Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/68
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68

 
19 
Мысалы:  құжаттардың  мұрағаты,  кітапханалар,  картотекалар, 
анықтағыштар, т.б. Белгілі бір, нақты құжат: анкета, кітап, есеп, т.б. 
–сақтау орнының негізгі ақпарат бірлігі болып табылады.  
 Сыртқы  сақтау  орнымен  салыстырғанда  адамның  есте  сақтауы 
онша сенімді емес. Сол себепті адам сыртқы тасушыларды қолданады.  
Ақпаратты 
сақтаудың 
негізгі 
қасиеттері: 
сақталатын 
ақпараттың  көлемі,  сақтаудың  сенімділігі,  керекті  ақпаратты  іздеу 
уақыты, ақпаратты қорғау беріктігі.  
Компьютердің  сақтау  құрылғыларында  сақталған  ақпаратты 
деректер деп атайды. Ақпарат және деректер деген ұғымдарды бөліп 
айту  қажет.  Деректерді  тасымалдауыштарға  бекітілген,  жазылған 
ақпаратты  көрсетуге  арналған  құрал  деуге  болады.  Деректер 
ақпаратты алу үрдісінде алғашқы «шикізат» ретінде қызмет етеді.  
Компьютердің  сыртқы  жадында  ұйымдастырылып  сақталған 
ақпаратты  –  деректер  қоры  деп  атау  ұсынылған.  Бұл  сұрақтар 
кейінірек қарастырылады. 
1.6. Ақпаратты өңдеу процесі 
Қарастырылытын сұрақтар: 
 
ақпараты өңдеу процестерінің жалпы схемасы; 
 
өңдеу мақсатының қойылуы; 
 
өңдеуді орындаушы; 
 
өңдеудің алгоритмі;  
 
ақпаратты өңдеудің  үлгі есептері. 
Ақпаратты  өңдеу  процесінің  кез  келген  түрі  мына  схема 
бойынша жүреді (1.2-сурет):  
1.2-сурет. Ақпаратты өңдеу үрдісінің жалпы схемасы 
Ақпаратты  өңдеудің  кез  келген  жағдайында,  қандайда  бір 
ақпараттық  есеп  шығарылады.  Яғни  дәстүрлі  түрде  қандайда  бір 
бастапқы  ақпараттар  жиыны  –  бастапқы  деректер  беріледі,  одан 
нәтиже  –  қорытынды  ақпарат  алу  қажет.  Берілген  деректерден 
нәтижеге  өту  өңдеу  процесі  болып  табылады.  Ал  осы  өңдеуді  жүзеге 
асыратын  объект  немесе  субъект  –  өңдеудің  орындаушысы 
(атқарушы)  деп  аталады.  Ол  адам,  не  техникалық  құрылғы,  мысалы: 
компьютер.  
Информатикада ақпаратты өңдеу дегенді  ақпаратты бір түрден 
екіншісіне  қатал  формалды  ережелер  бойынша  түрлендіру  деп 
түсіну керек.  
Бастапқы 
ақпарат 
Өңдеуді 
орындаушы 
Қорытынды 
ақпарат 


 
20 
Мұндай  түрлендірулердің  мысалдары:  мәтіндегі  бір  әріпті 
екіншісіне  ауыстыру;  биттер  тізбегіндегі  нөлдерді  бірліктерге,  ал 
бірліктерді  нөлдерге  ауыстыру;  екі  санды  қосу,  мұнда  қосылғыштар 
беретін ақпараттан алынатын нәтиже — қосынды. 
Әдетте ақпаратты өңдеу – белгілі мақсатқа бағытталған процесс. 
Сол  үшін  орындаушыға  өңдеудің  әдіс  -  тәсілдері  белгілі  болу  керек. 
Информатикада  тізбектеп  орындалатын  іс-әрекеттерді  өңдеудің 
алгоритмі деп атайды. 
Міне, осылай ақпраратты өңдеу туралы талдауымыз ақырындап, 
курстың  тағы  бір  іргелі  ұғымы,  алгоритмдеу  тақырыбына  келіп 
тіреледі.  Бұл  тақырып  курстың  сейкес  бөлімінде  қарастырылатын 
болады.  
Оқушылар ақпаратты өңдеумен байланысты жағдайларға мысал 
келтіре білу керек. Ондай жағдайларды екіге бөлуге болады.  
Өңдеудің  1-түрі:  жаңа  ақпарат  алумен  байланысты  өңдеу. 
Өңдеудің  осы  түріне  математикалық  есептерді  шығару  жатады. 
Мысалы,  үшбұрыштың  екі  қабырғасы  және  олардың  арасындағы 
бұрыш  берілген.  Үшбұрыштың  қалған  параметрлерін:  үшінші 
қабырғаны, бұрыштарды, периметрін табу қажет. Өңдеу әдістері, яғни 
есепті 
шығару 
алгоритмі, 
математикалық 
формулалармен 
анықталады. Оларды орындаушы білуге тиіс. 
Өңдеудің  2-түрі:  ақпараттың  пішіні  өзгерсе  де  мазмұны 
өзгермейтін  өңдеулермен  байланысты.  Мысалы,  бір  тілден  екінші 
тілге аудару, яғни пішіні өзгергенмен мазмұны сақталады. 
Информатика  үшін  өңдеудің  негізгі  түрі  кодтау  болып 
табылады.  Кодтау  –  бұл  ақпаратты  сақтауға,  тасымалдауға,  өңдеуге 
ыңғайлы – символдық пішінге түрлендіру. Ол ақпаратпен техникалық 
құрылғыларда жұмыс істегенде пайдаланылады (радио, компьютер).  
Ақпаратты  өңдеудің  тағы  бір  түрі  –  деректерді  құрылымдау
Деректерді алфавиттік түрде орналастыру, жіктеудің кейбір белгілері 
бойынша  топтау,  кестелік  немесе  графикалық  түрде  ұсыну  –  міне, 
осының бәрі деректерді құрылымдау мысалдары болады.  
Ақпаратты  өңдеудің  тағы  бір  маңызды  түрі  –  іздеу.  Іздеудің 
мақсатын  былай  тұжырымдауға  болады:  қандайда  бір  ақпаратты 
сақтайтын  орын  (қойма)  –  ақпараттық  массив  (телефон 
анықтамалығы,  сөздік,  пойыздардың  кестесі  және  т.б.)  бар  дейік. 
Оның ішінен белгілі бір шартты қанағатандыратын ақпаратты (мекеме 
телефонын,  сөзді  ағылшын  тіліне  аудару,  пойыздың  кету  уақытын) 
іздеп  табу  қажет.  Іздеу  алгоритмі  ақпаратты  ұйымдастыру  тәсіліне 
тәуелді.  Егер  ақпарат  құрылымданған  болса,  онда  іздеу  тез 
орындалады, қолайлы алгоритм құруға болады.  


 
21 
1.7. Ақпаратты тасымалдау процесі 
Қарастырылатын сұрақтар:  
 
ақпарат көзі және ақпаратты қабылдаушы; 
 
ақпараттық арналар; 
 
адамның ақпаратты қабылдау процесіндегі сезім мүшелерінің 
рөлі; 
 
байланыстың техникалық жүйелерінің құрылымы; 
 
кодтау және декодтау дегеніміз не; 
 
шу ұғымы; шудан қорғау тәсілдері; 
 
ақпаратты  беру  жылдамдығы  және  арнаның  өткізгіштік 
қабілеті. 
Ақпаратты  беру  процесін  сипаттаудың  негізгі  ұғымдары  – 
ақпарат  көзі,  ақпаратты  қабылдаушы,  ақпараттық  арна.  Бұл  үрдісті 
схема түрінде былай бейнелеуге болады (1.3-сурет):    
1.3-сурет. Ақпаратты беру үрдісінің схемасы 
Мұндай  процесте  ақпарат  қандайда  бір  сигнал,  символ,  белгі 
тізбектері  түрінде  беріледі.  Мысалы,  адамдар  өзара  тікелей 
сөйлескенде  дыбыстық  сигналдар  тізбегі  –  сөйлеу  беріледі,  адам 
мәтінді  оқығанда,  графикалық  символдар  –  әріптерді  қабылдайды. 
Берілетін  тізбекті  хабарлама  деп  атайды.  Хабарлама  ақпарат  көзінен 
қабылдаушыға  қандай  да  бір  материалдық  орта  арқылы  беріледі  
(дыбыс  –  атмосферадағы  акустикалық  толқындар,  бейне  –  жарықтың 
электромагниттік  толқындары).  Егер  ақпаратты  беру  барысында 
техникалық  құрылғылар  қолданылса,  онда  оларды  ақпаратты  беру 
арналары (ақпараттық арналар)  деп атайды. Бұларға: телефон, радио, 
теледидар жатады.  
Адамның  сезім  мүшелері  биологиялық  ақпараттық  арналар 
рөлін  атқарады  деп  айтуға  болады.  Олардың  көмегімен  адамға 
жасалған ақпараттық әсер жадыға жетеді. 
Бұл  тақырып  бойынша  оқушылар,  ақпаратты  беру  процесіне 
нақты  мысалдар  келтіруімен  қатар,  осы  мысалдар  үшін  ақпараттың 
көзін, қабылдауышын, қолданылатын ақпараттық арналарды  анықтай 
білуі керек.  
Информатика  терендетіліп  оқытылатын  жағдайда,  оқушыларды 
байланыстың  техникалық  теориясының  негізгі  ұғымдарымен 
таныстырған  дұрыс.  Ақпарат  теориясының  негізін  қалаушылардың 
бірі,  американ  ғалымы  Клод  Шеннон,  байланыстың  техникалық 
Ақпаратты 
қабылдаушы 
 
Ақпарат көзі 
Ақпараттық арна 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау