СМЖ құжаты
СЖ 15/1-07-2016
Тәрбие жұмыстарының есебі
Баспа 4
Енгізу күні 05.01.2016
18
6.
Құқықтық тәрбие
22.11.2017ж. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің
бастамасымен «Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» жас мамандар мемлекеттік
қызметке қызығушылығын арттыру университеттің «Заң» факультетінің, «Құқықтану»
мамандығының 2-курс студенттерінің және «Экономика және бизнес» факультетінің
«Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» мамандықтарының 2-3-4 курс
студенттеріне арналған «Ашық есік күнін» өткізді. Іс-шараның басты мақсаты
мемлекеттік қызметті насихаттау, болашақ мамандығына деген құрмет пен
сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жастарды мемлекеттік басқаруға тарту, белсенділіктерін
арттыру, болашақ маман ретінде кәсіби дағдыларды жетілдіру, сондай ақ мемлекеттік
биліктің ашықтығын қамтамасыз ету. Университеттің мамандық студенттері топ-топқа
бөлініп, бірінші тобы ҚР Мемлкеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментіне барып, басқарма
жұмысымен таныстырылған болса, екінші және үшінші топ Тараз қалалық маслихаты
және Жамбыл облысы әкімі аппаратының жұмыс барысымен танысты. Ал төртінші
студенттер тобы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің
экономикалық тергеу қызметінің, құқық қорғау қызметінің жұмысымен таныстырылды.
Осылайша студент жастарға арнайы әрбір қызмет құрылымына экскурсия
ұйымдастырылды.
Бұдан кейін Департамент басшысы М.Ы.Нәлібаев университетіміздің ректоры, п.ғ.д.,
профессор Сарыбековтің және профессор-оқытушылардың, студент жастардың
қатысуымен «мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет» атты тәжірибелік конференциясы
өткізіліп, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мүмкіндіктері (халықаралық
тәжірибелерді ескере отырып), жас мамандарды тарта отырып, мемлекеттік аппараттың
кәсібилендіру мүмкіндіктері талқыланды.
24.11.2017
ж. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен Назарбаев университетінің бірлесе
ұйымдастыруымен академиялық адалдық қағидаларын және сыбайлас жемқорлыққа
мүлдем төзбеушілікті алға бастыру мақсатында «Академиялық адалдық тұрғысынан
қоғамдық сананы жаңғырту» тақырыбында жоғары оқу орындарының телекөпірі өткізілді.
Аталған телекөпір барысында «НАРХОЗ» университеті басшылығымен 9 желтоқсан
–
Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай еліміздің барлық жоғары оқу
орындарында, колледждерде және орта мектептерде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу
бірыңғай сағатын» өткізу бастамасы жарияланып, еліміздің ЖОО-ның қолдауын тапты.
29.1
1.2017ж. (Астана уақытымен сағат 11.00-де) Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі мен
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бірлесіп, М.Х.Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университетінің барлық академиялық топтарындағы студенттердің
қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты» атты республикалық
акция өткізілді. Іс-шараға облыстық "Ақ жол", "Знамя труда", "Арай", "Жамбыл-Тараз"
газеттері мен облыстық "Жамбыл", "77TV" телеарналары мен ғаламторлар желісінде
(ақпараттық агенттіктер және әлеуметтік желілердегі тікелей эфир қосылуымен) жаппай
жарияланды.
Сонымен қатар республика және облыс көлемінде қоғамда жемқорлық
көріністеріне жол берген белгілі азаматтар туралы түсірілген бейне-роликтерінің
көрсетілімі ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда университеттің оқу кешендерінде орналасқан электронды
киоскілерінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың бірыңғай сағаты» акциясының
СМЖ құжаты
СЖ 15/1-07-2016
Тәрбие жұмыстарының есебі
Баспа 4
Енгізу күні 05.01.2016
19
өткені туралы бейне-роликтерінің көрсетілімі ұйымдастырылып, «Болашаққа
жемқорлықсыз» онлайн-порталында атқарылған іс-шаралар материалдары қойылды.
Барлық академиялық топтарда бірыңғай кураторлық сағаттардың өткізілуі алдағы уақытта
да жалғасын табатын болады.
Университеттің ресми
www.tarsu.kz
сайтында тиісті материалдар қойылды. М.Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ұжымы мен студенттері алдағы
уақытта да «Академиялық адалдық» принциптерін жоғары деңгейде ұстайтындықтарын
білдірді.
11.12.2017ж. Жамбыл облысы прокуротурасының бастамасымен «Қауіпсіз Тараз»
жобасын жүзеге асыру мақсатында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Олжабай Кенжебек
Мамашбайұлы, Тараз қаласының прокуроры Сеилханов Бекзат Сағатұлы, Тараз қалалық
ІІБ-нің ЖПҚ-і бастығының орынбасары Алтаев Мұрат Абдуллаұлы, ТарМУ-ның бірінші
проректоры, т.ғ.д., профессор Абдуалы Асқар Бегәділұлы жүргізуімен университеттің
студент жастары арасында профилактикалық жұмыстар жүргізуд бойынша кездесуі
өткізілді.
Сондай-ақ университетте заң факультетінің «Мемлекеттік және құқық теориясы
мен тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен Жалпы құқықтық білім берудің жұмыс
жоспары бойынша құқықтық білімді күшейту мақсатындағы жалпы оқытудың 2017-2018
оқу жылында келесідей іс-шаралар өткізілді.
27.10.2017ж. Экономика және бизнес факультетінде;
24.11.2017 ж. Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінде;
8.12.2017 ж. № 1 Студенттер жатақханасында;
29.12.2017 ж. Мұнай, газ және механика факультетінде жалпыға бірдей құқықтық
оқытудың жоспарына сәйкес студенттердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу
мақсатында дәрістер оқылды.
Жоспарға сәйкес төмендегі сұрақтар қарастырылды:
1) М.Х. Дулати атындағы ТарМУ ішкі еңбек тәртібі, студенттердің негізгі
құқықтары мен міндеттері;
2) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және
құқықбұзушылықтың алдын-алу мен қоғамдық қауіпсіздік туралы заңнамалары;
3) Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы, ҚР Білім туралы,
Жастар саясаты заңдарының негізгі ерекшеліктері;
2017-
2018 оқу жылының І жарты жылдығындағы емтихан барысының өткізілуін
қадағалау, сессияның жоғары ұйымдастырылып, әділ, таза өткізілуін қамтамасыз ету және
студент жастардың арасында жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру
мақсатында «Таза сессия» акциясы ұйымдастырылды.
Аталған акцияда белсенді студенттер қатарынан тәуелсіз «Студент бақылаушылар»
тобы құрылған, аталған топ сессия кезінде емтиханның өту сапасын тексеру мақсатында
жұмыстар жасайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің
сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасы тарапынан «Азаматтардың сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға қатысуы» туралы плакаттары университетіміздің
барлық оқу корпустарына, студенттік жатақханаларына ілініп, барлық факультеттерге,
құрылымдық бөлімдерге таратылды.
Сондай ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті
көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға бағытталған бейне-роликтерді
әзірледі.