Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf просмотр
бет20/32
Дата22.05.2018
өлшемі1 Mb.
#15907
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32

51 

 

əлеуметтік үдеріс. Тілдік қатынас теориясы тілді  оқыту  барысында  сөйлесім  əрекетінің  



түрлерін:  тыңдалым,  оқылым,  айтылым,  жазылым,  тілдесім  процестерін  кешенді  жүзеге 

асыруға ғылыми негіз болады.  



Қатысымдық-танымдық  теория  тілді  қоршаған  ерекшелігінен  туындайтын 

сөйлесім  əрекетінің  түрлерін:  тыңдалым,  оқылым,  айтылым,  жазылым,  тілдесім 

əрекеттерін кешенді жүзеге асыруға негіз болады.  əлеммен, адам факторымен тұтастықта 

игеруге, тіл болмысын халықтық таным тұрғысынан зерделеуге, сөйлесім əрекетінде іске 

асырылатын  тілдік  бірліктердің  табиғатын  ашуға,  оның  ішкі  иірімдерін  жан-жақты 

пайдалануға мүмкіндік береді. Қазақ тілінің бірліктерін  тілдік əрі қатысымдық тұрғыдан 

меңгерте  отырып,  оның  мəденитанымдық,  қатысымдық,  əлеуметтік,  кумулятивтік 

қызметтеріне сай жұмсалу жолдарын  игертуді көздейді.  



Сөз мəдениеті теориясы бойынша үздіксіз білім беру жүйесіндегі қазақ тілі пəнін 

оқыту  үдерісінде  мемлекеттік  тілді  күнделікті  өмір  жағдаяттарында  қолдану  мəдениетін 

дамыту,  тіл  үйренушілердің  қазақ  тілін  нормативтік,  коммуникативтік,  этикалық 

сапаларына  сай  жұмсау  дағдыларын  жетілдіру,  қатысымдық  құзіреттіліктерді 

қалыптастыру  жүзеге  асырылады.    Қазақ  тіліне  тəн  сөйлеу  əдебі  нормаларын  меңгерту 

арқылы  оның  даралығын,  ұлттық  сипатын,  қазақ  халқының  тілдік  болмысын,  ділін, 

мəдени өресін танытуға жол ашылады.  

Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  теориясы  тіл  үйренушілердің 

қазақ тілін өз мүддесіне сай, қатысым мақсатына орай қолдануға төселдіруде маңызды рөл 

атқарады.  Тілді  деңгейлік  тұрғыдан  динамикалық  жүйе  ретінде  меңгерткенде,  оның 

шынайы  функционалдық  қасиеті  ашыла  түседі.  Сөйлесім  дағдыларын  қалыптастыруда 

өмірлік жағдаяттағы проблеманы тиімді жолмен шешуге  сəйкес келетін түрлі деңгейдегі 

тілдік бірліктерді дұрыс талғап қолдану тіл үйренушінің функционалдық сауаттылығына 

тəуелді. Сондықтан функционалдық сауаттылық нəтижеге бағдарланған оқыту жүйесінде 

əрі құзіреттілік, əрі түпкілікті нəтиже болып саналады. Бұл теория тілдік грамматикамен 

қатар  тілдік  қатынас  теориясына  қатысты  білім-біліктерді  өзара  сабақтастықта  игертуді 

көздейді.  

Тілді  оқытудың  парадигмалар    –    деңгейлік  оқыту  жүйесіне  қатысты  тілді 

коммуникативтік-когнитивтік тұрғыдан меңгертуге бағытталған тілдік білім мазмұны мен 

оны  іске  асыру  формаларының  жиынтығы.  Қазақ  тілін  деңгейлік  оқытуда  жүзеге 

асырылатын парадигмалар тілді меңгерудің коммуникативтік мақсатына бағыттала келіп, 

мынадай болып жіктеледі: 

Антропоөзектік  парадигма  білім  алушыларға    жеке  тұлға  ретінде  қарап,  оның 

тілдік  білім  арқылы  адамзаттық  өркениет  пен  ұлттық  руханиятты  бірлікте  меңгеру  

мəселесіне басымдылық беруге бағытталады. 

Интеграциялық  білім  беру  парадигмасы  пəн  мазмұнында  тілдің  тарихпен, 

мəдениетпен,  қоғаммен,  əдебиетпен,  жаратылыстану  пəндерімен  сабақтастығын 

қамтамасыз ету  арқылы білім алушылардың  дүниетанымын кеңейтіп, адами қасиеттерін 

қалыптастыруға бағытталады. 



Танымдық    білім  беру  парадигмасы  мемлекеттік  тілді  деңгейлік  оқытуда    білім 

алушылардың  тіл,  қазақ  халқының  салт-дəстүрлері,  дүниетанымы  жəне  т.б.  этномəдени 

ұғымдары  туралы  көзқарастарын  қалыптастыру  арқылы  олардың  танымдық  əлеуетін  

коммуникативтік құзіреттіліктермен өзара сабақтастықта жетілдіруге бағытталады. 



Аксиологиялық  парадигма    жалпыадамзаттық,  ұлттық  жəне  мемлекеттік 

құндылықтардың  негізінде    табиғатпен,  əлеуметпен,  мəдениетпен  қарым-қатынасындағы 

жеке тұлғалық мəндерді тəрбиелеуге, сонымен қатар білім алушыға өз білімінің, өмірінің 

мəнін сезіндіруге бағытталады. 



Білім  беруді  ізгілендіру  парадигмасы    –    білім  мазмұнын  жалпыадамзаттық  жəне 

ұлттық  рухани  игіліктерге  қарай  бағыттау,  қазақ  халқының  тарихын,  мəдениетін,  тілін, 

дəстүрін,  көркемөнерін,  қолөнерін  жəне    т.б.  материалдық  жəне  рухани  құндылықтарын 



52 

 

тіл  арқылы  танытудың  негізі.    Білім  алушылардың  тілге  деген  сүйіспеншілігін  



қалыптастыруға қолайлы жағдай тудырады.   

Үздіксіз білім беру жүйесіндегі қазақ тілін деңгейлік оқытудың қағидалары        оқу 

үрдісінің  мазмұнын,  ұйымдастыру  түрлері  мен  əдістерін,  оның  жалпы  мақсаттары  мен 

заңдылықтарын анықтайтын негізгі ережелердің жиынтығынан тұрады.  



Білімнің үздіксіздігі қағидасы – білім алушылардың болашақ өміріне қажетті тілдік 

жəне  қатысымдық  дағдыларды,  құзіреттіліктерді  алдын-ала  болжап,  білім  алушылардың  

шығармашылық  əлеуетінің  үдемелі  артуына  жəне  күш-қуаты  мен  қабілетін  толық 

пайдаланып, тұлғалық-мəдени өсуіне, тілдік тұлға қалыптастыруға бағыт беретін негіз. 



Мəдениет, ойлау, тіл бірлігін жүзеге асыру қағидасы – білім алушыларды бүгінгі 

ғаламдану  үдерісінде  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  сақтау  мен  ізгі  дəстүрлерін 

жалғастыруға  шынайы  мүдделілігін  тудыратын,  мəдени-танымдық    құзіреттіліктерін 

дамытатын тірек қағида.  



Білімнің  мотивациялық  сипатын  арттыру  қағидасы  тілдік  білім  мазмұны  білім 

алушылардың  танымдық  жəне  əлеуметтік  мотивтерін  туғызуға,  қызығушылықтары  мен 

тілді  қолдануға  ішкі  мүдделіліктерін  дамытуға  тірек  болады.  Тілді  қатысымдық, 

танымдық, экспрессивтік қызметтеріне сай қолдануға ұмтылысын арттырады. 



Өмірлік  дағдыларды  жетілдіру  қағидасы  əртүрлі  мəселелерді  пікір  алысу  мен 

пайымдауға жүгіну арқылы шешуге, субъектілер арасында түсіністік орнатуға, əлеуметтік 

келісімге қол жеткізуге үйрететін дискурсты меңгертуге негіз болады.  

Құзіреттілік  қалыптастыра  оқыту  қағидасы  мемлекеттік  тілді  оқыту  үдерісінде 

білім  алушыларды  мемлекеттік  тілде  еркін  қарым-қатынас  жасауға  төселдіре  отырып, 

сөйлесім əрекетіне тəн оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім компоненттерін 

кешенді  меңгерту  нəтижесінде  олардың  ақпараттық,  қатысымдық  жəне  өздігінен  шешім 

жасау,  мəдени-танымдық  құзіреттіліктерін  дамытудың  жолдарын  анықтауға  мүмкіндік 

жасайды. 



 Табиғилық қағидасы   оқыту табиғи жəне əлеуметтік-мəдени, əлеуметтік-қоғамдық 

үдерістердің  өзара  байланысына  жəне  білім  алушылардың  коммуникативтік  қабілеттерін 

дамытуда олардың жеке тұлғалық  жəне жас ерекшеліктерін ескеруге негізделеді. 

Білім  алушыны  тұлға    деп  тану  қағидасы  –  заманауи  білім  беру  талаптарымен 

үндесетін, ізгілікке негізделген оқыту жүйесі.  Əр білім алушыға құрметпен қарап, оның 

таңдау  құқықтарына  еркіндік  беру  арқылы  өздігінен  шешім  жасауға,  өзін-өзі  дамытуына 

жол ашады. 



Тілдің  əлеуметтік  мəнін  арттыру  қағидасы  тілді  оқытудың  инновациялық 

технологияларын  қолдануды  əлеуметтік  ортаның  талаптарымен  сəйкестендіруге, 

қоғамдық  сұраныммен  ұштастыруға  ықпал  етеді.  Тұлғаның  əлеуметтенуіне  қажетті 

ұтымды шарттарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 



Білім  беруді  демократияландыру  қағидасы  білімді  меңгерту  үдерісінде  білім 

алушылардың  ой  еркіндігі  мен  сөз  бостандығына  негізделе  келіп,    олардың 

ынтымақтастығына  құрылатын  оқыту  жүйесін  іске  асырады.  Бұл  қағида  оларды 

адамгершілік рухында тəрбиелеп, қарым-қатынас мəдениетін дамытуды көздейді. 

Қазақ  тілін  деңгейлік  меңгеруге  арналған  бағдарламалар  қазақ    тілін  деңгейлік 

жіктелім бойынша  нақты нəтижелерге жеткізуге тиісті пəннің мазмұнын, игерілетін білім, 

білік  жəне  дағдылар  көлемін,  сондай-ақ  оқыту  жылдары  бойынша  бөлінген  

тақырыптарды анықтайтын базалық-нормативтік құжат болып саналады.  

 

Қазақ тілін деңгейлік оқытуға негіз болатын  

базалық-нормативтік құжаттар  

Қазақ  тілін  деңгейлік  оқытуда  «Балабақша    –  мектеп  –  колледж  –  жоғары  оқу 

орны» жүйесіндегі мемлекеттік тілді деңгейлік  үздіксіз оқыту стандарты мен қазақ тілінің 

деңгейлік оқу бағдарламалары басшылыққа алынады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау