Сəулеленетін жарықтандырғышы бар пернетақта жəне жақындау
сенсоры
Зауытта қосылған сəулеленетін жарықтандырғышы бар пернетақта функциясы жақындау
сенсоры технологиясын пайдалана отырып, сенсорлар пайдаланушының компьютерге
жақындап келуін анықтаған кезде пернетақтаны автоматты түрде жарықтандырады. Зауытта
қосылған жақындау сенсорлары пайдаланушының орналасқан жеріне байланысты
сəулеленетін жарықтандырғышы бар пернетақта функциясын автоматты түрде қосады немесе
өшіреді.
▲
Сəулеленетін жарықтандырғышы бар пернетақта функциясын өшіру немесе қосу үшін,
пернетақта жарықтандырғышы
əрекет пернесін (
f5
) басыңыз.
▲
Төмен, орта немесе жоғары жарықтық деңгейлерін ауыстырып қосу үшін, жоғары немесе
төмен көрсеткі пернесі басылған кезде
пернетақта жарықтандырғышы
əрекет пернесін (
f5
)
басып ұстап тұрыңыз.
▲
Жақындау сенсорларының параметрлерін өзгерту үшін Пуск (Бастау) > Все программы
(Барлық бағдарламалар) > HP > HP Proximity Sensor (НР жақындау сенсоры)
тармақтарын таңдаңыз.
Қандай келесі қадам
7
HP CoolSense
HP CoolSense
компьютердің тұрақты бір орында тұрмағанын автоматты түрде анықтап,
бет температурасын қажетті қолайлылық деңгейінде ұстап тұру үшін жұмыс пен желдеткіш
параметрлерін реттей бастайды.
HP CoolSense функциясы өшірулі кезде, компьютердің тұрақты орында тұрмағаны
анықталмайды, жұмыс пен желдеткіш параметрлері зауыттық күйде сақталады. Нəтижеде, HP
CoolSense арқылы реттелетін деңгеймен салыстырғанда компьютердің бет температурасы
жоғары болуы мүмкін.
HP CoolSense өшіру немесе қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1.
Пуск (Бастау)
> Панель управления (Басқару тақтасы)
> Оборудование и звук (Жабдық
жəне дыбыс) > HP CoolSense тармағын таңдаңыз.
2.
On (Қосулы) немесе
Off (Өшірулі) параметрін таңдаңыз.
Intel сымсыз дисплейі
Үшінші тарап өндірушінің сымсыз теледидар адаптерін (бөлек сатылады) пайдалана отырып,
Intel сымсыз дисплейінде компьютер мазмұнын ТД экранынан көруге болады. Сымсыз
адаптерді пайдалану туралы толық ақпарат алу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын
қараңыз.
ЕСКЕРІМ:
Сымсыз дисплейді пайдаланбас бұрын, компьютердің сымсыз байланыс мүмкіндігі
қосылып, компьютердің графика параметрі қуат үнемдейтін режимге орнатылған болуы тиіс.
Графикалық режимдерді ауыстырып қосу
Компьютерде ауыстырылатын графика мен графиканы өңдейтін екі режим бар. Айнымалы
токтан батарея қуатына ауысқан кезде, компьютер жоғары өнімділік режимінен үнемдеу
режиміне ауысуы мүмкін. Керісінше, батарея зарядынан айнымалы ток көзіне косылған кезде,
компьютер қайтадан жоғары өнімділік режиміне қосылуы мүмкін.
ЕСКЕРІМ:
Компьютердің жұмысын оңтайландыру үшін, жүйе режимдерді ауыстыруға рұқсат
етпейді немесе ауысуды ұсынуы мүмкін. Ауысу алдында бағдарламалардың барлығын өшіру
қажет болуы мүмкін.
Ауыспалы ток пен батарея қуатын ауыстырып қосқан кезде, компьютердің графикалық
режимдерді ауыстыратыны туралы ескерту беріледі. Бірдей графикалық режимді пайдалануға
немесе режимді ауыстыруға болады. Режимді ауыстыру параметрі таңдалса, экран бірнеше
секундқа өшеді. Ауысқаннан кейін хабарландыру аумағында хабарлама беріліп, экрандағы
сурет қайта пайда болады.
8
Бап 1 Қош келдіңіз
AMD Eyefinity Multi-Display технологиясы
Бұл компьютер келесі мүмкіндіктері бар жаңа AMD
TM
Eyefinity технологиясын қолдайды:
●
Егер дисплейлердің біреуі компьютердегі Mini DisplayPort ағытпасына жалғанса, 3-ке дейін
сыртқы дисплейді қосуға болады.
ЕСКЕРІМ:
DisplayPort портына адаптерді жалғауға болмайды.
●
Экрандағы кескінді 3 сыртқы дисплейде бір үлкен бейнеге (SLS) жинап көрсетуге болады.
ЕСКЕРІМ:
Бұл əрекетті орындау кезінде компьютер дисплейі өшірулі.
Қандай келесі қадам
9
SLS үшін дисплейлер конфигурациясының мысалы
Осы мысалда, 3 сыртқы дисплей компьютерге екі Mini DisplayPort порты жəне HDMI порты
арқылы қосылған.
ЕСКЕРІМ:
Бір үлкен бейне көрсету үшін, сыртқы дисплейлердің ажыратымдылық
параметрлері бірдей болуы тиіс. Осы талапқа сай болу үшін, параметрлерді қажетінше
өзгертіңіз.
ЕСКЕРІМ:
Windows 7 жүйесі 2 сыртқы дисплейді ғана қолдайды. Windows 7 жүйесінде 3
сыртқы дисплей параметрлерін реттеу үшін
AMD Catalyst Control Center мүмкіндігін
пайдалану 10-бетте
бөлімін қараңыз.
Экрандық суретті ауыстырып көрсету
Төрт конфигурацияның біреуін таңдауға мүмкіндік беретін тілқатысу терезесін ашу үшін,
экран
кескінін ауыстыру пернесі
əрекет пернесін (
f4
) басыңыз.
●
Компьютер ғана — сыртқы дисплейді өшіріп, кескінді компьютер дисплейінде ғана
көрсетеді.
●
Қайталама — компьютер дисплейіндегі кескіннің клонын компьютерге жалғанған сыртқы
дисплейде көрсетеді.
●
Кеңейту — экрандық кескінді компьютер дисплейі мен жалғанған барлық сыртқы
дисплейлерде көрсетеді.
●
Проектор ғана — компьютер дисплейін өшіріп, барлық қосулы дисплейлерінде кеңейтілген
жұмыс үстелін көрсетеді.
ЕСКЕРІМ:
Бейне шығыс жəне əдепкі шығыс құрылғыларды басқару үшін AMD Catalyst™
Control Center мүмкіндігін пайдаланыңыз.
AMD Catalyst Control Center мүмкіндігін пайдалану
Дисплейлерді баптау жəне AMD Eyefinity құралын басқару үшін AMD Catalyst Control Center
мүмкіндігін пайдалану қажет.
▲
AMD Catalyst Control Center ашу үшін, жұмыс үстелінде тінтуірдің оң жақ түймешігімен
нұқып, Свойства графики (Графика сипаттары) пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ:
AMD Catalyst Control Center мүмкіндігін пайдалану туралы қосымша ақпарат алу
үшін, бағдарламалық құралдың анықтамасын қараңыз.
10
Бап 1 Қош келдіңіз