
жалпы ақыл-ой қабілетіндегі жағдайды құрылымдау қажеттігі тұрғысынан
сипатталады [61].
Психологтар ұзақ жылдар бойы жалпы ақыл-ой қабілетінің құрамын
анықтаумен айналысты. Яғни, Н.Д.Левитовтың пайымдауынша, жалпы ақыл-
ой қабілеті ең алдымен тапқырлық (ақыл-ойдың жылдам бағытталуы),
байыптылық, сыншылдық түсінігін қамтиды. Жоғарыда көрсетілгендерді
ескере отырып ақыл-ой дамуының мазмұндық өлшемдерін (белгілік,
көрсеткіштік) қарастыру қажеттігі туындайды. Ең маңызды жалпы
өлшемдерді Н.Д.Левитов негіздеген. Оның ойынша, ақыл-ойдың дамуы келесі
көрсеткіштер арқылы ерекшеленеді:
– дербес ойлау;
– оқу материалдарын жылдам
және нақты меңгеру;
– стандартты емес тапсырмалардың шешімін табуда ақыл-ой бағытының
жылдамдығы (тапқырлық);
– зерттеліп жатқан болмысқа терең ену (маңыздының маңызды еместен
ажырата алу қабілеті);
– негізсіз
жағдайдағы байланыстың жоқтығы, сыни ойлау [62].
33
Н.А.Менчинский өзінің серіктес топтарымен ақыл-ой дамуының мәселесі
жөнінде табысты зерттеулер жүргізді. Оның жасаған ережесіндегі ақыл-
ойдың дамуы екі категория болып табылады делінген. Осындай байланыста
мынадай ойлау қызметінің ерекшелігін қарастырады:
1) меңгеру жылдамдығы (немесе, тиісті бәсеңдік);
2) ойлау үдерісінің иілгіштігі (жеңілдік немесе тиісті жұмысты
орналастыру қиындығы, өзгеріп жатқан жағдайға бейімделу);
3) ойлаудың кешеніндегі оқшаулану мен көрнекіліктің тығыз байланысы
(немесе, тиісті бытыраңқылық);
4) аналитикалық-синтетикалық іс-әрекеттің әр түрлі деңгейі [63].
П.П.Блонский
біріншіден, білімнің жинақталу қоры болуы тиістігін негіздеген
«Білімінің жоқтығынан талқылай алмайды, білім мен тәжірибесі терең болса,
талқылау да көп болады» дейді, яғни білім ойлау үшін қажет.
Екіншіден, ақыл-
ойдың даму ерекшелігі үшін жинақталған білімнің көмегімен алынатын ақыл-
ой операциялары маңызды. Демек, ақыл-ой дамуының басты ерекшелігі
интеллектуалды ақыл-ойға қатысты берік орнатылған ақыл-ойдың тәсілдері
мен өңделген, ерекше жинақталған қор болып табылады. Басқаша сөзбен
айтқанда, ақыл-ойдың даму ерекшелігі санадағы бейнелеу мен бейнеде өтетін
деңгейден көрінеді.
Е.Н.Кабанова-Меллер ақыл-ойдың негізгі өлшемдеріне бір объектінің
басқа объектіге ауысуы тұрғысынан ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін белсенді
және кең түрде ауыстыру, сондай-ақ ақыл-ойдың жоғары деңгейіндегі пән
аралық жалпылама ақыл-ойдың тәсілдеріндегі даму байланысының
мүмкіндіктерін кең түрде бір пәннен басқа пәнге көшіру қажеттігін негіздейді.
Ғалымдар білім алушылардың ақыл-ой операцияларындағы әртүрлі
көзқарастарын сараптап және зерттей келе, аналитикалық-синтетикалық іс-
әрекеттің деңгейін анықтайтын өнімді ойлаудың деңгейін белгіледі. Мұндай
деңгейдің негізіне мынадай ерекшеліктер жатады:
– талдау мен сараптаудың арасындағы байланыс,
– осындай үдерістің көмегімен жүзеге
асатын құралдар,
– сараптау мен талдаудың толық деңгейі [64].
Осыған байланысты авторлар әр түрлі білім беру саласындағы
тапсырмалардың немесе мектеп пәндеріндегі белгілі бір типтегі
тапсырмалардың шешімін табу үшін арнайы жасалған операциялар жүйесін
зерттеген [65].
Л.В.Занковтың көзқарасы бойынша тұлғаның ақыл-ойын дамыту
барысында оның өзінің табиғатына сәйкес іс-әрекетін қалыптастыруға
арналған тәсілдерді бір жүйеге түсіру қажет [66]. Мысал ретінде, автор
мектеп оқушылары бір сабақта бақылауды сараптаса, басқа сабақта
жалпылама белгілерді анықтайтыны жөнінде айтады. Ақыл-ойдың даму
қарқыны туралы ақыл-ой іс-әрекетінің әртүрлі ерекшелігіндегі қабілеттің
аналитикалық-синтетикалық қызметіндегі бірыңғай жүйесін біріктіреді деп
айтуға болады.