15
Пайда болған жағдай ДСБАЖ іске асыру жолдары мен тәсілдерін
анықтаған, бірнеше факторлардың нәтижесі болып табылады, онда ақпараттық
жүйелерді соңғы тұтынушылар шешім қабылдау процесіне тартылған жоқ.
Бірінші кезекте бұл медициналық персоналға қауіпсіз, сапалы, уақтылы және
қолжетімді медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін ақпаратқа және
функционалдыққа залал келтіре отырып басқару және қаржылық шешімдер
қабылдау үшін талдау ақпаратын жинауға күш салу. Сондай-ақ МСЖ
пайдаланатын медициналық ұйымдар үшін қағаз түріндегі медициналық
құжаттаманы жүргізбеу бойынша нормативтік базаның болмауы, медициналық
персоналдың пациентпен өткізу уақытын кемітіп, қағаз және электрондық
форматтағы жұмыстың екі есе көбеюіне әкелді.
Іске асырудың қолданыстағы тетіктерінің кемшіліктерін атап өтуге болады:
•
е-денсаулық сақтау АКТ қызметінің нарығында ойыншылардың
жеткіліксіз саны (жүйелерді дамыту монополизациясы);
•
жүйені енгізу және қолдау күші мен жауапкершілікті тиімсіз бөлу
(орталықтандыру).
Қолданыстағы жүйелердің басымдылығы мен кемшіліктері толық 3-
қосымшада көрсетілген.
Жалпы ескі тәсіл халықтың нақты мұқтаждылығына жауап бермейтінін
атап өтуге болады, ол пациентке бағдарланбаған, сондай-ақ пайдалы және
ұтымды емес. Осы Тұжырымдамада қарастырылған жаңа тәсілді әзірлеу қажет.
1.3. Е-денсаулық сақтау саласының стратегиялық дамуының негізгі
құжаттары
1.3.1. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты
Қазақстан
Республикасының Президенті
–
Ұлт
Көшбасшысы
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған (Астана қаласы, 2012 жылғы
14 желтоқсан) «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» (бұдан әрі – «Қазақстан-2050» стратегиясы) Жолдауында, ұлт
денсаулығы – табысты болашағымыздың негізі деп ерекше аталды: «Денсаулық
сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақмерзімді жаңғырту аясында біз елдің барлық
аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын
енгізуге,
сондай-ақ медицина
мекемелерінің материалдық-техникалық
жабдықталуын
бірыңғайландыруға
тиіспіз».
Мемлекет
басшысымен
денсаулық сақтау үшін негізгі басымдықтар көрсетілді:
1. Сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетумен
қамтамасыз ету.
16
2. Аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және
емдеумен қамтамасыз ету.
3. Профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құралға
айналуы тиіс. Халықпен ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізуге
баса ден қою.
4. «Смарт-медицина»,
қашықтан
профилактика
және
емдеу,
«электрондық
медицина»
қызметтерін
енгізу.
Медицина
қызметтерінің бұл жаңа түрлері біздікі сияқты аумағы үлкен, кең
байтақ елде ерекше сұранысқа ие.
5. Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер
енгізу мәселесімен жұмыс жүргізуіміз қажет. Барлық 16 жасқа
дейінгі балаларды медициналық қызметтің барлық спектрімен
қамту қажет.
6. Медициналық
білім
беру
жүйесін
түбірімен
жақсарту.
Медициналық жоғары оқу орындары жүйесі мамандандырылған
орта деңгейдегі білім беру мекемелері желісі арқылы нығайтылуы
тиіс.
Күнделікті
тәжірибе
оқу
процесімен
барынша
ықпалдастырылуы тиіс.
7. Медициналық жоғары оқу орындары жұмысының тәжірибелік
ғылыми-зерттеушілік бөлігіне басты маңыз беру. Адамзаттың жаңа
білімдері мен технологиялық жетістіктерін шоғырландыратын
жоғары оқу орындары болуы тиіс. Бұл бағытта да мемлекеттік-
жекеменшік әріптестігін дамыту керек.
8. Жеке медицинаның дамуына жағдай жасау. Барлық дамыған әлемде
медициналық қызметтердің айтарлықтай бөлігін жеке сектор
көрсетеді. Біз жеке ауруханалар мен емханаларға тезірек көшуге
жағдай туғызуға тиіспіз.
9. Заңнамалық деңгейде медициналық жоғары оқу орындары мен
мекемелердің халықаралық аккредитациясын өткізуді бекіту.
10. Ауылдағы медициналық қызметтердің сапасы жөнінде көп сын
айтылады (бүкіл халықтың 43%-ын ауыл тұрғындары құрайды).
11. Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында
болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті
болып саналады.
1.3.2. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға
арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Бүгінгі таңда елімізде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, онда дамудың 6 басым бағыты
ерекше атап өтілді:
17
1)
қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша сектораралық
және ведомствоаралық қарым-қатынастың тиімділігін арттыру;
2) профилактикалық іс-шараларды, скринингілік зерттеулерді күшейту,
негізгі әлеуметтік маңызды ауруларды және жарақаттарды диагностикалауды,
емдеуді және оңалтуды жетілдіру;
3) санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру;
4) Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмекті
ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру;
5) медициналық, фармацевтикалық білімді жетілдіру және медицинадағы
инновациялық технологияларды дамыту және оларды енгізу;
6) халыққа дәрілік заттардың қол жетімділігін және сапасын арттыру,
денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтануларын
жақсарту.
Аталған бағыттар Е-денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын
әзірлеу үшін негіз болып табылады. Осы мәселе 1.4-бөлімінде толық
қарастырылған.
1.3.3. «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы
2013 жылы «Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы
қабылданды, онда «электрондық денсаулық сақтау» (е-денсаулық сақтау)
термині енгізілді және денсаулық сақтауды ақпараттандыруды әрі қарай
дамыту жолдары айқындалды. Осы бағдарламаға сәйкес денсаулық сақтау
жүйесіне АКТ енгізу халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жаңа
деңгейге көтеруге мүмкіндік береді деп күтілуде. Электрондық денсаулық
сақтау
технологиялары
қашықтықтан
халық мониторингін
жүргізуге,
пациенттер арасында ақпаратты жақсырақ таратуға, әсіресе, алшақ орналасқан
аудандарда мүгедектерге және егде жастағы адамдарға медициналық-
санитариялық көмек көрсетуге қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы 2020 жылға дейін электрондық денсаулық сақтау
саласында мынадай негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу міндеттерін қойды:
1)
бірыңғай денсаулық сақтау желісіне қосылған денсаулық сақтау
ұйымдарының үлесі 2017 жылы - 60 %, 2020 жылы - 100 %;
2)
«электрондық
медициналық карталармен»
қамтамасыз
етілген
халықтың үлесі 2017 жылы - 60 %, 2020 жылы - 100 %;
3)
бірыңғай
интеграциялық
платформамен
денсаулық
сақтау
ұйымдарының ақпараттық жүйелерін интеграциялау 2017 жылы - 40 %, 2020
жылы - 100 %;
4)
медицина қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығының деңгейі -
2017 жылы – 70 %, 2020 жылы – 100 %;
5)
медицина
қызметкерлеріне
арналған
компьютерлер
саны
–
қажеттіліктен 2017 жылы – 60 %, 2020 жылы – 100 %.
Достарыңызбен бөлісу: |