4
Кіріспе
Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау саласын
дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) қолданыстағы үлгіні
пациенттің мұқтаждылығына қайта бағдарлау үшін жаңарту, медициналық
көмектің сапасын және қолжетімділігін арттыру мақсатында әзірленген.
Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау саласының
көрінісі мынадай нұсқамен тұжырымдалған:
2020 жылға Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау
саласын іске асыру пациенттің мұқтаждылығына бағытталған денсаулық
сақтаудың қауіпсіз, әділ, сапалы және тұрақты жүйесін қамтамасыз ететін
қазіргі заманғы, өзекті, нақты және толық ақпаратты автоматтандырылған
түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Электрондық денсаулық сақтаудың
басты элементі адамның денсаулығы туралы басты деректерді сақтау және оны
ауыстыру үшін логикалық құрылымды қамтамасыз ететін және медициналық
қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ барлық деңгейде
менеджментті жетілдіруге бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің міндеттерін
іске асыру құралы болып табылатын электрондық денсаулық паспорты болады.
Көрініс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
барлық құрылымдары мен медициналық ұйымдарында қағазсыз технологияда
негізделген электрондық денсаулық сақтау жүйесіне қорғалған және жоғары
жылдамдықтағы рұқсаттың болуымен қамтамасыз етілетін болады. Орталық
деңгейде денсаулық сақтаудың ұлттық репозиторийі ұйымдастырылатын
болады, оның ішінде: (і) медициналық ұйымдардың әртүрлі ақпараттық
жүйелерінен алынған біріктіруші ақпарат, орталық компонент ретінде
электрондық денсаулық паспорттары, және (іі) жоғары сапалы статистикалық,
талдау және қаржылық деректердің қоймасы.
Электрондық денсаулық сақтаудың көрінісін іске асыру үшін денсаулық
сақтау процестерін қолдауға қатысатын ақпараттық жүйелердің арасындағы
толық интероперабельдікті қамтамасыз ететін, болжамды архитектураның
қызметін іске асыру мүмкіндігін айқындайтын стандарттар әзірленіп, енгізіледі.
Қолдау жүйелерін интеграциялау даму процесіне мүдделі тұлғалардың кең
шеңберін, бірінші кезекте түпкілікті тұтынушыларды тартумен бөлінген
бірыңғай ақпараттық кеңістікті құруға мүмкіндік беретін, жаңа архитектураның
маңызды қабілеті болып табылады, бұл электрондық денсаулық сақтауды
дамытудың сапасын және қарқынын қамтамасыз етудің қажетті шарты болып
табылады.
Электрондық денсаулық сақтау саласын дамыту тұжырымдамасын іске
асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
(бұдан әрі – ҚР ДСМ) саясатты әзірлеуге, электрондық денсаулық сақтау
секторын реттеуге және стандарттауға назар аударады, сондай-ақ ұлттық
деңгейдегі ақпараттық жүйелердің, сонымен қоса денсаулық сақтаудың
5
мынадай жүйелерін басқару және қаржыландыру қызметін іске асыру үшін
қажетті жүйелердің орталықтандырылып әзірленуі және енгізілуі үшін жауап
беретін болады:
Денсаулық сақтау ресурстары;
Анықтамалар мен жіктемелер;
Емдеуге жатқызу бюросы;
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
Бірыңғай төлем жүйесі;
Медициналық қызметтің сапасы;
Ақпараттық-танымдық сайт;
Санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды мониторингілеу;
Ахуалдық орталық;
Пациенттің жеке кабинеті;
Менеджердің жеке кабинеті.
Бұнымен қоса, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін медициналық
ұйымдарға емханаларға, стационарларға және жедел медициналық көмекке
арналған медициналық ақпараттық жүйелердің үлгілік базалық функционалын
әзірлеп, пайдалануға беретін болады.
Барлық ақпараттық жүйелердің және қызметтердің жұмысына қажетті
есептеу қуаттылығы бұлтты есептеу режімінде жұмыс істейтін және жабдықтар
мен коммуникациялардың шалысында бір-бірін автоматтандырылған түрле
ауыстыра алатын деректерді өңдеудің екі орталығын құру арқылы қамтамасыз
етілетін болады. Мемлекеттік меншік нысанындағы медициналық ұйымдар
ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу мүмкіндігі үшін қажетті ақпараттық-
техникалық жабдықтармен жарақталатын болады. Сондай-ақ медициналық
ұйымдарға кең функционалы бар және өзіндік талаптарға және нақты ұйымның
бизнес процестеріне сай келетін медициналық ақпараттық жүйелерді өз еркімен
таңдау және сатып алу құқығы мен мүмкіндігі беріледі.
6
Қысқартулар тізімі
ADSL
Asymmetric Digital Subscriber Line – Ассиметриялық сандық
абоненттік желі
ATC
Anatomical Therapeutical Chemical Classification – Анатомиялық
терапиялық химияның жіктемесі
ATC-
DDD
Anatomical Therapeutical Chemical Classification / Defined Daily
Doses- Анатомиялық терапиялық химияның жіктемесі / күндізгі
мөлшерді белгілеу
CDA
Clinical Document Architecture – Клиникалық құжаттың
архитектурасы
COBIT
Control Objectives for Information and related Technology –
Ақпараттық технологиялардағы басқару мақсаттары
DICOM
Digital Imaging and Communication in Medicine – Медицинадағы
сандық суреттер мен коммуникация
EHR
Electronic Health Record – Электрондық денсаулық паспорты
ESB
Enterprise service bus – кәсіпорын сервисінің шинасы
FTTH
Fiber to the home – Үйге дейінгі оптоталшық
GP
General Practitioner - жалпы практика дәрігері
HL7
Health Level 7 – 7 Денсаулық сақтаудың деңгейі
IaaS
Infrastructure as a Service – Инфрақұрылым сервис ретінде
ICPC
International Classification of Primary Care – бастапқы медицинаның
халықаралық жіктемесі
ISO
International Standardization Organization – Стандарттаудың
халықаралық ұйымы
ITABOK
IT Architecture Body of Knowledge – АТ Архитектураларының
білім жинағы
OLAP
Online Analytic Processing – Талдамалық шұғыл өңдеу
OLTP
Online Transaction Processing – Транзакциялық шұғыл өңдеу
Достарыңызбен бөлісу: |