физикалыққа түрлендіретін және керісінше орындайтын процедуралар болуы
керек. Сондай-ақ бұл процедуралар физикалық құрылымға қатынауды және
оларға әртүрлі операциялар қолдануды қамтамасыз етеді. Бұл операцияларды
логикалыққа да, физикалық құрылымға да қолданатындай етіп қарастыруға
болады. Мысалы, логикалық деңгейде массивтің элементіне қатынау жол мен
бағанның нөмірін көрсету арқылы жүзеге асады, сол жол мен бағанның
қиылысындағы тікбұрышты кестеде берілген элемент бар. Физикалық
деңгейде массивтің элементіне қатынау массивтің бастапқы белгілі
адресінде машинаның жадында жол мен бағанның нөмірлерін жадының
сәйкес элементіне түрлендіретін адрестеу функцияларының көмегімен
жүзеге асады.
Осылайша әрбір мәліметтер құрылымын оның логикалық және
физикалық көрінісімен сипаттауға болады, сонымен қатар осы екі көрініс
деңгейлеріндегі операциялардың жиынтығымен де сипаттауға болады. Мына
жағдай мүмкін, логикалық құрылымдар әртүрлі тілдерде сәйкес келеді де, ал
физикалық - әртүрлі болады (Фортран мен Паскальдағы массивтер).
Физикалық құрылымды оқуда ЭЕМ жадысымен басқару және тарату
мәселесі ескерілу керек. Әзірше (қарапайымдылық үшін) кез келген
физикалық құрылым үшін машина жадысының көлемі шектелмеген деп
есептейік, ал ЭЕМ жадысы – негізгі жадының ұйымына сипаттас
ұяшықтардың (байттардың, сөздердің және т.б.) үздіксіз тізбегімен
шектелген.
ЭЕМ-нің негізгі жадысына сипаттас мәліметтер құрылымын оперативті
құрылымдар деп атаймыз. Сыртқа жадыда ұйымдастырылатын құрылымда
үшін өзінің ерекшеліктері бар, себебі сыртқа жады блоктық сипатқа ие.
Енді классификация сызығына сүйене отырып неғұрлым маңыздысына
өзгеру белгісі бойынша мәліметтердің оперативті құрылымдарын
қарастырамыз. Тек қана логикалық емес, сонымен қатар физикалық
құрылымды қарастырамыз, және логикалыққа, ал кейде физикалыққа да
қолданылатын типтік операцияларды да қарастырамыз.
2.3 Массивтер
Массив –
мәліметтер агрегаты, қарапайым оперативті статикалық
құрылым. Сонымен қатар оны барлық компоненттері базалық тип деп
аталатын бір типтес үнемі қолданылатын құрылым деп атауға болады.
Массив – кездейсоқ немесе ерікті қатынауы бар құрылым: оның барлық
компоненттері ерікті түрде таңдалады және бірдей қатынауға болады.
Бөлек компонентті белгілеу үшін массив атына компонентті
таңдауға мүмкіндік беретін индекс қосылады. Индексте массивтің
индекстерінің типі ретінде анықталған типтің мәні болу керек.
Массив индексі – бұл оның компоненттерінің аты. Ол скаляр типті
болу керек (яғни, реттің қатынасы анықталған құрылымдалмаған типті).