ҰЛАҒат қараша



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет26/29
Дата24.05.2018
өлшемі0,85 Mb.
#16814
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

120

121


Шұға – менің өз мұңым, өз ғашығым,

Туған елден жоқ менің өз асылым.

Құрымбайдай жігіттің құрдасымын,

Аштан өлген Күлпаштың көз жасымын.



Сәкен Сейфуллин:

Мен, Сәкенмін – Сейфолланың баласы,

Жазылмаған жүрегінің жарасы.

Мен Құдайдың ажалынан өлгем жоқ,

Мені өлтірген адамдардың аласы.

Көжегіне ұқсамадым қоянның,

Қатарымнан тым ертерек ояндым.

Қызыл туды жырлап едім армансыз,

Ақырында қызыл қанға боялдым.

Ілияс Жансүгірұлы:

Мен  Ілияспын, өлеңге мұрагермін,

Иесі едім асқар тау, байтақ елдің.

Құлагерді жазып ем жүрегіммен,

Тағдырына тап келдім Құлагердің.

Жетісу мен Алтайдың, Сарыарқаның

Көркемдігін әлемнен таба алмадым.

Тозаңына бабамның қаны сіңген

Туған жерді қорғаңдар, бауырларым!

Шәкәрім Құдайбердіұлы:

Мен кетемін, келеді тағы өмірге мендей,

Олар мінді көреді, қисық жерін жөндей.

Бара-бара айқындалып ақтық істің анығы,

Адасқанмен ақиқатқа қоймақ емес сенбей.

Ақ жүрек пен таза ақыл, қылсаң адал еңбек,

Бәрінен де сол мақұл – артқыға жол бермек.

Арсыздардың арам ойы түкке тұрмай жойылып,

Аяғында ақиқатты бұл үшеуі жеңбек.

Сен бола көр аққа жақ, болам десең адам,

Адал еңбек берер бақ, бассаң соған қадам.

Айнымайтын ақ жүрек пен таза ақылды жанның

Таппасы жоқ бұл өмірде, осынымды ұқ, балам!

Ахмет Байтұрсынұлы:

Мен өлсем де өлемін жөнімменен,

Тәннен басқа немді алар өлім менен.

Өлген күні апарып тығары – көр,

Мен жоқ болман көміліп тәнімменен.

Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,

Ойлайтындар мен үшін бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,

Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін.

Міржақып Дулатов:

Мәуесі мол ағаштан

Ел керегін алғанша,

Аянбадым Алаштан

Жалғыз жаңқам қалғанша.

Аз өмірде әуре боп,

Көп тартқанмен азапты,

Санасына сәуле боп,

Оятып ем қазақты.



122

123


Мағжан Жұмабаев:

«Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе,

Түрікке адамзатта ел жеткен бе?

Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?»

Деп жырлаған ақын ұл, арысың ем,

Мен, Мағжан  Алашорда жаршысы ем.

От кешіп, ұлтқа арналған уды жұтқан

Жаралы жолбарыспын, тынысым кем.

Жас қазақ, Тұран елін қорға жаудан,

Жас Алаш, Ұраныңды берме қолдан!

Салт-сана, тарихың мен тілің, дінің –

Бабаңнан қалған саған ұлы қорған.

Жүсіпбек Аймауытұлы:

Ұлттық  рухтан нәр алып,

Бойда кернеп зор шабыт.

Ел үшін, туған жер үшін

Алаштың туын қолға алдық.

Ұранымыз – Азаттық,

Іштік уын азаптың.

Алған беттен қайтпадық

Ертеңі үшін қазақтың.

Тартса да қанша балақтан,

Мойымадық азаптан.

Біз кеткенмен, сіз барсыз,

Арттағы іні, бауырлар,

Намысты берме қолыңнан

Иттерге бізді талатқан.

Анаңның тілін ұлықта,

Мұрасын баба ұмытпа!

Дін менен ділді пәк ұстап,

Мойындат оны бар жұртқа!

8-сыныптың  «Қазақ  әдебиеті»  оқулығында 

берілген 

Ш.Мұртазаның 

«Бесеудің 

хаты» 

пьесасынан үзінді қойылады

Көріністің соңы мынадай үзіндімен аяқталады:

Мүсірепов:  -  Атыңдар!  Голощекин!  Құрамысов! 

Жантоқов!  Біз  халық  қырылып  жатқандықтан 

атыламыз. Ал сендер халық қайта тіріліп кеткендіктен 

атыласыңдар!  Халық  қайта  тірілгенде  сендер  екі 

дүниеден де орын таппай қаласыңдар. Сендер сияқтылар 

бұрын  да  болған.  Сендер  сияқтыларға  Данте  айтқан: 

«Қара  бетті  аспан  қарғап,  тамұқ  та  оны  қабылдамас» 

деген. Қасқыр қарызынан терісін беріп құтылады. Ал, 

сендер  қисапсыз  қылмыстарыңнан  мәңгі  бақи  құтыла 

алмайсыңдар. Ал, атыңдар!

Перде жабылады.Сахнаға оқушы  шығады.

Оқушы:

- Ақ адамды қаралап,

  Сау жүректі жаралап,

  Ақындарды жазалап,

  Қане, тапқан пайдамыз?

  Көп үмітін жатты үзіп,

  Асылдарын атқызып.

  Қаралы істі жаққызып,

  Бар ма тапқан пайдамыз?



124

125


Абзал жанды соттатып,

Оқыста оған оқ атып.

Заман көшін тоқтатып,

Қане, тапқан пайдамыз?

Жақсыға жағып өсекті,

Заңғарға атып кесекті.

Тұлпарға теңеп есекті,

Бар ма тапқан пайдамыз?

Ой ошағын сөндіріп,

Төреге зұлмат төндіріп,

Тексіздерге көндіріп,

Қане, тапқан пайдамыз?!

Қазір қандай ойдамыз?   (Қ.Төлеметов).

Сахнаға  Алаш  қайраткерлері  бейнесіндегі 

оқушылар шығады.

Міржақып Дулатов:

- Кез болған соң кер заман біздің баққа,

  Жау жарағын асынып, міндік атқа.

  Ел бастайтын ерлерге бұл – бір зор сын,

  Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа!

  Азаматы Алаштың,

  Аттанатын күн туды.

  Тұлпар мініп, ту ұстап,

  Баптанатын күн туды!

Әлихан Бөкейхан:

-  Азаттық  таңы  атты.  Тілекке  құдай  жеткізді.  Күні 

кеше  құл  едік,  енді  бұл  күнде  теңелдік.  Қам  көңілде 

қаяудай  арман  қалған  жоқ.    Неше  ғасырлардан  бері 

жұрттың  бәрін  қорлықта,  құлдықта  ұстаған  жауыз 

үкімет  өзгеге  қазған  оры  өзіне  шағын  көр  болып, 

қайтпас қара сапарға кетті. Енді бүгін теңеліп, түсімізде 

көрмеген  жақсылықты  өңімізде  көріп,  төбеміз  көкке 

жетіп отыр. Бұл күнге жеткізген құдайға мың шүкірлік!

Ахмет Байтұрсынұлы:

- Түбім түрік, мен өзім,

Ахметпін, қазақпын.

Болмай қалса керегім,

Отына сал тозақтың.

Білім деген бір тума,

Көзін ашпас аса көп.

Ұйықтап жатқан ұлтына,

Ызыңдадым Маса боп.

Белді бекем буған соң,

Бар азапты көрдім мен.

Қазақ болып туған соң,

Қазақ болып өлдім мен.

Халел Досмұхамедұлы:

-  Ұлт  мемлекетін  жасап,  қазақ  арасынан  әлеумет-

шілік  туғызамыз  деген  дәуірде  тұрмыз.  Жаңа 

әлеуметшілікті тура жолмен жасау үшін елдің бұрынғы, 

соңғы әлеумет мінездерін тексеру керек. Ең алдымен, 

тексеретін  нәрсе  –  аламандық.  Аламандық  бар  жерде 

нағыз әлеуметшілік тұра алмайды. Шын әлеуметшілік 

орнаған жерде аламандық та бола алмайды.




жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау