Әрине, кодтаудың басқа да әдістері мүмкін (Х-тің әріптері У-тің
бірнеше әріптерімен кодталады: ноль, бір, екі және т.с.с.)
Х-те У-ке қарағанда әріп көп болған жағдайда міндетті түрде кодтау
үшін әріптердің тізбегін қолдану керек болады. Мысалы, орыс алфавитінің
әріптерін ондық цифрлардың жұбымен кодтауға болады:
a=01, б=02, ....к=10, л=11, ...
Көрсетілген алфавиттің символардының саны берілген алфавиттің
қуаты деп аталады.
Екілік алфавит
Кез келген басқа алфавитті кодтау үшін қарапайым абстрактілі алфавит
болып екі әріптен тұратын алфавит болып табылады. Ондай алфавит екілік
деп аталады, ал оның әріптерін көбінесе 0 және 1 деп белгілейді. Немесе:
Тек қана екі әр түрлі мән қабылдай алатын шама бит (binary unit) деген
арнайы атау алған ақпараттық атомды көрсетеді.
Барлық қазіргі ЭЕМ-лар екі тұрақты қалып күйі бар элементтерге
құрылған. Сондықтан ЭЕМ-де мәліметтерді кодтаудың негізі екілік алфавит
болып табылады.
Байттік алфавит
Екілік алфавит өзінің қарапайымдылығының арқасында техникалық
ақпараттық құрылығыларда кең таралған, бірінші кезекте ЭЕМ-да. Алфавитті
кодтау үшін адам қолданып үйреніп қалған екілік цифрлар тізбегі
қолданылады. n екілік цифрлардан тұратын тізбектерімен әр түрлі N=2
n
символдарын кодтауға болатынын оңай көруге болады. n == 8 болғанда N =
256. Бұл практикада кездесетін көптеген алфавиттерді кодтауға толығымен
жеткілікті (иерорглифтік хаттан басқа).
Осымен байланысты 8 екілік цифрлардан тұратын тізбек байт деген
атау алды. 256 әріптен тұратын әр түрлі тізбектермен құрылатын алфавит
байттік алфавит деп аталады.
Барлық қазіргі кездегі ЭЕМ-дың жадысы байттік принцип бойынша
құрылған. Байт – жадының ең кішкентай адрестелетін элементі. ЭЕМ-ның
оперативті жадысы физикалық 8-разрядты ұяшықтан (байттардан) тұрады.
Әрбір ұяшық реттік нөмірге – адреске ие.
Әлемдік практикада латын және орыс алфавитінің бас және кіші
әріптерін, тыныс белгілерін, ондық цифрларын және т.б. байттық кодтаудың
біріккен стандарты орын алған.
Стандартты кодтар:
ASCII
- American Standard Code
for Information Interchange
EBCDIC - Expanded Binary Coded Decimal Interchange Code (ДКОИ)
Ұсынылатын әдебиет
6. Стоун Г. С., Сиворек Д. П. Введение в организацию ЭВМ и
структуры данных. – М.: Машиностроение, 1980.
7. Бауэр Ф. Л., Гооз Г. Информатика. Вводный курс. В двух частях.-
М.: Мир, 1990.
8. Яворский В. В., Богушевская А. А. Структуры данных и алгоритмы
их обработки.- Караганда: КарГТУ, 2004.- 150с.
СӨЖ-ге бақылау жұмыстары
1. Үздіксіз және дискретті ақпарат
2. Мәлімметтер және ЭЕМ
3
Пән облысының объектілері
4. Объектілер туралы ақпарат көрінісі
5. Абстрактілі алфавиттер. Кодтау
2 БӨЛІМ. ЭЕМ МӘЛІМЕТТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ТИПТЕРІ МЕН
ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Дәріс жоспары
1 ЭЕМ-ның архитектуралық ерекшеліктері, мәліметтердің көрсетілімі
үшін неғұрлым маңыздылары
2 Мәліметтердің типтері мен құрылымдары туралы негізгі түсініктер
3 Массивтер
4 Жолдар
5 Жазбалар
6 Нұсқалары бар жазбалар
7 Жиындар
2.1 ЭЕМ-ның архитектуралық ерекшеліктері, мәліметтердің
көрсетілімі үшін неғұрлым маңыздылары
Жадының минималды адрестелетін бірлігі байт болып табылады. ЭЕМ-
дағы ақпаратты жіберу байт бойынша немесе байттар тобымен-блоктарымен
жүргізіледі. ЭЕМ жадысындағы әрбір байтта адрес деп аталатын өзінің реттік
нөмірі бар.
Бірақ байт ~ жадының салыстырмалы кішкентай бірлігі (256б егер
белгі болмаса). Сондықтан мәліметтерді өңдеу мен көрсету үшін әдетте
мәліметтер өрісі қолданылады. Мәліметтер өрісі – бұл бірнеше сыбайлас
байттардың тізбегі. Байттар саны өріс ұзындығы деп аталады, ал өрістің
өзінің сол жақ байт адресі - өріс адресі деп аталады. Байттар солдан оңға
қарай нөлден бастап нөмірленеді. Бекітілген және айнымалы ұзындықты
өрістер түрлерін ажыратады.
Тұрақты ұзындықтың минималды өрісі жарты сөз болып табылады. Ол
екі тізбекті байттан тұрады (16 бит, 0-ден 15-ке дейін солдан оңға қарай
нөмірленген). Екі жарты сөз сөзді құрады – 4 тізбекті байт (немесе 32 бит, 0-
ден 31-ге дейін солдан оңға қарай нөмірленген). Сөз – ЭЕМ-ның маңызды
архитектуралық белгісі. Бұл өріс, ереже ретінде, ЭЕМ-ның 1 командасын