Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет89/100
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15791
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   100

276
бұзушылықтың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың жеке про-
филактикасы  шараларын  қолдану  туралы  шешiмге  Қазақстан 
Республикасының  заңнамасында  белгiленген  тəртiппен  шағым 
жасауы мүмкiн. 
5.  Тұрмыстық  зорлық-зомбылық  жасаған  кəмелетке 
толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилакти-
касы шаралары Қазақстан Республикасының тұрмыстық зорлық-
зомбылық  профилактикасы  туралы  заңнамасында  белгiленген 
ерекшелiктер ескерiле отырып қолданылады. 
      6. Кəмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық-
тың, қадағалаусыз жəне панасыз қалудың жеке профилактикасы 
шараларын  есепке  алу  орталық  атқарушы  органдар  белгiлеген 
тəртiппен олардың құзыретi шегiнде жүзеге асырылады. 
  Ескерту.  Заң 19-1-баппен  толықтырылды - ҚР 2010.04.29 
№ 272-IV Заңымен,  өзгерту  енгiзiлдi - ҚР 2010.11.23 N 354-IV 
(алғашқы  ресми  жарияланғанынан  кейiн  күнтiзбелiк  он  күн 
өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
19-2-бап.  Кəмелетке  толмағандар  арасында  құқық 
бұзушылықтың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалудың  жеке 
профилактикасы шараларын қолдануға негiздер
1.  Кəмелетке  толмағандар  арасында  құқық  бұзушылықтың, 
қадағалаусыз жəне панасыз қалудың жеке профилактикасы ша-
раларын қолдануға мына мəн-жайлардың бiрi: 
1)  жеке  жəне  заңды  тұлғалардың  хабарламалары  немесе 
өтiнiштерi,  сондай-ақ  бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы  ха-
барламалар; 
2)  құқық  бұзушылық  жасау  не  жасауға  əрекет  ету  фактiсiн 
iшкi iстер органы қызметкерiнiң тiкелей анықтауы; 
3) мемлекеттiк органдардан жəне жергiлiктi өзiн өзi басқару 
органдарынан түскен материалдар негiз болып табылады. 
2. Құқық бұзушылық жасау туралы немесе оны жасау қатерi 
туралы  өтiнiштер  мен  хабарламаларды  мемлекеттiк  орган-
дар  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгiленген 
тəртiппен қарайды. 
 Ескерту. Заң 19-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.29 № 
272-IV Заңымен.


277
19-3-бап. Профилактикалық əңгiмелесу
1. Профилактикалық əңгiмелесудiң негiзгi мiндеттерi құқыққа 
қарсы  мiнез-құлықтың  себептерi  мен  жағдайларын  анықтау, 
құқық  бұзушылықтың  əлеуметтiк  жəне  құқықтық  салдарла-
рын  түсiндiру  жəне  заңға  мойынсынушылық  мiнез-құлықтың 
қажеттiгiне сендiру болып табылады. 
2.  Профилактикалық  əңгiмелесудi  құқық  бұзушылықтың 
жеке  профилактикасы  шараларын  қолдану  құзыретiне  жата-
тын  кəмелетке  толмағандар  арасында  құқық  бұзушылықтың, 
қадағалаусыз жəне панасыз қалудың профилактикасы жүйесiнiң 
мемелекеттiк  органы  мен  мекемесiнiң  өкiлi  құқық  бұзушылық 
жасаған  немесе  оған  қатысты  құқық  бұзушылықтың  жеке  про-
филактикасы шараларын қолдануға негiз бар адаммен өткiзедi. 
3.  Профилактикалық  əңгiмелесу  кəмелетке  толмағандар 
арасында  құқық  бұзушылықтың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз 
қалудың  профилактикасы  жүйесi  мемлекеттiк  органдарының 
қызметтiк үй-жайларында, сондай-ақ тұратын жерi, оқуы, жұмыс 
орны бойынша не тiкелей құқық бұзушылық анықталған жерде 
өткiзiледi жəне оның ұзақтығы бiр сағаттан аспауға тиiс. 
4.  Профилактикалық  əңгiмелесу  өткiзiлетiн  кəмелетке 
толмаған адамға құқыққа қарсы iс-əрекеттердi тоқтату қажеттiлiгi 
туралы ескертiледi. 
5. Кəмелетке толмаған адаммен профилактикалық əңгiмелесу 
оның  ата-анасының,  педагогтарының  немесе  басқа  да  заңды 
өкiлдерiнiң қатысуымен өткiзiледi. 
 Ескерту. Заң 19-3-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.29 № 
272-IV Заңымен.
19-4-бап. Құқық бұзушылық жасауға итермелейтiн себеп-
тер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс
1.  Құқық  бұзушылық  жасауға  итермелейтiн  себептер  мен 
жағдайлар анықталған жағдайда кəмелетке толмағандар арасын-
да  құқық  бұзушылықтың,  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалудың 
профилактикасы  жүйесiнiң  мемлекеттiк  органдары  тиiстi 
ұйымның  басшысына  немесе  лауазымды  адамына  оларды  жою 
туралы ұсыныс жiбередi. 
2.  Тиiстi  ұйымның  басшысы  немесе  лауазымды  адамы 
ұсынысты алған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде кəмелетке 
толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз жəне 


278
панасыз қалудың профилактикасы жүйесiнiң мемлекеттiк орган-
дарына  ұсынысты  қарау  нəтижелерi  мен  қолданылған  шаралар 
туралы жазбаша түрде ақпарат беруге мiндеттi. 
 Ескерту. Заң 19-4-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.29 № 
272-IV Заңымен.
19-5-бап. Профилактикалық есепке алу жəне бақылау
1. Профилактикалық есепке алу Қазақстан Республикасының 
заңдарында  көзделген  бiрқатар  шектеулер  белгiленген  жəне 
бiрқатар  мiндеттер  жүктелген  кəмелетке  толмағандарға 
профилактикалық  бақылауды  жүзеге  асыру  мақсатында 
ақпаратты жинау жəне тiркеу үшiн жүргiзiледi. 
2. Профилактикалық есепке алуға, оларға қатысты: 
1) қорғау нұсқамасы шығарылған; 
2)  олардың  бос  уақытын  өткiзуiне  шектеу  қою  жəне  мiнез-
құлқына ерекше талаптар белгiлеу туралы шешiм қабылданған; 
3)  жазаны  өтеуден  шартты  түрде  мерзiмiнен  бұрын 
босатылғаны туралы шешiм қабылданған; 
4)  қоғамнан  оқшаулаумен  байланысты  емес,  сондай-ақ 
шартты  түрде  немесе  жазасын  өтеу  кейiнге  қалдырылған  жаза 
белгiленген кəмелетке толмағандар қойылады. 
3.  Профилактикалық  есепке  алуды  iшкi iстер  органдары  не-
месе қылмыстық-атқару инспекциясы жүргiзедi. 
4.  Профилактикалық  бақылау  профилактикалық  есепте 
тұратын  кəмелетке  толмағандардың  белгiленген  шектеулердi 
сақтауын  жəне  жүктелген  мiндеттердi  орындауын  жүйелi 
түрде  байқау  болып  табылады.  Бұл  адамдардың  құқықтары 
мен  мiндеттерi,  сондай-ақ  оларға  профилактикалық  бақылауды 
жүзеге  асыру  тəртiбi  Қазақстан  Республикасының  заңдарымен 
айқындалады. 
5. Мүдделi адамдар профилактикалық есепке қоюға Қазақстан 
Республикасының  заңнамасында  белгiленген  тəртiппен  шағым 
жасауы мүмкiн. 
6. Iшкi iстер органдары немесе қылмыстық-атқару инспекция-
сы  кəмелетке  толмаған  адамға  қорғау  нұсқамасы  шығарылған 
күнi  не  соттың  шешiмi  заңды  күшiне  енген  күннен  бастап 
күнтiзбелiк он күн iшiнде профилактикалық есепке қойылғаны 
туралы жазбаша нысанда хабарлайды. 
7.  Профилактикалық  бақылау  профилактикалық  есепке  алу 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   100




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау