Панфилов ауданының әкімдігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарына орналасуға мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері
арасындағы ішкі конкурс жариялайды
Индекс 041300, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Н.Головацкий көшесі №129,
анықтама
телефоны/факс: +8(72831)
5-52-03,
5-16-73. Электрондық
пошта:
http://www.panfilov-akimat.gov.kz
, БИН 050640005744
1. Үлкеншыған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, лауазымдық
жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69657 теңгеден 94109 теңгеге дейін,
E-G-3 санаты (№03-31-04 индексі), 1 бірлік.
Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары, кәсіптік, мемлекеттік қызмет өтілі бір
жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес
облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім.
Жоғары
білім
болған
жағдайда
жұмыс
тәжірибесі
талап
етілмейді.
Атқаратын міндеттері:Үлкеншыған ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері
арасындағы міндеттер бөлінісіне сәйкес ауыл шаруашылығы, жерге орналастыру, жер мәселеі
жөніндегі жұмыстар, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдерінің есебін жүргізу,
шаруа қожалықтарымен жұмыс. Үкімет тарапынан шаруа қожалықтарына бөлінген барлық
қаржылардың игерілуіне қатысты құжаттардың заңдылығы мен мәліметтердің дұрыстығына
жауап беру. Мемлекеттік ауыл шаруашылық бағдарламалары бойынша жұмыстар жасау. Өз
саласы бойынша құқықтық актілерді дайындау, арыз, шағымдармен жұмыс. Ауыл
шаруашылығы және елді-мекендер бойынша жер бөлінісі, жерді мақсатты пайдалануды
қадағалау, ауыл шаруашылығы техникаларының, егістік жерлердің есебін дайындау. Төтенше
жағдайлардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыр. Мемлекеттік тілді білу және
компьютермен жұмыс жасай білу
2. Қоңырөлең ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, лауазымдық
жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 69657 теңгеден 94109 теңгеге дейін,
E-G-3 санаты (№03-27-05 индексі), 1 бірлік.
Үміткерге қойылатын талаптар: Жоғары, кәсіптік, мемлекеттік қызмет өтілі бір
жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес
облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім.
Жоғары
білім
болған
жағдайда
жұмыс
тәжірибесі
талап
етілмейді.
Атқаратын міндеттері:Қоңырөлең ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері
арасындағы міндеттер бөлінісіне сәйкес нормативтік актілердің орындалуы, мекеменің іс
құжаттары мен мұрағат құжаттарын жүргізу, әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын
жасау, өз саласы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, хат алмасу,
мемлекеттік қызмет көрсету, округ әкімі аппараты жұмысының құқықтық мәселесі бойынша
жұмыстарын атқару. «Е-қызмет» бағдарламаларын жүргізу. Мемлекеттік тілді білу және
компьютермен жұмыс жасай білу.
Құзыреттілігі: бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық,
әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау.
Қазақстан
Республикасының
Конституциясын,
«Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»,«Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке
және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер туралы», заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29
желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік
қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын),
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан - 2050»
Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы
жарияланған күннен кейінгі күннен бастап 3 жұмыс күні.
Конкурсқа қатысуға құжаттар тізбесі:
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк
органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген
электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы
арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov»
электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы
берілген жағдайда олардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 2 сағаттан
кешіктірлмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге
жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30
күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас
тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты
(бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың
көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби
қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық
бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс
комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылардың қатысуына қатысты
ақпарат:
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы
хабардар ету күнінен бастап екі жұмыс күн ішінде Панфилов ауданы әкімінің аппаратында
өтеді. Конкурс комиссиясының отырысына бақылаушылар ретінде аудандық мәслихат
хатшысы, «НұрОтан» партиясы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары,
аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі және «Жаркент өңірі» газетінің бас
редакторы және тілшілері қатысады.
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуғажіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қосаберілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________
________ ______________________________
қолы (Т.А.Ә. (болғанжағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.