Республикасында



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет47/48
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#16243
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

 
111 
 
ҚР  экономикасын  жаңғырту  мәселелері  жөніндегі  Мемлекеттік  Комиссия 
отырысының  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субъектілерін  қаржыландыру 
жөніндегі №17-5/И-144  шешімін жүзеге  асыру  мақсатында  және  Қорға  шағын 
және  орта  бизнесті  тікелей  қаржыландыру  үшін  кредит  берілуін  мақұлдау 
жөніндегі  «Самұрық-Қазына»  ұлттық  әл-ауқат  қоры»  АҚ  (одан  әрі-Акционер) 
Директорлар  кеңесі  отырысының  №9  шешіміне  сәйкес  «Даму»  кәсіпкерлікті 
дамыту  қоры»  АҚ-на  шағын  және  орта  бизнес  субъектілеріне  осы  Бағдарлама 
негізінде 3 млрд. теңге мөлшерінде қаражат бөлген еді. Қор шағын және орта 
кәсіпкерлік  субъектілеріне  және  ауылшаруашылық  өнімдерін  өңдеу,  тамақ 
өнімдерін  өндіру  ұйымдарына  2009-2012  жылдары  тікелей  кредит  беретін 
«Даму  –  Қолдау»  Бағдарламасын  дайындады.  Екінші  деңгейдегі  банктер 
кәсіпкерлер қарызға алатын барлық сомаға және барлық мерзіміне сөзсіз және 
қайтарып  алынбайтын  кепілдік  берулері  керек.  Қаржыландыру  мерзімі:  2016 
жылғы  қаңтарға,  78  айға  дейін  инвестициялық  мақсатқа  және  36  айға  дейін 
айналым капиталын толықтыруға беріледі. Бір қарыз алушыға берілетін лимит: 
750 000 000 теңгеге дейін. Негізгі қарызды қайтару бойынша және есептелген 
сыйақыны  кейінге  қалдыру  бойынша  жеңілдік  мерзімі:  12  ай.  Қарыз  алушы 
үшін сыйақы мөлшері 12,5%. 
Ірі  кәсіпорындардың  көпшілігі  шағын  бизнесті  өзінің  сенімді  серіктесі 
ретінде санамайды. Сондықтан, ірі ұлттық және жеке компаниялар мен шағын 
және  орта  кәсіпорындар  арасындағы  қарым  -  қатынасты  реттейтін  үш  сатылы 
бағытты ұсынып отырмыз: 
Бірінші саты, қазақстандық ірі өнеркәсіптік кәсіпорыны жылына 500 милн. 
доллар  болатын  20  000  түрлі  тауарлар  мен  қызметтерді  ресей,  қытай,  және 
батыс  елдерінің  мердігерлерінен  сатып  алады.  Осы  себептен  жүйені  құраушы 
компанияларға  қажетті  импорт  алмастырушы  өнімді  өндіруде  Ұлттық  
компаниялар  мен  аймақтардағы  жеке  меншіктегі  ірі  компаниялардың  шағын 
кәсіпорындармен әрекеттесуіне, объективті алғышарттары бар деп айта аламыз.  
Екінші  саты,  тендрді  жеңіп  алған  кәсіпорын  аумағында  бизнес 
инкубаторды ұйымдастыру.  
Ірі  кәсіпорындар  қуатты  негізгі  қорға  ие,  яғни  оларда  қазіргі  талапқа  сай 
құралдар, көлемді, пайдаланылмай жатқан өндірістік алаңдары бар. Сондықтан 
екінші  сатыда  аймақтардағы  өндірістік  әлеуеті  бар  шағын  қалалар  мен 
аудандарда  ірі  кәсіпорындардың  басқаруында  болатын  бизнес  -  инкубатор 
ұйымдастыруды  жүзеге  асыру  керек.  Төмендегі  суретте  тендрдің  өткізілу 
тәртібі берілді. (Сурет 14) 
Үшінші саты, аутсорсинг жүйесін жүзеге асыру болып табылады. 
Аутсорсинг 
концепциясы 
шағын 
және 
ірі 
кәсіпорындардың 
әрекеттестігінің  бір  түрі  ретінде  қарастырылады,  яғни  ірі  кәсіпкерлік 
құрылымда негізгі емес қызмет түрлері анықталып, қолдаушы ұйымдарды ұзақ 
мерзімді тапсырмалармен қамтамасыз етеді. Негізгі тірек берілген қызметтерді 
шағын кәсіпкерлерге беру болып табылады. Аутсорсинг Қазақстан үшін шағын 
және  ірі  кәсіпкерліктің  өзара  табысты  ынтымақтастығы  бойынша  жаңа 


 
112 
 
бағыттардың  бірі.  Ғылым  мен  өндірісті  ұштастырудың  ұйымдық  түлеріне 
технобақтар және технополюстер жатады.  
Қарағанды облысында ғылыми-техникалық идеялар мен интеллектуалдық 
еңбектің  нәтижелерін  іске  асыру  үшін  химиялық  машина  құрылысы  мен 
металлургиялық  өндірістер  мен  байланысты  болатын  ғылыми-технологиялық 
бақ құру тиімді. Себебі, химия өнеркәсібі машина құрылысы және металлургия 
Қарағанды  облысы  үшін  негізгі  салалар  болып  табылады,  сондай-ақ  мұнда 
жеткілікті  мамандар  әлеуеті  қалыптасқан.  Осы  жағдайды  ескеретін  болсақ, 
Қарағанды  облысында  технобақты  жетекші  ғылыми  зерттеу  институтының 
тәжірибе зауыттары (Машина жасау өнеркісібі үшін – «Жезқазғантүстіметалл» 
АҚ) негізінде құру қажет.  
 
 
 
Ескерту- Автормен құрастырылған 
 
Сурет 14. Жүйені құраушы компаниялардың тендрді өткізуі 
 
Жүйені құраушы ұлттық компаниялар 
“Казақмыс 
Корпорацияс
ы” АҚ 
“Қазмырыш”
АҚ 
“Қазатомпро
м” ҰАҚ 
“Қазақстан Темір 
Жолы” ҰК”ЖАҚ 
“Қазмұнайгаз” 
ҰК  
Геологиялық 
зерттеу, тау 
жұмыстары, 
руданы байыту, 
концентратты 
металлургиялы
қ өндеу 
Руда 
өндіруден 
бастап, 
дайын 
өнім 
өндірісі 
Табиғи уран-
ды байыту, 
атом электр 
станциялары
на ядерлық 
отын дайын-
дау, берилий, 
тантал, 
ниобия 
құймаларын 
дайындау 
Көмірсутекті 
шикізат пен 
оны өндеу, 
тасымалдау, 
іздестіру, өн-
діру жұмысы 
мен қызмет-
інің толық 
циклін жүзеге 
асырады. 
Жолаушылар 
мен жүк  тасы-
малдауды, жол-
ды жөндеу, ло-
комативтерге  
техникалық 
қызмет көрсе-
ту, телефон, 
телеграфтық 
байланыс, пен 
12 компания-
ны иеленеді.   
Аймақтық кәсіпкерлікті 
қолдау департаменті 
Өнеркәсіпті шағын 
кәсіпкерлікті қолдау 
бағдарламалары 
Қарағанды обл.  ірі өнеркәсіптік кәсіпорын 


Тендр 



 
113 
 
Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық мәселелері 
болып  бәсекеге  қабілетті  өнімдер  алуға  бағытталған  отандық  ғылыми 
сиымдылығы  мол  өндірістерді  дамыту,  жаңа  ақпараттық  технологияларды 
дайындау  мен  игеру,  сондай-ақ  республиканың  өндірістік  және  ғылыми-
техникалық  мүмкіндіктерін  сақтап  қалу  мен  дамыту  арқылы  ұлттық 
экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету табылады. 
Қазақстанның  ғылыми-технологиялық  саясаты  инновациялық  үдерістерді 
белсенді  етуге,  жаңа  технологиялық  үрдістерді  іске  қосуға,  өңдеуші 
өнеркәсіптерде  жаңа  бөліністерді  игеруге,  ұлттық  ғылыми-техникалық 
мүмкіншіліктерді  дамытуға,  ғылым  мен  өндіріс  арасындағы  ажырастықты 
қалпына  келтіруге,  инновация  саласындағы  қызметтерді  ынталандыруға, 
алдыңғы қатарлы шет елдік технологиялардың нақты трансфертін қамтамасыз 
етіп, халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған. 
Ғылыми-техникалық  салада  кәсіпкерлік  секторды  қалыптастырмай, 
инновация  саласын  дамыту  мүмкін  емес.  Соңғы  жылдар  ішінде  өнеркәсіптік 
өндіріс құрамындағы және еңбекпен қамтамасыз етілгендер санындағы шағын 
бизнес  секторының  үлесі  өзгеріссіз  қалып,  сәйкесінше  2,8-3,2%  және  12,0-
14,0%  құрап  отыр.  Бұл  көрсеткіштер  индустриалды  дамыған  елдермен 
салыстырғанда бірнеше есе аз. 
Ірі 
кәсіпорындармен 
салыстырғанда 
шағын 
инновациялық 
кәсіпкерліктердің  дамуына  олардың  бәсекеге  қабілетті  өнім  өндіре  алмауы 
кедергі  жасап  отыр.  Ірі  кәсіпорындар  мен  шағын  кәсіпкерліктердің 
ынтымақтастықтарын  қамтамасыз  ету  үшін  қызмет  көрсету  бойынша  табиғи 
монополиялардың  қызметтерін шағын бизнестің  бәсекелік  ортасына  ауыстыру 
тетіктерін  жасау  қажет.  Сондай-ақ,  шағын  бизнестегі  инновациялық  және 
ғылыми сиымдылығы мол өндірістердің дамуына жағдай жасау қажет, мәселен, 
лизинг  бойынша  жабдықтар  мен  технологиялар  алу  және  франчайзингтік 
қатынастарды дамыту.  
Қазақстандық  өндірушілерге  ғылыми  зерттемелерді  нарықтық  тауар 
деңгейіне жеткізу тәжірибесі, менеджмент маркетинг және талдау салаларында 
білікті  мамандар  жетіспейді.  Сол  себепті  де  қазақстандық  мамандарды  шет 
елдердегі 
алдыңғы 
қатарлы 
ғылыми-зерттеу 
институттарында, 
компанияларында  тәжірибеден  өткізу  үрдісін  қалыптастыру  қажет,  сондай-ақ 
отандық  кадрларды  дайындау  үшін  шет  елдік  білікті  мамандарды  шақыру 
қажет. 
Қазақстан  ғылымының  қазіргі  кезде  көптеген  аяқталған  зерттемелері  бар, 
алайда олар өндірістің сұранысына ие болмай отыр. Бұл үлкен мүмкіншіліктер 
береді  және  оның  іске  асуы  -  инновациялық  қызметті  дамытудың  басты 
міндеттерінің  бірі.  Инновациялық  қызметті  дамытудың  маңызды  факторы 
болып зияткерлік меншікті пайдалану мен оның құқықтарын қорғау табылады. 
Инновациялық  дамудың  базалық  моделінің  негізінде  инновацияның  ішкі 
(өсіру)  және  сыртқы  (трансферт)  қайнар  көздерінің  арақатынастары  жатады. 
Инновацияны  өсіру  стратегиясы  көшбасшы-елдер  АҚШ-қа,  ГФР-ге, 
Ұлыбританияға,  Жапонияға  тән,  бұл  елдер  өзіндік  іргелі  және  қолданбалы 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау