7
PaaS
Platform as a Service – Платформа сервис ретінде
PACS
Pictures Archiving and Communication System – Мұрағаттау және
суреттерді беру жүйесі
PMI
Patient Master Index – Пациенттердің бас индексі
SaaS
Software as a Service – бағдарламалық жасақтама сервис ретінде
SAIF
Services-Aware Interoperability Framework – сервистерге
бағытталған нтероперабелділік әдістемесі
SOA
Service Oriented Architecture – болжамды архитектура сервисі
STPHI
Swiss Tropical and Public Health Institute – Швейцария Тропикалық
және қоғамдық денсаулық сақтау институты
SWOT
Strength, Weaknesses, Opportunities, Threats – Күшті жақтары, әлсіз
жақтары, мүмкіндіктер мен қатерлер
TOGAF
The Open Group Architecture Framework – Ашық топ
архитектураларының әдістемесі
VDI
Virtual Desktop Infrastructure – Виртуалды жұмыс үстелінің
инфрақұрылымы
VPN
Virtual Private Network – Виртуалды жеке желі
XML
Extensible Markup Language – Таңбаның кеңейтілген тілі
ДБ
Деректер базасы
ДДҰ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ЖОО
Жоғары оқу орыны
ЖТМДБ
Жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы
ТМККК
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі
СДД
Стратегиялық даму департаменті
ДБАЖ
Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі
БҰДЖ
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі
ДБР
Деректердің бірыңғай репозиторийі
8
АҚ
Ақпараттық қауіпсіздік
АКТ
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар
ММБ
Медициналық мақсаттағы бұйымдар
ЖСН
Жеке сәйкестендіру нөмірі
АЖ
Ақпараттық жүйе
АТ
Ақпараттық технологиялар
КШТ
Клиникалық-шығын топтары
ЗАЖ
Зертханалық ақпараттық жүйе
ДЗ
Дәрілік заттар
ҚР ДСМ
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
АХЖ
Аурулардың халықаралық жіктемесі
МҰ
Медициналық ұйым
МҚ
Медицина қызметкері
МСЖ
Медициналық статистикалық жүйе
ПАКС
Бейнелерді мұрағаттау жүйесі (PACS ағылшын тілінен)
МСАК
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек
БЖ
Бағдарламалық жасақтама
ШЖҚ
Шаруашылық жүргізу құқығы
РАЖ
Радиологиялық ақпараттық жүйе
ҚР
Қазақстан Республикасы
ТХТ
Тіркелген халықтың тіркелімі
ДДРО
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы
ӘМА
Әлеуметтік маңызды аурулар
ҚКЖ
Құрылымдалған кабельдік жүйе
9
СЭАМЖ
Санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды мониторингілеу
жүйесі
БАС
Болжамды архитектура сервисі
ДББЖ
Деректер базасын басқару жүйесі
РБЖ
Ресурстарды басқару жүйесі
УДЗ
Ультрадыбыстық зерттеу
ДСАО
Денсаулық сақтауды ақпараттандыру орталығы
ДӨО
Деректерді өңдеу орталығы
ДКЖБ
Деректерді кең жолақты беру
ҚРЭД
Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтауы
ЭМЖ
Электрондық медициналық жазба
ЭДП
Электрондық денсаулық паспорты
ЭЦҚ
Электрондық цифрлық қол
10
1. Қазақстан Республикасының е-денсаулық сақтау саласын дамыту
көрінісі
Осы тараудың бірінші бөлігінде е-денсаулық сақтау бағдарламасының
өзектілігінің мәселесі қарастырылады. Еліміздегі ағымдағы ахуал, яғни
денсаулық сақтау және оны ақпараттандыру саласы сипатталған. Сондай-ақ
осы
салада
таңдаулы
дүниежүзілік
тәжірибелерді
есепке
алумен
тұжырымдаманы әзірлеу процесінде есепке алынған негізгі құжаттар
қарастырылуда.
Осы тараудың екінші бөлігінде е-денсаулық сақтаудың көрінісі және
миссиясы, е-денсаулық сақтаудың міндеттері және е-денсаулық сақтаудың
күтілетін нәтижелері (Outcomes) қарастырылған. Сондай-ақ е-денсаулық сақтау
нәтижесі өз жетістіктері арқылы денсаулық сақтауға ықпал ететіні
қарастырылған.
1.1. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының ағымдағы
ахуалы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық денсаулық сақтау жүйесін
дамыту және жаңарту бойынша саясатты тиімді іске асыруда.
Еліміздің денсаулық сақтау саласында реформалар жүргізілген жылдарда
түбегейлі өзгерістер болды. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамыту
мәселелері бойынша заңнама жетілдіріліп, мемлекеттік және салалық
бағдарламалар бекітілді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі
жетілдірілуде, ұлт денсаулығын сақтау саласында конфигурация және негізгі
саясат айқындалды. 2014 жылдан бастап МСАК қаржыландырудың жан басына
шаққандағы нормативін айтарлықтай ұлғайту қарастырылған, бұл ұсынылатын
қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Күшті және әлсіз жақтардың толық талдауы (SWOT талдауы)
1-қосымшада келтірілген. Денсаулық сақтау жүйесінің ағымдағы ахуалын
есепке алумен, ҚР ДСМ алдына е-денсаулық сақтау бағдарламасын 2020 жылға
дейін іске асыру міндетін қойды.
11
1.2.
Қазақстан
Республикасының денсаулық сақтау
саласын
ақпараттандырудың ағымдағы ахуалы
1.2.1. Денсаулық сақтаудағы қолданыстағы ақпараттық жүйелер және
қосымшалар
1990-шы жылдардан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі денсаулық сақтаудың статистикалық және талдау ақпараттарын
жинақтауға бағытталған бірнеше ақпараттық жүйелерді әзірлеуді және енгізуді
қамтамасыз етті. Осы бағдарламалық кешендер бекітілген есепке алу-есептілік
құжаттарға сәйкес деректердің жиналуын қамтамасыз етті және ол Қазақстан
Республикасының көптеген өңірлерінде пайдалануда. Осы ақпараттық
жүйелерді іске асыру барлық деңгейдегі денсаулық сақтау менеджерлерінің
тікелей бенефициарлары ретінде қарастырылған, өйткені олардың негізгі
мақсаты жергілікті деңгейде статистикалық, талдау және қаржылық ақпаратты
жинау және оларды өңірлік және ұлттық деңгейде ұсыну болды. Медицина
қызметкерлері және ҚР халқы жанама бенефициарлар болды, өйткені аталған
ақпараттық жүйелерді енгізу әсері әсіресе ұлттық деңгейде тиімді және
негізделген саяси және басқару шешімдері түрінде бейнеленді. Осы жүйелердің
тізбесі 2-қосымшада көрсетілген.
2005 жылы ҚР ДСМ ДСБАЖ әзірлеп, енгізе бастады. ДСБАЖ ақпараттық
және технологиялық платформасының басты мақсаты қоғамның экономикалық,
әлеуметтік, техникалық, технологиялық даму деңгейіне сәйкес келетін және
халыққа медициналық көмекті анағұрлым сапалы ұсынуда денсаулық сақтау
ресурстарын оңтайлы пайдалануын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы
денсаулық сақтауының ақпаратты құрылымын құру болып табылады. ДСБАЖ
тікелей пайда алушылары барлық деңгейдегі денсаулық сақтау менеджерлері,
сондай-ақ есепке алу және есептілік құжаттамаларды қолмен жүргізу
қажеттілігінен босатылған және пациенттердің денсаулығы туралы нақты
мәліметтер алуға рұқсаты бар медициналық қызметкерлер болып табылады.
ДСБАЖ
құрамында
денсаулық сақтаудың әртүрлі
процестерін
автоматтандыруға бағытталған 6 компонент және ішкі өзара іс-қимылды
қамтамасыз ететін 1 компонент бар:
1.
Медициналық-статистикалық жүйе (МСЖ);
2.
Ресурстарды басқару жүйесі (РБЖ);
3.
Медициналық қызметтің сапасын басқару жүйесі (МҚСБЖ);
4.
Қаржыны басқару жүйесі (ҚБЖ);
5.
Дәрілік қамтамасыз етуді басқару жүйесі (ДҚБЖ);
6.
Санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды мониторингілеу жүйесі
(СЭАМЖ);
Достарыңызбен бөлісу: |