Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет24/68
Дата23.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16648
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68

 
70 
 
компьютердің  жағдайы,  дискілердің  толуы,  файлдардың 
типтері және өлшемі туралы анықтамалық ақпаратты ала білу. 
Windows  ОЖ  ортасында  жұмыс  жасағанда  оқушылардың 
Drag&Drop  әдісін  және  мәнмәтіндік  (орысш.  –  контекстное)  мәзірін 
қолдану дағдысын қалыптастыру қажет. 
3.4. Зертханалық жаттықтыру тапсырмалары 
Зертханалық  жұмыс.  «Компьютер  –  ақпаратты  өңдеуші 
әмбебаб құрылғы»  
І. Тезаурус құру үшін қажетті ұғымдар: 
 
ДК-дің  архитектурасы; 
 
жедел жад; 
 
кэш-жад; 
 
ішкі жад; 
 
процессор (сипаттамасы); 
 
ақпаратты енгізу құрылғысы; 
 
ақпаратты шығару құрылғысы; 
 
мәліметтерді жеткізудің жүйелік  магистралі; 
 
ЭЕМ-нің программалық қамтамасыз етілуі; 
  freeware; 
  shareware; 
 
операциялық жүйе; 
 
интерфейс; 
 
алмастыру буфері; 
 
файл; 
 
каталог; 
 
компьютерлік вирус; 
 
драйвер; 
 
дистрибутив; 
 
утилиттер; 
 
архивация; 
 
программалық жабдықтарды инсталляциялау. 
ІІ. Келесі әдістемелік сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.  Архитектура 
ұғымының 
құрылыс 
пен 
компьютерге 
қолдануының аналогиясы неде? 
2.  Қазіргі  компьютерлер  қандай  ақпараттармен  жұмыс  істей 
алады?  Компьютер  адам  қолданатын  кез-келген  ақпаратпен  жұмыс 
істей алады деп тұжырым жасауға бола ма? 
3.  ЭЕМ-нің  құрылымы  мен  жұмысы  туралы  «архитектура» 
ұғымында не қолданылады, не қолданылмайды ? 
4.  ЭЕМ-нің  құрылысын  түсіндіргенде  адам  мен  компьютердің 


 
71 
арасындағы аналогияны қолданудағы әдістемелік идеяның мәні неде? 
5.  Оқу  компьютерінің  типіне  тәуелсіз  оқушылар  қандай  жалпы 
мағлұматтар алулары керек? 
6.  ДК-дің  аппараттық  және    бағдарламалық  қамтамасыз  етілу 
бірлігі  идеясы бойынша  қандай әдістемелік нұсқаулар ұсынасыз.  
7.  ЭЕМ-нің 
құрылымы  мен  бағдарламалық  қамтамасыз 
етілуінің  құрамын  білу  не  үшін  қажет,  неге  оны  базалық  білім  деп 
атайды? 
8.  Қолданбалы 
бағдарлама  ұғымын  оқушыларға  қалай 
түсіндірер едіңіз? 
9.  Оқушылар  операциялық  жүйелердің  қандай  қасиеттерін 
міндетті түрде білуі керек? 
10. Графикалық 
операциялық 
жүйенің 
интерфейсінің 
элементтерін  оқып  үйренуге  арналған  тапсырмаларға  мысалдар 
келтіріңіз. 
11. Жеке 
ақпараттық  кеңістікті  жоспарлауға  байланысты 
практикалық жұмысты дайындаңыз (папкалар мен  файлдар құру және 
олармен жұмыс). 
12. Тінтуірді  басқару  тәсілдерін  атаңыз  және  оны  меңгеруге 
байланысты тапсырмалар даярлаңыз. 
13. Оқушыларға  бағдарламалау  жүйелерінің  қызметі    туралы 
қандай алғашқы түсініктер беруге болады?  
14. Компьютер 
кабинетінде  техника  қауіпсіздігі  туралы 
ережелер даярлаңыз. ТҚ жөнінде қандай нұсқаулар бересіз? 
ІІІ. Келесі мазмұндық сұрақтарға жауап беріңіз: 
1.  ДК-дің құрылымдық схемасын сызыңыз. 
2.  Ішкі жадтың құрылымының қасиеттерін атаңыз. 
3.  Компьютерді программалық басқару принципінің мәні неде? 
а)  _______________________ 
ә)  _______________________ 
б)  _______________________ 
4.  ДК-дің ашық  архитектурасы принципі нені білдіреді? 
5.  Операциялық жүйенің қызметін атаңыз. 
6.  Операциялық  жүйедегі  BIOS  пен  бағдарлама-тиеушінің 
айырмашылығы неде? 
7.  Неліктен 
пайдаланушылар 
англо-тілді 
компьютерлік 
терминдерді қолданады? 
8.  Объектілердің  көшірмесін  алу  және  орнын  ауыстырудың 
схемасын көрсетіңіз. 
9.  ДК-дің  бейнелік  жүйесінің  құрамына  қандай  құрылғылар 
кіреді?  ДК-дің  бейнелік  жүйесінің  жұмысының  сапасын  қалай 


 
72 
анықтайды? 
IV Келесі есептерді шешіңіз: 
1.  Жедел  жадтың  соңғы  байтының  оналтылық  адресі  5  FF-ке 
тең. Осы жедел жадтың көлемі қандай? 
2.  Компьютердің  жедел  жады  көлемі  Мбайттың  1/4  бөлігіне 
тең. Егер бір сөзде 32 бит болса, онда жедел жадыдағы машиналық сөз  
қанша болады? 
3.  Келесі  ақпаратттары  бар  файлдардың  аттары  мен  типтінің 
варианттарын  ұсыныңыз:  1)менің  сыныбымның  суреті;  2)  жеміс 
пирогының рецепті; 3) жанұялық  альбом; 4) физикадан реферат;  
4.  Түпкі  каталогтан  магниттік  дискідегі  сақталған  кейбір 
файлдарға  баратын  жолдар  көрсетілген.  Үлкен  әріптермен 
каталогтардың  аттары,  ал  кіші  әріптермен  файлдар  аттары 
белгіленген: 
\SPORT\SKI\kazakhstan.txt; 
\SPORT\SKI\germany.txt; 
\SPORT\SKATE\finland.txt; 
\COMPUTER\IBM\INFO\pentium.txt; 
\COMPUTER\IBM\ibm.txt. 
Бұтақ тәрізді файлдық құрылымды кескіндеңіз. 
V. Тақырып бойынша бір сабақтың конспектісін жасаңыз. 
VI. «Компьютердің құрылымы» тақырыбы бойынша бақылау 
жұмысының мысалын көрсетіңіз. 
VII. Төмендегі тақырыптарға материалдар дайындаңыз: 
 
«Енгізу-шығару құрылғысы», 
 
«Ішкі жадының құрылымы», 
 
«Мәліметтерді архивтеу». 
 
 


 
73 
4-тарау. Формализациялау  және модельдеу сызығы  
Информатика  пәні  бойынша  білімнің  міндетті  мазмұнында 
негізінен  «Ақпараттық  модельдеу»  бағыты  қарастырылады.  Бұл 
бағытты  оқып  игеру  –  табиғаты  әртүрлі    жүйелерде  (физикалық, 
техникалық  және  т.б.)  басқару  модельдерін  сипаттау  және  құру 
біліктіліктерін  қалыптастыруға,  модельдер  мен  модельдеуші 
бағдарламаларды 
пайдалануға 
бағытталады. 
Мазмұндық 
формализациялау және модельдеу бағыты 3-схемада (1-қосымша [26]) 
ұсынылған. 
4.1. Ақпараттық модельдеу сызығын қарастыру әдістемесі  
Модельдеу  бағытының  негізгі  оқу  мазмұны  –  ақпараттық 
модельдеу  болып  табылады.  Бұл  сызықтың  мазмұны  мына 
түсініктердің – модельдеу танымдық әдісі ретінде, формализациялау, 
материалдық және ақпараттық модельдер, ақпараттық модельдеу, 
ақпараттық модельдердің  негізгі типтері тізбесімен анықталады.  
Ақпарат және ақпараттық үрдістер сызығымен қатар, модельдеу 
сызығы  информатиканың  базалық  курсының  теориялық  негізі  болып 
табылады. Әйтсе де, модельдеу сызығы курстың басқа сызықтарымен 
тығыз  байланыста.  Базалық  курстың  көптеген  бөлімі,  оның  ішінде 
технологиялық  сызыққа  жататын  тақырыптар,  модельдеуге  тікелей 
қатысы бар. Ақпарататты өңдеудің технологиялық әдістерін және оған 
сәйкес  бағдарламалық  құралдарды  (кестелік  процессорлар,  деректер 
қорын  басқару  жүйелері,  т.б.),  әртүрлі  ақпараттық  модельдермен 
жұмыс  жасауға  арналған  саймандар  ретінде  қарастыруға  болады. 
Алгоритмдеу және бағдарламалау тақырыптары модельдеуге тікелей 
қатысы  бар  деп  саналады.  Демек,  модельдеу  сызығы  базалық 
курстың  бір  қатар  бөлімдері  үшін  ортақ  болып  табылады.  Жалпы 
білімдік  информатиканың  базалық  курсының  ары  қарай  дамуы  осы 
мазмұндық сызықтардың тереңдеуімен байланысты.  
Теориялық материалды баяндаудың әдістемелік нұсқаулары  
Қарастырылатын сұрақтар: 
-  модель ұғымы; 
-  материалдық (заттық) және ақпараттық модельдер; 
-  ақпараттық модельдердің типтері; 
-  формализациялау ұғымы; 
-  ақпараттық модельдердің кестелік пішімі. 
Ақпараттық  модеьдеу  сызығының  мазмұны.  Материалдық 
модельдер  тақырыбы  ең  басында  модель  ұғымын  анықтауға 
байланысты  қарастырылады.  Модельдерді  материалдық  (орысш.  – 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау