11
субъектісі-өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып
алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар–ақша, нарықтық байланыстар
сату сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс
саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы
керек. Себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын
сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысындарда болатынын
көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.
Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның
категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т.б ) өмірге әкелді. Көп уақыт бойы
біздің еліміздегі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі нарықтың
дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне көшу
нарықтық айырбасқа жол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық
қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі батыстық модельдерді қайталау емес.
Бұрынғы социалистік нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық
механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988
жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-
жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтық тепе-теңдігі
қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты
өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да
нарықтық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесін
жақсарту бағытында қызмет істей бастайды.
Соңғы уақытта теориялық дискуссияларда нарық пен жоспар бір-біріне
орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлы
ұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін, экономикалық тиімділігін
арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті
үйлесімді дамытудың басты тұтқасы. Экономиканы нарықтық реттеу
ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің құрамды бөлігі, онымен
тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн.
Ағылшын экономисті А.Смит экономика туралы бір ғана еңбек
жазғанымен, оның дербес ғылымға айналуының негізін қалаған ғылым деп
саналады. Оның еңбегі «Халық байлығы» 1776 ж. жарық көрген. А.Смиттің
досы Давид Юм алғашында бұл ұғымға
ауыр болғандықтан, оны оқып түсінетін
оқырмандар саны көп болмас деген пікірде жүрді. Алайда Юм қателескен екен,
аталған кітапты адамдар 200 жылдан астам уақыт бойы талмай оқып үйренуде.
А. Смиттің ойынша, ұлтың басты байлығы, өзге экономистердің
түсінігінше, - алтын және күміс қорын жинауда емес, яғни байлық дегеніміз –
еңбек түрін атқаратын және ашық нарықта сауды жасайтын қарапайым
адамдардың әрекеттерінің нәтижесі.
Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде
іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда.
А.Смиттің нарық туралы ілімі Австрияның экономисі, Нобель силығының
лауреаты Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған. Оның ілімі
бойынша, нарық деген ұғым – ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік
тәртіптің бір формасы. Хейктің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде