«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет25/146
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16728
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   146

 
 
50 
 
 даярлаудың жолдары: жаңа амалдар 
 
Ш.Қ. Исаханова, Г.Н. Боранбаева 
Алматы облысының  әдістемелік кабинеті,  
Талдықорған қаласы, tal.metodtipo@mail.ru 
 
Техникалық  және  кәсіптік  білім  беруді  дамыту  –  қазіргі  қоғамның  жаңашыл  талабы 
болып отыр. Бұл саланы дамыту өркениетке жетудің бір жолы.  
Бүгінгі  кәсіптік  оқыту  –  техникалық  қызмет  көрсетуші  және  басқарушы  еңбек 
мамандарын  кәсіптік  даярлауды,  қайта  даярлауды  және  біліктілігін  арттыруды  қамтитын 
кәсіптік  білім  беру  жүйесінің  бір  бөлігі  болғандықтан,    техникалық  және  кәсіптік  білім 
жүйесі  тұлға  мүдделерін,  еңбек  нарығының  сұраныстарын  және  экономика  мен  әлеуметтік 
саланы дамытудың перспективаларын қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады.[1] 
Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  Қазақстан халқына Жолдауында 
техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  саласына,  оның  ішінде  жұмысшы  мамандардың  
беделіне  қатты  назар  аударды.  «...жұмыспен  қамту  бағдарламалары  және  қайта  оқыту 
арқылы  жұмыс  істейтін  адамдарға  мемлекеттік  қолдау  көрсету  мақсатында  2017  жылдан 
бастап «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» жаңа жобасын жариялады. [2] 
Ал  техникалық  және  кәсіптік  білімнің  міндеттерін  жүзеге  асыру  аясында  Қазақстан 
Республикасы  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасы  қабылданды.  Бағдарламаның    негізгі  индекаторларының  бірі  
техникалық  және  кәсіптік    білім  беру  арқылы  оның  беделін  арттыру,  кадрларды  даярлау 
сапасын  қамтамасыз  ету,  елдің  индустриалдық-инновациялық  даму  сұраныстарын  ескеру 
және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту болып отыр. [1] 
Алматы  облысында  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламалары  мен  техникалық  және 
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын  73 
оқу  орны  (40    мемлекеттік,  33  жекеменшік)  бар.  Оқу  орындары  техникалық  және 
технологиялық,    ауылшаруашылық,    құрылыс,    педагогикалық,  медицина,  қызмет  көрсету 
және сервис, мәдениет, өнер, заңгер, экономикалық салалары бойынша мамандар даярлайды. 
Елбасының  «Еліміздегі  әрбір  азаматтың  мамандықтарының    санаты  әлемнің  кез 
келген    мемлекетіне  қажетті    болатындай  дәрежеде  болу  керек»-  деген  келелі  мәселесі  
педагогикалық  инновацияларды  бірінші  қатарға  шығарды.  Техникалық  және  кәсіптік  білім 
саласына енгізілген инновациялық үдерістер мен жаңашылдық  мүмкіндіктерін ұштастыруға 
бағыттаған  облыстық  әдістемелік  кабинет  4  жылдық  жұмыс    аясында  шығармашыл 
педагогтарды  анықтап,  оқытушыларымыздың  тәжірибе  жинақтауына  және    озық  іс-
тәжірибені  тарату  жолында  27  семинар,  15  байқау,  4  педагогикалық  оқу,  4  әдістемелік 
десант,  12  әдістемелік  кеңес,  15  конференция    ұйымдастырып,  500-ден  астам  педагогтың 
тәжірибе  таратуына  әдістемелік  тұрғыдан  ықпал  етті.  Дәл  осы  тәжірибе  алмасу 
семинарларында жаңа білім беру мазмұнының, инновациялық технологиялардың тиімділігі, 
мүмкіншіліктері  ашық  сабақтар,  әдістемелік  күн,  презентациялар  алаңы  іскерлік  ойын, 
шебер-сынып  арқылы  оқытушыларға  кеңінен  көрсетілуде.  Нәтижесінде  жас  мамандар 
аталмыш  шаралардан  үлкен  тәжірибе  жинақтап,  әдістемелік  қоржынды  көптеген 
ақпараттармен толықтырып та жатыр. 
Мамандықты дұрыс таңдаудың кепілі - кәсіби бағдар беру жұмысы. Колледждер жыл 
сайын  ашық  есік  күнін  ұйымдастырып,  мектеп  оқушыларының  кәсіптік-техникалық 
мамандықтарды  таңдауына  кеңінен  ықпал  етеді.  Десек  те,  бір  сарынды  жұмыстың  берер 
мүмкіндігі  де  аз.  Сол  себепті  кезекті  тамыз  кеңесі  мен  әдістемелік  кеңес  жұмысына 
облыстық кәсіпкерлер және индустриалды-инновациялық даму басқармасының, кәсіпкерлер 
палатасының  адами  капиталды  дамыту  бөлімінің,  жұмыспен  қамтуды  үйлестіру  және 
әлеуметтік  бағдарламалар  басқармасының  өкілдерін    қатыстыра  отырып,  өзекті 
проблемаларды анықтадық. Соның бірі алдағы 5 жылда облысымызға қажетті мамандардың 


 
 
51 
 
сұранысының мониторингісі және кәсіпкерлер палатасының мектеп оқушыларына жүргізген 
сауалнамасының  көрсеткіштері.  Сауалнама  қорытындысы    зер  салсақ,    мектеп 
оқушыларының 90% -ы әкім, прокурор, сот төрағасы, құқық қорғау органының басшылары 
секілді  лауазымдық    жұмыстардың  иегері  боламыз  деген.  Егер  барлығы  басшы  болса, 
қарапайым еңбек иесі кім болмақ? Сондықтан біз жұмысшы мамандығын кеңінен насихаттау 
мақсатында, Елбасының «Ұлт жоспары-100 нақты қадамды» жүзеге асыру аясында «Аспаз», 
«Тігінші»,  «Дәнекерлеуші»,  «Шаштараз»  мамандықтары  бойынша  облыстық  семинар 
жұмысын ұйымдастырып, мамандықтың өзіндік ерекшелігін кеңінен білу үшін оқушыларға  
«Терең  білім-тәуелсіздігіміздің  тірегі»  тақырыбында    олимпиада  жұмыстарын  жүргізіп, 
нәтижесінде  «Айтуға  оңай»  ток-шоу  бағдарламасы  арқылы  кәсіптік  білімнің  мәртебесін  
республика  көлемінде  насихатталуына  ат  салыстық.  Жоғарыда  жүргізілген    іс-шаралардың  
тұрақты  әрі  жаңашыл  әдіс-тәсілдерді  енгізу  мақсатында    «Жастарға  кәсіби  бағдар  беру 
жұмысын  ұйымдастыруды  әдістемелік  қамсыздандыру»    тақырыбында    колледж 
директорының  кәсіби  бағдар  беру  жұмыстары  жөніндегі  орынбасарларына  арнайы  оқу 
семинарын  да  өткіздік.    Атқарылған  жұмысымыздың  көрсеткішін  биылғы  оқу  жылына 
қабылданған оқушылардан аңғаруға болады. 
Еңбек  нарығындағы  ғылым  мен  техниканың,  технологиялардың  қарқынды  дамуына 
байланысты,  қоғамның  индустриалды-инновациялық  талаптарына  төтеп  беретін  білікті, 
маман қажет. Бұл  жаңа білім беру бағдарламасын туындатты. 
  Қоғамның жаңа білім беру бағдарламалары модульдік тәсіл негізіндегі қазақстандық 
жұмысберушілер  талаптары  бойынша  құрастырылған,  мұнда  әрбір  модуль  нақты  жұмыс 
түрлері  үшін  нақты  құзыретті  құрастыруға  бағытталған.  Құзырет  білім  алушылардың  әр 
түрлі  пәндердің  аралас  тақырыптарын  оқу  арқылы  интеграцияланған  білім,  білу  мен 
дағдыны алу және оны практикалық бекіту негізінде құрылады. [3] 
Жаңа  білім  беру  бағдарламасын  қолдану  икемділігіне  және  мамандықтар  бойынша 
Типтік  оқыту  бағдарламаларымен  біріктіруіне  қолжеткізу  мақсатында  МЖМБС  жалпы 
ережесімен белгіленген оқыту уақыты көлемін ұстану ұсынылады. 
Бағдарламалардың маңызды компоненті білім алушылардың практикалық даярлыққа 
тіреуі  болып  саналады.  Ол  үшін  бағдарламаларда  арнайы  модульдер  мен  өндірістік  оқыту 
араласқан. Яғни, егер Типтік оқыту жоспарында (ТОЖ) өндірістік оқыту бөлек  көрсетілген 
және  кәсіптік  практикаға  енеді,  ал  жаңа  бағдарламаларда  –  арнайы  модульдер  бойынша 
үлестірілген. 
Бағдарламалардың тағы бір ерекшелігі – ол білім алушылардың нәтижеге бағытталуы. 
Мұнда  білім  алушының  академиялық  құзыретін  құрайтын  жалпы  кәсіптік  пәндер  бойынша 
оқылған  білім,  білу  және  түсіну  бағасы  және  арнайы  модульдер  бойынша  оқу  нәтижесі 
ретінде құзырет деңгейін тексеру туралы айтылған. Бітірушінің оқыту моделін құруға жаңа 
тәсіл  осыдан  тұрады,  алғашқыда  осындай  моделдің  негізін  біліктілік  сипаты  құрған.  Жаңа 
білім  беру  бағдарламасы  оқу  мазмұнын  жалпы  қызмет  түріне  құрылатын  жақын  біліктілік 
бойынша  интеграциялауға  мүмкіндік  береді.  Бір  қызмет  түрінде  бірнеше  қатысушылар 
болады, мысалы: жұмысшы, техник және кіші инженер. Интеграцияланған үдерістер деп біз 
нақты  білім  ортасында  болатын  үдерістерді  түсінеміз  және  оның  барысында  білім  деңгейі, 
блоктар,  модульдер,  бағдарламалардың  біркелкі  білім  жүйесіне  интеграциясы  болады. 
Осындай  интеграция  негізінде  біркелкі  үздіксіз  сабақтас  ілесетін  интеграцияланған  білім 
беру бағдарламалары құрастырылады; оқу пәндер, тақырып пен дидактикалық бірлік (оқыту 
элементтері)  оқудағы  қайталауды  шығарып  тастау  есебінен  меңгеру  кезінде,  білім  беру 
үдерісі қысқа мерзімде өтеді. 
Институционалды  реформаларды  жүзеге  асыру  қадамдарының  бірі  –  экономиканың 
басым  бағыттары  негізінде  кәсіби  мамандарды  дайындау  болғандықтан,  «Кәсіпқор» 
Холдингі»  коммерциялық  емес  акционерлік  қоғамы  әлемнің  жетекші  оқу  орындарының 
бағдарламаларымен сәйкестендірілген 45 мамандық бойынша оқу жоспарларын құрастырып, 
бекітті. Қазіргі уақытта тағы 65 мамандық бойынша жоспарлары қайта қарастырылуда. Жаңа 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау