Түбіндегі
Бөлік
Сипаттама
(1)
Қатты диск қақпағы
Қатты диск жетектеріне кіруге мүмкіндік береді.
(2)
Желдеткіштер (5)
Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРІМ:
Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату
үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады.
Жұмыс істеу барысында ішкі желдеткіш қосылады да, өшіріледі.
Бұл қалыпты құбылыс.
(3)
Босату ысырмасы
Қатты диск қақпағын орнынан босатады.
(4)
Қызмет көрсету орнының есігі
Жад модулі ұяларына кіруге мүмкіндік береді.
(5)
HP Triple Bass Reflex сабвуфері
Жоғары сапалы бас дыбысын шығарады.
Түбіндегі
23
3
Желі орнату
●
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану
●
Сымсыз желіге қосылу
ЕСКЕРІМ:
Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер
үлгісіне жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады.
Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін:
●
Сымсыз байланыс — Интернетке мобильді қосылу үшін сымсыз байланысты пайдалануға
болады.
Бар WLAN желісіне қосылу 26-бетте
немесе
Жаңа WLAN желісін
орнату 26-бетте
бөлімінен қараңыз.
●
Сымды — Интернетке сымды желіге қосылып кіруге болады. Сымды желіге қосылу туралы
ақпаратты
НР ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз.
24
Бап 3 Желі орнату
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану
Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік жазбасын орнату қажет. Интернет
қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз.
Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін
желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі.
ЕСКЕРІМ:
Интернет қызметтері провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы
идентификаторы мен құпия сөз береді. Берілген мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде
сақтаңыз.
Жаңа Интернет жазбасын орнату немесе компьютердің параметрлерін бар жазбаны
пайдаланатын реттеу үшін көмектесетін мынадай мүмкіндіктер бар:
●
Қызмет провайдері берген белгішелер (кейбір жерлерде ғана қолданылады) — бұл
белгішелер Windows жұмыс үстелінде жеке-жеке көрсетіледі. Компьютерде жаңа Интернет
жазбасын орнату немесе компьютерді бар жазбаны пайдаланатын етіп реттеу үшін
белгішені екі рет басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
●
Windows жүйесінің Интернетке қосылу шебері — Windows жүйесінің Интернетке қосылу
шеберін Интернетке төмендегі жағдайлардың кез келгенінде қосылу үшін пайдалануға
болады:
◦
Интернет провайдерінде тіркелген есептік жазбаңыз бар болған жағдайда.
◦
Интернет есептік жазбасы болмаған жəне Интернет провайдері шебердегі тізімнен
таңдағыңыз келген жағдайда. (Интернет провайдерлерінің тізімі барлық аймақтарда
бола бермейді).
◦
Тізімде жоқ Интернет провайдері таңдалған жағдайда жəне таңдалған Интернет
провайдері IP мекенжайы, сондай-ақ POP3 жəне SMTP параметрлері сияқты қажетті
ақпарат берген жағдайда.
Windows Интернетке қосылу шебері мен шеберді пайдалануға арналған нұсқауларды ашу
үшін, Пуск (Бастау) > Панель Управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі
жəне Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ
пайдалануды басқару орталығы) > Настройка нового подключения или сети (Жаңа
қосылым немесе желіні орнату) тармақтарын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ:
Шебер Windows желіаралық қалқанын қосу немесе ажыратуды таңдауыңызды
сұраса, желіаралық қалқанды қосу пəрменін таңдаңыз.
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
●
HP Мобильді кең ауқымды модулі, сымсыз аймақтық желі (WWAN) құрылғысы
●
Bluetooth® құрылғысы
Сымсыз байланыс технологиясы туралы жəне сымсыз желіге қосылу туралы қосымша ақпарат
алу үшін НР ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан, анықтама жəне қолдау орталығындағы
веб-тораптар сілтемелерінен жəне берілген мəліметтерден қараңыз.
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану
25
Бар WLAN желісіне қосылу
1.
Компьютерді қосыңыз.
2.
WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
3.
Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында желі белгішесін
басыңыз.
4.
Қажет желіні таңдаңыз.
5.
Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
6.
Егер қажет болса, қауіпсіздік кілтін енгізіңіз.
Жаңа WLAN желісін орнату
Қажетті жабдықтар:
●
Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен (ISP) сатып
алынған жоғары жылдамдықты Интернет қызметі
●
Сымсыз жол жоспарлағыш (бөлек сатылады) (2)
●
Жаңа сымсыз компьютер (3)
ЕСКЕРІМ:
Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет
провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Суретте Интернетке қосылған дайын WLAN сымсыз желісінің орнатымы мысалға келтірілген.
Желі кеңейген сайын, Интернетке кіру үшін желіге қосымша сымсыз жəне сымды
компьютерлерді қосуға болады.
26
Бап 3 Желі орнату